улы заттардың ағзаға одан әрі түсуін тоқтату және оларды белсенді түрде жою, уды шұғыл түрде бейтараптандыру немесе нақты дәрі-дәрмектердің көмегімен оның әрекетін бейтараптандыру
жеке құрамды санитарлық тазарту, ластанған тамақ пен суды тексеру, зардап шеккендерге қатысты медициналық және эвакуациялық іс-шаралар
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.
УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.