Уланған малдың 100-200 г асқазанының жынын алып, оны спиртпен экстракция жасайды. Экстрактыны оның бетінде сарғыш талшық пайда болғанша су ваннасына қояды. Одан кейін оған петролей эфирін қосып,шайқап араластырады



Дата06.01.2022
өлшемі51,55 Kb.
#11951
Байланысты:
Документ


Уланған малдың 100-200 г асқазанының жынын алып, оны спиртпен экстракция жасайды. Экстрактыны оның бетінде сарғыш талшық пайда болғанша су ваннасына қояды. Одан кейін оған петролей эфирін қосып,шайқап араластырады. Ең ақырында цикутотоксинді этил эфирі арқылы бөліп алады. Бөлінген сұйықтан 15-20 мл алып, эфирмен ылғанданған сүзгі арқылы өткізеді. Оның 0,2-0.3 мл мөлшерін фарфор ыдысқа құйып сусыздандырады. Ондағы цикутотоксинді бірнеше түрлі реакциялар арқылы анықтауға болады. Соның біреуін келтіре кеткенді жөн көрдік.

Ол үшін тұңбаға 5% резорциннің спирттегі ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызып оны ерітеді де, оған 2 тамшы концентрациясы күшті күкірт қышқылын тамызады. Егер онда цикутотоксин болса, онда қоспа бастапқыда қызыл-сия түстес болды да, артынан көк-сия немесе қызыл түске боялады.

Биологиялық әдіс бойынша 0,5 мл асқазан жынының эфир экстрактісін бақаға терісінің астына жібергенде егер онда цикутотоксин болса, онда бақаға клонико-тоникалық тартылу, салдану байқалады.

Спорыньяны анықтау. Ұнды өнімдерді зерттегенде, ондай азықта алколоидтар барма-жоқпа оған қарамай, міндетті түрде ондағы спорыньяның бар -жоғын анықтау керек. Ол үшін 100 мл-лік қолбаға 10 г зерттелетін ұнды салады да, оған 70% спиртті 5% тұз қышқылымен қосып құяды. Ол ерітіндіні су ваннасында жарты сағаттай қыздырады. Онда ұн тұнбаға түседі. Егер спорынья болатын болса, онда ерітіндіні жас еттің түсі тәрізді қызыл түске боялады. Бұл әдіс арқылы ұнда спорынья 0,03-0,04% және одан жоғары болғанда анықталады. Бірақта ұнның құрамында басқа заттар болғанда оның қызыл түске боялуы мүмкін

Өте сезімтал әдіс ретінде төмендегідей әдісті қолдану керек. 20 мг зерттелетін ұнды азықты фарфор ыдысқа салып, оған 60-70 мл 80% ыстық спирттің ерітіндксін құяды да, су ваннасында араластыра отырып 10 минут ұстайды. Одан кейін марлі арқылы сүзеді, 80% спиртпен екі қайтара жуады да, сығып, қалдықты құрғатұыш шкафқа қояды. Кепкен қалдықты ұсақтайды да оны 1,5 мл 25 % күкірт қышқылымен араластырады. Жарты сағаттай тұрғаннан кейін оған 30 мл күкіртті эфирді құйып, жақсы жабылатын қолбада келесі күнге дейін қалдырады. Тұнған ерітіндіні қағаз сүзгі арқылы сүзеді де, жақсы жабылатын өлшегіш цилиндрде оның көлемін 40 мл-ге жеткізеді. Оған суықта жақсы қаныққан екі көмірқышқыл натрий ерітіндісін қосып, жақсылап араластырады. Осында әрекетті құрамында спорынья белгілі азықпен де қатарынан жүргізеді. Соңында екі ерітіндінің боялған түрін салыстыру арқылы қалдықта спорынья бар жоғына тексеріп қорытынды жасайды.

90* спиртпен 10-15 тамшы 20% күкірт қышқылын қолдана отырып кебектің, ұнның құрамындағы спорыньяның сан мөлшерін де анықтауға болады.

Гликозидтерді және олардың метаболиттерін анықтау. Алколоидтарды бөліп алған сияқты гликозидтерді де тексерілетін субстаттардан спирт ерітінділері арқылы бөліп алады. Бөлініп алынған ерітіндідегі гликозидті төмендегі реакциялар арқылы анықтауға болады.

Өгіздің өтімен қойылатын реакция. Пробиркада 1 мл суға аздаған бұқаның өтін ерітеді. Оған сондай мөлшерде күкірт концентратты қышқылын қосады. Осы қосындының бетіне тексерілетін ерітіндіні ақырындап қабаттастырады. Егерде тексерілетін ерітіндіде гликозид болатын болса, онда олардың түйіскен жеріндеиқан қызыл сақина пайда болады, ал оларды шайқап араластырғанда ерітінді қызыл түске боялады.

Фелинг ерітіндісімен қойылатын реакция. Тексерілетін ерітіндіні күкірт немесе тұз қышқылының ерітіндісінде ерітіп қайнатады да, сүзеді. Мұндай жағдай құрамында гликозиді бар тексерілетін ерітіндіден глюкоза немесе қанттын басқа бір түрі түзіледі. Сүзіндіге фелинг ерітіндісін қосады. Фелинг ерітіндісін дайындау үшін мыс купоросының 4% ерітіндісін,20 г сегнет тұзы мен 15 г сілтілік натрийдің қоспасының 100 мл судағы ерітіндісімен бірдей көлемде араластырады. Тексерілетін ерітіндіні қышқылмен қосып қайнатқанда түзілетін глюкоза немесе қанттың басқа түрінің фелинг ерітіндісін қалыптастыратын қасиеті бар. Фелинг ерітіндісі құрамындағы қоспаларға байланысты көк түсті болып келеді. Ал ол қалыптасқанда көк түс жойылады да, мыс қышқылы гидратының сары түсі тұнбасы пайда болады . Оны қыздырғанда ол қызыл түске айналады. Осылай жүретін реакция тексерілетін субстраттың құрамында гликозидтің бар екенін дәлелдейді.

Сапонинді анықтау. Сапониндерді өсімдіктерден бөліп алу үшін спирттің ыстық ерітіндісін қолданады. Оған әсіресе метил спиртті өте қолайлы. Осындай спирт арқылы жасалған қоспаны суытқанда сапониндер ақ ұнтақ ретінде тұнбаға түседі. Концентрациясы күшті күкірт қышқылы оны қызыл түске бояйды.

Тексерілетін субстатта сапониннің бар жоғын білу үшін гемолитикалық тексеру әдісін де қолдануға болады.Ол үшін физиологиялық ерітінді мен эритроциттердің 5% тұнбасы қолданылады. Бұл әдісін негізінде сапониндердің эритроциттерді ерітетін қасиеті алынған.

Синиль қышқылын анықтау. Ол үшін бензидин пикрат қағаздарын қағаздарын қолданады. Тексерілетін затты жақсылап ұнтақтап, 10-15 г мөлшерінде қолбаға салып оны бір пайызды тұз қышқылының ерітіндісі мен ылғалдайды. Оған тексерілетін затқа тимейтіндей етіп, синиль қышқылына индикатор ретінде, бензидин мен пикрат қағаздарын орналастырады. Қолбаны тығыздап жауып 30-35*С термостатқа қояды. Егер тексерілетін субстатта синиль қышқылы болса, онда бензидин қағазы көгереді, ал пикрат қағазы қызыл жасыл түске боялады. Жоқ болған жағдайда қағаздар 48 сағат бойы түстерін өзгертпейді. Міне осылай синиль қышқылының бар жоғын анықтайды. Ал оның мөлшерін анықтау үшін аргентометриялық және меркуртеметриялық әдістер қолданады.

Салонинді анықтау. Ол үшін картоптын қалыңдығы 1мм бірнеше кесінділер жасайды. Кесінділерді алу әдісі:


  1. Төбесінен негізіне дейін картопты тең екі бөлікке бөлетін жерінен;

  2. Көлденең- негізгі және бас жақ бөліктерінен;

  3. Жанынан;

  4. Картоптың көздерінің төңірегінен

Ол кесінділерді фарфор ыдысына немесе сағат шынысына орналастырады да, оған тамшылатып алдымен 80-90% сірке қышқылын, артынан концентрациялы күкірт қышқылын қосады. Соңында бірнеше тамшы 5%ды сутегінің қос тотығын тамызды. Егерде кесінділерде салонин болатын болса, онда тамшы тиген жер қара қошқыл немесе қызыл түске боялады.

Салониннің нақтылы мөлшерін анықтайтын да әдістер бар. Ол әдістер әлдеқайда күрделірек болып келеді. Сондай қажет болған жағдайда арнайы анықтамалардан тауып алуға болады. Жалпы уланған малдың диагнозын білу үшін салониннің сапасын анықтау жеткілікті болады.

Нитриттер мен нитраттарды анықтау. Ол үшін бірнеше реакциялар бар. Олардың сапасын анықтау әдістері:


  1. Пробиркаға немесе фарфор ыдысына 10-15 тамшы концентратты күкірт қышқылын алады да, оған дифениламиннің кішкентай кристаллын салып, ерітеді. Содан кейін оған тексерілетін заттың сықпасының 1-2 тамшысын тамызды. Егер онда нитрит немесе нитрат болатын болса, ол көк немесе қара көк түске боялады.

  2. Азықты жақсылап талқандайды, стаканға салып сондай мөлшерде дистильденген су құяды. Оны 15-20 минутқа қойып қояды. Содан кейін одан 2 мл сығындыны алып стаканға құяды да, оған 3 мл Грисса реактивін қосады. Егер сығындыда нитрит болатын болса, ол қызыл немесе қызғылт түске боялады.

  3. Колбаға 10-15 г тексерілетін материалды салады да, оған 3-5 тамшы күкірт қышқылын қосады. Одан кейін қолбаны күкірт қышқылындағы 1% дифениламин ерітіндісінің ілінген тамшысы бар сағат әйнегімен жабады. Егер де тексерілетін материалда нитрит болатын болса, онда ілінген тамшы көк түске боялады. Ал нитраттар реакцияға кедергі жасамайды.

  4. Қызылшадағы нитриттерді анықтау үшін жаңа кесілген қызылшаның кесіндісіне дифениламиннің бірнеше кристаллын салады да,оны концентратты күкірт қышқылының бірнеше тамшысымен ылғалдайды. Интенсивті көк түс нитриттің көп екенін, қызғылт түс әжептәуір екенін, ал боялмағанда аз екенін немесе жоқ екенін көрсетеді.

Нитриттер мен нитраттардың сан мөлшерін де анықтайтын әдістер бар. Ол тәжірибе барысында алынған нәтижені стандарт көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықтауға негізделген. Ондай әдістерді арнайы анықтамаларын оңай тауып алуға болады. Біз үшін уланудың диагнозын білуге нитриттер мен нитраттардың бар жоғын білуге жеткілікті болады.

Мақта күнжарасындағы госсиполды анықтау. Мақта күнжарасындағы госсиполдың мөлшерін Королевтің және микрохимиялық әдістер арқылы анықтау болады.

Королевтің (анилин) әдісі бойынша ұсақталған күнжараның 50 г мөлшерінен су ваннасында күкіртті эфирмен экстракт жасайды (45-50* температурада, уақытылы 18-20 сағат). Алынған экстрактыны сүзеді де, оның фильтратына 0,5 мл таза анилинді қосады. Егер фильтратта госсипол болса, онда ол анилинмен реакцияласады. Осыдан кейін ерітіндіні қалған эфирден тазалайды, суытыды, әбден суығаннан кейін оған 2 мл пиридинді қосады. Ыдысты жақсылап тығындап бір тәулікке қалдырады. Осы уақытта дианилин госсипол криссталды тұнбаға түседі. Тұнбаны сүзіп алып 1 сағатқа 50-55*С кептіргіш шкафқа қояды. Одан кейін эксикаторда суытып , өлшейді. Осылай тұнбадағы дианилин госсиполдың салмағын анықтайды. Дианилин госсиполдың молекулярлық салмағы 668, Ал бос госсиполдың молекулярлық салмағы 531. Олай болса алынған салмақты 0,795-ке ( 531:668=0,7949) көбейту арқылы госсиполдың мөлшерін анықтаймыз. Ол мөлшер алынған құрғақ заттың салмағына процент ретінде беріледі.

Микрохимиялық әдіс жылдамдатылған әдіс деп аталады. Ол әдіс арқылы мақта күнжарасындағы бос госсиполдың сан мөлшерін анықтауға болады. Ол үшін мақта күнжарасының әр жерінен аздаған материал алады да , оны жақсылап ұнтақтайды. Одан шығуға 20 немесе 40 г алады да, 8-10 шыныға тең етіп бөледі.Оларды күкірт қышқылының 2-4 тамшысымен ылғалдайды да, жалынды шынымен жабады. Осындай әдіспен дайындалған препаратты көп кешіктірмей микроскоптың кіші үлкейткішімен қарайды. Әрбір препараттағы дөңгелек, сопақша келген, төңірегі айқын-қызыл түске боялған қара дақтарды санайды. Тексеруге алынған мөлшерден дайындалған барлық препараттағы нүктелерді санап, 1 мг күнжараға процент есебінде шығарады . Сол процент госсиполдың мөлшері есебінде болады.

Майкене күнжарасындағы рицинді анықтау. Рицинді анықтау үшін эритроциттердің агглютинация әдісін қолданылады. Майкене күнжарасының сығындысымен эритроциттердің жабысуы агглютинация реакциясы жүретін сұйықтықтың белгілі бір деңгейінде барма, жоқпа, соған негізделген әдіс.

Ол үшін жақсы ұсақталған майкене күнжарасының 5-10 г мөлшерінде сығындысын алып, оған 25-50 ал физиологиялық ерітіндіні құяды. Бұл қосылыста микроорганизмдер өсіп кетпес үшін 0,5 г толуолды қосқан жөн. Қосылысты шыны таяқшамен мұқият араластырып 24 сағатқа қояды. Осыдан кейін қағаз сүзгі арқылы сүзіп негізгі сығындыны алады. Одан, агглютинация реакциясын қойғаннан кейін, физиологиялық ерітіндімен әртүрлі қатынастағы ерітінділер жасайды.

Агглютинация реакциясын қою үшін белгілі ереже бойынша дайындалған кез келген малдың эритроциттердің топтамасы керек.

Майкене күнжарасының негізгі сығындысынан жалпы ережеге сүйене отырып физиологиялық ерітіндімен 1:100,1:300,1:500,1:1000,1:2000,1:10000,1:15000 қатынасындағы ерітінділерді дайындайды.

Реакция қою үшін дайын күнжара сығындысынан 2 мл-ден бақылау пробиркаларынан басқа барлық пробиркаларға құяды. Бақылау үшін 2 пробиркаға 2 мл-ден физиологиялық ерітіндіні құяды. Эритроцитті қанды араластырады да, барлық пробиркаларға 2 мл-ден қосады. Пробиркадағы ерітіндіні еппен араластырып 24 сағат 16-18* температурадағы бөлмеге қояды. Бір тәуліктен кейін пробиркаларда ақырын араластырып барып қарайды. Толық агглютинация болғанда эритроциттер бір бірімен желімделіп пробирканың түбіне шөгеді, ал оның бет жағындағы сұйық мөлдір болады. Оны қатты сілкіп араластырғанда ірі жапалақшалар пайда болды. Аздаған агглютинацияда пробирканың түбінде ірі жапалақшалар болады, ал сұйық интенсивті түрде боялады. Толық емес агглютинацияда сұйық қызыл түске бояйды, ал пробирканың түбінде эритроциттердің аздаған ғана тұнбасы болады.

Кері реакцияда пробиркадағы ерітінділер түсін өзгертпейді, олардың түбінде тұнба болмайды. Ондай реакция физиологиялық ерітіндіні құйылған бақылау пробиркаларында болады.

Егерде толық агглютинация бақылау пробиркаларынан басқа барлық пробиркаларда болса, онда жоғарғы қатынастағы ерітінді (1:20000) дайындалып, реакцияны қайта қояды.

Егер толық агглютинация 1:15000 және одан да жоғарғы қатынастағы пробиркаларда болса , онда майкене күнжарасындағы рициннің мөлшері өте көп деген қорытынды шығады. Ал толық агглютинация 1:2000-1:10000 қатынасындағы пробиркаларға болса, онда рицин орташа мөлшерде, 1:500-1:1500 аздаған мөлшерде болады. Агглютинация жоқ болса рицин де жоқ.

Малды азықтандыруға алдын ала рицині жойылған майкене күнжарасын ғана пайдалануға болады. Ол үшін күнжараны 150* дейін қоздырады немесе қайнатады. Құрамында аздаған мөлшерде рицині бар күнжараны сақтықпен, аздаған мөлшерде береді.

Ас тұзын анықтау әдісі. Тексерілетін материалдың сығындыс сүзеді де, оған 1-2 мл алып қолбаға құяды. Оған 1-2 мл 2%ды күміс нитрат ерітіндісін қосады. Егер сығындыда ас тұзы болатын болса, онда ерімейтін хлорлы күмістің ақ түсті тұнбасы түзіледі. Егер оған аммиактың ерітіндісін қоссақ, онда тұнба ериді.

Тексерілетін материалдағы ас тұзының сан мөлшерін тікелей титр жасау әдісімен анықтауға болады. Ол әдіс анықтамаларда бар. Оның формаласы:

Х=(а-б)×0,00585×100=а-б×0,585;

Ондағы:Х-хлорлы натрий немесе ас тұзының мөлшері, %;

а-хлорлы тұндыруға кеткен күміс нитратының мөлшері;

б- артық қалған күміс нитратының титрына кеткен аммоний роданидінің мөлшері;

0,00585-күміс нитратының 1 мл 0,1 н ерітіндісіне пара-парфюм хлорлы натрийдің мөлшері.

Сонымен қатар мал жемдеріндегі ас тұзының мөлшерін анықтау үшін қолданылатын экспресс-әдіс те бар. Бұл әдіс тексерілетін материалдағы белок заттарын азот қышқылының ерітіндісі арқылы тұнбаға түсіріп, қышқыл сықпадағы хлоридтің мөлшерін Фольград әдісімен титрлеп анықтауға негізделген.

Мал азығыдағы карбамидті (мочевинаны) анықтау.

Ол үшін АМК-2 аппараты пайдаланылады. Бұл әдістің негізгі: карбамид бром қышқылы натрий менқосылып азот түзіледі . Оның мөлшері аппараттың өлшегіш бюреткасы арқылы анықталады. Соның мөлшері арқылы мочевинаны есептеп шығарады. Ол үшін формуланы қолдану керек:

Х=А×0,00125×2,143×100:В

Мұндағы А- бөлінген азоттың мөлшері, мл;

0,00125-1 мл азотқа тең салмақ мөлшері;

2,143-1 мл азотқа тең келетін мочевинаның салмақ өлшемі;

В- тексеруге алынған азоттың салмағы.

Күшәләні анықтау. Мал азығыда оның қосылыстары бар ау деп күдіктелген жағдайда тексеріледі. Оны Рейнша әдісімен немесе күкірт тотығының ерітіндісін пайдалану әдісімен анықтайды.

Рейшна әдісі бойынша кушәланың катионын қышқылдық ортада мыс пластинкасына шөктіріп, күшәлә мыс қосылысын түздіруге негізделген.

Тексерілетін мал азығы концентратты тұз қышқылымен араластырылады. Осындай ерітіндіге алдын ала тотықтардан тазаланған екі мыс пластинкасы орналастыралады. Оны бір сағаттай су ваннасында қыздырады. Егер де азықта күшәлә болатын болса, онда мыс пластинкасының бетінде мысты күшәлаға тән сұр дақ пайда болады. Мыс пластинкасын сүзгі қағазымен уқалағанда бөлінген сынаптың салдарынан пластинкалар жылтыр күміс түсті болып шығады.

Рейнштің әдісі кристаллды йодты қолдана отырып қыздырылған түтікшеде, сынап бар жерде екі йодты сынаптың түзілуі салдарынан, қызыл немесе сары түске боялатынына негізделген.

Мыс тұздарын анықтау. Азықтағы мыс тұздарын анықтау үшін қолданылатын бірнеше әдістер бар.

1-ші әдіс. Тексерілетін заттан жақсы ұсақталған 3-5 г мөлшерін алады да, оны фарфор ыдысына салып, оған сондай мөлшерде 10% аммиак ерітіндісін құяды. Егерде тексерілетін затта тұздары болатын болса, онда қосынды көк немесе көкшіл түске боялады.

2-ші әдіс. Тексерілетін заттан жақсы ұсақталған тексеруге керекті заттың 20-30 г мөлшерін салады да, оған қышқылдық реакция болғанша сірке қышқылы қосылған дистильденген су құяды. Содан кейін оған 5% сары қан тұзының ерітіндісін тамшылатып қосады. Егерде онда мыс бар болатын болса, онда ол сары қан тұзымен қосылып мыстың ферроцианидің түзіледі де, ерітінді қызыл қошқыл түсті тұнба береді немесе қызыл түске боялады.

3-ші әдіс. Ұнтақталған тексерілетін заттың 50 г мөлшерін химиялық стаканға салады да, дистильденген су құю арқылы қоймалжыңботқа жасайды. Лакмус қағазы арқылы тексере отырып, оған қышқылдық реакция бергенге дейін күкірт қышқылын қосады да, аздап қыздырады. Сол ерітіндіге тазаланған темір пластинка немесе темір , болат ине немесе мыс темірді орналастырады. Егер он реакция болатын болса онда жанағы заттар 10-15 минуттың ішінде мыспен қапталады.

4-ші әдіс. Ұнтақталған тексерілетін заттың 20-30 г мөлшерін химиялық стаканға салады да оған 40-60 мл дистильденген суды және анық қышқылдық реакция бергенше күкірт қышқылын қосады. Егерде тексерілетін материалда мыс болатын болса, онда стаканның түбінде күкіртті мыстың қоңыр түсті тұнбасы пайда болады.

Фосфоорганикалық қосылыстарды анықтау.ФОҚ-ды анықтаудың бірнеше түрлері бар. Оларды химиялық және биологиялық әдістер деп бөлуге болады.

Химиялық әдіске гидроперекись реакциясы жатады. Бұл әдісті профессорлар Г.Н.Коржевенко, В.Л.Коляков және Ю.И.Горшковтар ұсынған. Реакцияның негізіне ФОҚ дың бензидиннің және басқа да тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысатын индикатордың тотығуын жылдамдататын қасиеті алынған.

Биологиялық әдіс. А.А.Покровскийдің әдісі деп аталады. Бұл әдіс бойынша тексерілетін материалда ФОҚтың бар жоғын антихолинэстераза эфффектісі арқылы білуге болады. Тексерілетін қоспаға қосылған ацетилхолин ондағы көк бромитол индикатордың көк түсін өзгерте алмайды. Бұл әдісті орындау үшін бірнеше реактивтер қажет:

1.номер 1- ерітіндіні бромитол көктің негізгі индикатордың буферлік ерітіндісі. Оны дайындау үшін бор қышқылы мен хлорды кальций керек;

2ерітіндіні- колометрлік стандартты дайындау үшін қажет индикаторлық буферлік жұмыс ерітіндісі. Ол үшін номер. 1 ерітінді мен тұз қышқылының ерітіндісі қажет;

3 ерітіндіні- ацетилхолин хлоридінің индикаторлық буферлік ерітіндісі. Оны дайындау үшін негізгі ерітінді мен 1% ацетилхолин ерітіндісі қажет;

4 ерітінді- бутирилхолиннің индикаторлық буферлік ерітіндісі. Оны дайындау үшін негізгі ерітінді, бутирилхолин йодид және бутирилхолин хлорид ерітінділері қажет;

5.Кептірілген, ампуладағы сау жылқының қанының сары суы (холинэстераза ретінде);

6. Химиялық таза бензол;

7.50% спирт-ректификат ерітіндісі . Оның 100 мл дайындау үшін 53 мл 95% спиртке 47 мл дистильденген су қосады.

Осы реактивтерді пайдалана отырып тәжірибе және бақылау пробиркаларының ерітінділерінің түстерінің өзгерту жылдамдығын бақылайды (тексеру жүргізу барысы арнайы анықтамаларда берілген).

Егерде тәжірибе және бақылау пробиркаларындағы ерітінділердің жасыл түске боялуы бір уақытта болатын болса, онда тексерілетін материалда ФОҚ жоқ деген сөз. Ал тәжірибелік пробиркадағы ерітіндінің жасыл түске боялуы бақылау пробиркасындағы ерітіндіден 5 минутқа кешіксе,онда тексерілетін материалда ФОҚтың мөлшері 0,0001 мг/кг. Ал егер ондай кешеуілдер 30 минутқа дейін барса, -0,01мг/кг. Егер тексерілетін материалдың көк түсі өзгеріссіз 30 минуттан да ұзағырық сақталмаған, онда ол материалда ФОҚ көп деген мағынаны білдіреді. Ал көк түстің өзгермей 30-60 минутқа дейін сақталуы ондағы ФОҚтың мөлшерінің 0,1 мг/кг екендігін көрсетеді.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫНЫҢ УЛАНУЛАРЫ ТАҚЫРЫБЫНА

ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Тәжірибе саябағының жалпы мақсаты. Теория жүзінде алынған білімді тәжірибе жүзінде іске асырып, бекіту. Уланлардың түрлерін анықтап диагноз қоюды, уланған малды емдеу мәселесін дұрыс шешуді ұйымдастыру.

Ұсынылып отырған оқу құралында келтіріліп отырған малдарды уландыратын улы заттардың көп екенін ескере отырып, олардың ішінен мал дәрігерлік тәжірибе жиі кездесетін ас тұзымен және карбамидпен уланулар тақыптарына жүргізілетін тәжірибе сабақтарына үлгі ретінде тоқтала кетуді жөн көрдік.

Тәжірибе сабағының тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарының ас тұзымен және карбамидпен уланулары .

Тәжірибе сабағының мақсаты. Ас тұзымен және карбамидпен уланған малдарды клиникалық толық тексеруден өткізіп, оларға нақтылы диагноз қоюға тәжірибе жүзінде дағдылану. Уланларды емдеуді, малдарға бірінші көмек көрсетуді іс жүзінде жүргізіп, оңды нәтижесіне көз жеткізу.

Тәжірибе сабағы жүргізілетін жер малдәрігерлік ауруханадағы «ветеринариялық медицина» кафедрасының дәріханасы мен лабораториясы.

Тәжірибе сабағына қажетті ауру малдар мен құжаттар: Ауру малдар: ас тұзымен уланған торай және карбамидпен уланған сиыр. Ондай өздігінен уланған малдар болмай қалған жағдайда, ас тұзымен жасанды, жеңіл түрде уланған тауықтармен сабақ жүргізуге болады. Ауру малдарды тексеруге қажетті инструменттер, приборлар, реактивтер, мал азығының қалдығы.Кафедраның лабораториясының мүмкіншілігін пайдалана отырып, лабораториялық зерттеулерді студенттердің өздерінің жүргізгені дұрыс. Тіпті болмаған жағдайда мүмкіншілігі бар жақын жерлерде лабораторияға жібереді. Ауру малды емдеу үшін қолданылатын приборлар, дәрілік заттар: зондтар, ауыз кергіштер , шприцте, инелер, троакар, кальций глюконаты, глюкоза, кофеин, форалин, спирт,сірке қышқылы, дистильденген су, пробиркалар, қолбалар және т.б. ыдыстар мен қажетті құжаттар.

Сабақтың жүру барысы. Тәжірибе сабағының екі оқытушының жүргізгені дұрыс. Бір топтың студенттерін қосымша екі топқа бөледі. Бір топтың студенттері ас тұзымен уланған торайды, ал екінші топтың студенттері карбамидпен уланған сиырды жан-жақты тексеруден өткізеді. Кейіннен олар орындарын ауыстырады. Оқытушы әбрір студентке нақтылы тапсырма беріп, оның дұрыс орындалуын қадағалайды. Студенттер өздері жинаған деректерін аурудың тарихы үлгісінде толтырады.

Ас тұзымен уланған торай туралы студенттерге берілетін деректер: торай 5 айлық, бордақылауда тұрған малдардың ішінен шыққан. Бұрынырақ та іші өтіп, өкпелері қабынып ауырған. Қазір құрғақ азық, су еркінше беріледі. Бір топта 25 торай бірге күтіліп, бағылады.

Аурудың белгілері: мал тынышсыз, азық қабылдамайды. Бүгінгі таңнан бері жабырқаңқы, бұрышқа тағылып жата береді, ішінің өтуі байқалады. Осындай клиникалық белгілері бар бірнеше торайлар анықталады. Аурулардан бір күн бұрын өз азықтары тауысылып қалғандықтан оларға бордақыдағы сиырға біріліп жүрген жем берілген.

Жалпы шаруашылық індетті, тоғышарлық аурулардан таза деп есептеледі. Торайлардың тұрған жерінің зоогигиеналық жағдайы жақсы. Дезинфекциялық уақытында жүргізіліп отырады. Торайлар тілме ауруына қарсы уақытында егілген.

Уланудың белгілері. Температурасы-37,4*С; тамыр соғысы- 100; дем алысы 1 минутта 42. Торай жатыр, күшпен әрең дегенде тығыздалады. Тұра салысымен қайтадан жатуға бейімделеді. Жалпы күйі орташа. Терісі бозарған, серпімділгі нашар. Құлағының түбінде, таңауының маңайында суық тер. Кілегей қабықтары бозарған. Жүрек соғысы дүрсілдеген, ырғақты бір нүктеде сезіледі. Жүрек саздары қатты естіледі. Дем алысы жиі, үстіртін, қиындаған.Кей кезде аузын ашып дем алады. Тәбеті жоқ. Жиі-жиі тістері мен тістерін түйістіріп шылпылдатады, ауыз қуысы сілекейге толы, сілекейі сыртқа ағып жатыр. Құрсағы тартылған, тыңдағанда сылдырлаған дыбыстар естіледі. Жатқан бойында жиі-жиі сұйық нәжіс бөледі. Бүйректердің тұсында ауырсынғандық жоқ, рефлекстері сақталған. Тек тактильді және ауырсыну сезімталдықтары төмеңдеген.

Лабораториялық тексеру. Қанды зерттегенде ондағы эритроциттер 8,8 млн.; лейкоциттер-16,8 мың; гемоглобин-120г%; гематокрит-58%; эритроциттердің тұнуы-12мм/сек; лейкограмма:Б-1,Э-2,Ю-0,Т/я-3,Б/я-48,Л-40,М-2.

Диагнозын қоюда төмендегі жағдайлар ескеріледі: торай туралы жиналған деректер бойынша торай аяқ астынан ауырған және сондай клиникалық белгілер бірге тұрған, бірге азықтанған басқа торайлар да байқалған. Аурудың клиникалық белгілерінің біліне бастауы малдың азығының ауыстырылмауымен сәйкес келген.

Клиникалық белгілері. Дене қызуы қалыптан төмен, кілегей қабықтары бозарып көгерген, жүрек соғысы мен дем аласы жиі, іші өтеді. Лабораториялық тексеруде қан қою. Азықтың қалдығы мен асқазанның жыны қалалық малдәрігерлік лабораторияда тексеріліп ас тұзына байланысты он қорытынды алынды.

Кім. Асқазан жылы сумен зонд арқылы жуылады. Оған сол зонд арқылы 500 мл зығыр дәнінің қайнатпасы қойылды. Осындай әдіспен емдеу 4 сағаттан кейін қайталануы керектігі айтылды.



Топтың студенттерінің ішінен торайды ары қарай емдеп, курстық жұмысты орындау үшін екі студент тағайындалды. Оларға нақтылы ұстау берілді: 3 күндей күніне 3-4 рет 30;мл-дген 10% кальций глюконат ерітіндісін терінің астына жіберу керек. Күніне екі рет клизма жасау керек. Малдың жалпы жағдайына қарап глюкозаға кофеин қосып венаға жібереді. қалың төсенішпен, жылулықпен қамтамасыз ету керек. Суды ішкенше береді. Ауақ-ауық бір бергенде 1 л ден су беру қажет.

Осындай емдеу үлгісін қатаң сақтағанда уланған торай жазылуы тиіс. Ал уланудың жалпы болжамы асқазан мен ішектердің, жүйке жүйесінің және қан құрамының өзгеруі салдарына байланысты әр түрлі болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет