Еркін көшпелілер . Қатардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.
Төленгіттер Хандар мен сұлтандар ауылдарының төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді қазақтың әр түрлі шағын рулары мен тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен, төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт, қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды.
Құлдар Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар,, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды.
Қорытынды XV-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамы иерархиялы ұйым- дастырылған әлеуметтік құрылым болды. Оның басында хан тұрды. Жоғары сословиені Шыңғыс хан ұрпақтары сұлтандар мен мұсыл- ман аристократиясы: қожалар құрады. Бір саты төмен Шыңғыс хан ұрпақтарына жатпайтын ру-тайпалық шонжарлар билер, батырлар, байлар, ақсақалдар тұрды. Қоғамдық сатының төменгі денгейін рулык қауымдарға біріккен қатардағы көшпелілер иеленді. Құлдар мен кундер ерекше құқықсыз топты құрады.
Қолданған әдебиет: Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.