Уланулар. Интенсивті терапиясы



бет2/5
Дата17.04.2023
өлшемі304,5 Kb.
#83410
1   2   3   4   5

Уланудың клиникасы.

  • Көптеген уланулардың ағымында жасырын кезең болады, бірақ өте улы заттарды тамыр ішіне егуден болған улануларда жасырын кезең болмайды.
  • Уланудың клиникалық көрінісі тұрақсыз, өйткені организмдегі удың мөлшері уақыт өткен сайын өзгереді.

Удың әсер ету уақыты мен мөлшеріне байланысты улану токсигендік және соматогендік фазаларға бөлінеді.

  • Удың әсер ету уақыты мен мөлшеріне байланысты улану токсигендік және соматогендік фазаларға бөлінеді.
  • Токсигендік фазасында улану дәрежесі улы заттың белгілі бір ағзаға немесе жүйеге әсер етуінен болады.
  • Соматогенді фазасында удың әсерінен патологиялық процесс жайылмалы, организмнің көптеген жүйелеріне тарайды.

Уланулар кезіндегі негізгі синдромдар:

  • Жүйке жүйесінің зақымдану синдромы
  • Тыныс алудың зақымдану синдромы
  • Жүрек-қан тамыр жүйесігің зақымдану синдромы
  • Аллергиялық синдром
  • Жедел гастроэнтерит
  • Терінің зақымдану, көздің тітіркену синдромы

Ауырсыну синдромы

  • Ауырсыну синдромы
  • Бауырдың жетіспеушілік синдромы (улы гепатопатия, гепатореналды синдром)
  • Бүйректің жетіспеушілік синдромы (улы нефропатия, жедел бүйрек жетіспеушілігі, нефротикалық синдром, уремия, гепаторенальды синдром) Барбитураттармен улану (фенобарбитал, барбитал, бромитал және т.б )

Улану стадиялары:

  • 1-ші стадиясы – «науқастың ұйқыға кету» стадиясы: ұйқышылдық, апатия, сыртқы тітіркендіргіштерге әсер етуінің төмендеуі, бұл кезеңде науқаспен сөйлесу мүмкін.
  • 2-ші стадиясы- «жеңіл дәрежедегі кома» стадиясы: есінен тану. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне әсер етуі төмендеген, қысқа уақытқа көз қарашықтары кеңейген. Жұтынуы қиындаған, жөтелу рефлексі төмендеген, тілінің артқа кетуінен тыныс алуы нашарлаған, дене қызуы 39 -40°С.

3-ші кезең- «терең дәрежедегі кома» стадиясы: рефлекстердің жойылуы, аритмиялық тыныс алу, тыныс алу орталығының параличі (орталық нерв жүйесінің күйзелуі).

  • 3-ші кезең- «терең дәрежедегі кома» стадиясы: рефлекстердің жойылуы, аритмиялық тыныс алу, тыныс алу орталығының параличі (орталық нерв жүйесінің күйзелуі).
  • 4-ші стадиясы – «посткоматозды жағдай» стадиясы: есі жайлап қалпына келе бастайды. Алғашқы күндері науқаста аздап психомоторлы қозу, ұйқысының бұзылуы байқалады.
  • Науқастың өлімі орталық апноэден, жоғарғы тыныс алу жолдарының құсықпен аспирациялануынан болады. Комадан шыққаннан кейінде науқас асқынудан, оның ішінде, пневмониядан өліп кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет