Пакеттердиаграммасы жүйе моделімен жұмысты оңтайландыру және құрылымды қысқарту мақсатында қандай да бір белгілері бойынша элементтерді ұйымдастыру үшін арналған диаграмма.
Күй диаграммалары жүйе тәртібін сипаттауда қолданылатын танымал әдістердің бірі. Олар барлық мүмкін болатын нақты объекттің күйлерін, және осы объектіге әсер ету негізінде пайда болған өзгерістерді суреттейді. Объетіге бағытталған әдістердің көбісінде күйлер диаграммалары жалғыз класс үшін құрылады. Бұл жалғыз объект тәртібінің динамикасын көрсету үшін жасалады. Component (компонент) – интерфейстер жиынтығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуші жүйенің физикалық және алмастырылатын бөлігі. Компоненттер диаграммасы - жүйені физикалық жобалау кезінде программалық компоненттер бойынша класстар мен объектілердің орналасуын, программалық компоненттердің өзара әрекеттесуін және ұйымдастырылуын көрсетеді.
Орналастыру диаграммасы – программалық жабдықтаманың жалпы конфигурациясы мен топологиясын көрсету үшін қолданылады және жүйенің жеке түйіндеріне компоненттерді бөлуді қамтиды.
Орналастыру диаграммасы – программалық жабдықтаманың жалпы конфигурациясы мен топологиясын көрсету үшін қолданылады және жүйенің жеке түйіндеріне компоненттерді бөлуді қамтиды.