Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет171/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
158 
𝑑𝑁 
𝑑𝑁 
= −𝛽𝑁(𝛽 > 0) ⇒ 
= −𝛽𝑑𝑡 ⇒ 𝑙𝑛𝑁 = −𝛽𝑡 + 𝐶 
⇒ 𝑁 = 𝐶𝑒
–β

𝑑𝑡 
𝑉 

𝑁(0) = 𝐶 = 𝑁
0
⇒ 𝑁 = 𝑁
0
𝑒
–βt

𝑁

= 𝑁 𝑒
–βt
1/2
⇒ 𝜏 


𝑙𝑛2. 


1/2 
𝛽 
Міне, бірнеше мысалдар арқылы химиядағы математиканың кӛпқырлылығын 
кӛреміз. Симметрия 
– 
қазіргі ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Ол табиғаттың 
фундаментальді заңдарының бірі энергияның сақталу заңының негізінде де жатыр. 
Химиядағы кең тараған құбылыс: барлық белгілі молекулалар симметрияның қандай да 
бір түрін иеленеді, немесе симметриялық үзінділерін қамтиды. Химияда симметриялық 
емес молекулаларды табу қиынырақ. Симметрияны қолдану, олардың туындылары санын 
немесе реакция ӛнімінің мӛлшерін талдап, молекулалар құрылымын құруға кӛмектеседі. 
Молекулалар геометриясын құрудың қазіргі методтары туралы әлдеде зерттеу жүргізуге 
болады. 
Математика тек химиямен шектеліп қалған емес. Биологиялық заңдылықтарды 
зерттеудегі қолданыстарыда жетерлік. Физика математикамен үзіліссіз байланысқан. 
Математика физикаға эксперимент және теориялық зерттеулер нәтижесінде алынған 
физикалық шамалар арасындағы тэуелділікті дәл бейнелеуді және жалпы тәсілдері мен 
құралдарын береді. Сондықтан да физиканы оқытудың әдістері мен мазмұны 
окушылардың математикалық дайындығы деңгейімен тікелей байланысты. Физиканың 
бағдарламасы оқушылардың математикадан білімдерін ескеретіндей құрылған деп айта 
аламыз. 
Теориялық физиканың салаларымен бӛлімдерін, оның түбегейлі ғылыми 
тұжырымдарын математикасыз елестету мүмкін емес. Мысалы, статистикалық физиканы 
математикадан 
бӛліп 
қарауға 
болмайды. 
Термодинамиканың, 
болмаса 
электродинамиканың жеке бӛлімдері, тараулары оның түбегейлі түсініктері физикаға әлде 
математикаға негізделгенін ажырату қиын. Шынында, Максвелл теңдеулерін, оның мән- 
мағынасын, бүкіл мазмұнын математикалық формулалар деп түсініп қалуымыз мүмкін. 
Бұл жерде формулалар физикалық терең теорияның, түбегейлі түсініктердің математика 
тіліндегі кӛрінісі екенін білеміз. Максвелдің әрбір жеке теңдеуі ӛз алдына математика 
тілінде жазылған физикалық заңдар емес пе? Жалпы алғанда физика мен математикада 
қолданылатын екеуіне ортақ ғылыми ұғымдар бірін-бірі үйлестіретіндей, түсініктерді 
ӛзара толықтыратындай болып берілуі керек. Мұны жүзеге асырудың бір жолы 
кіріктірілген сабақтарды тиімді ұйымдастыруға байланысты. 
Кіріктірілген сабақтар оқушылардың ӛзіндік әлеуетін дамытады,қоршаған ортаны 
белсенді тануға,себеп-салдар байланыстарын түсінуге және табуға,коммуникативті 
дағдыларды дамытуға ықпал етеді.Әртүрлі жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың 
назарын жоғары деңгейге ұстайды,бұл осындай сабақтардың дамытушылық тиімділігі 
туралы айтуға мүмкіндік береді. 
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – 
білім беру,ғылымды дамыту. Ӛркениет біткеннің ӛзегі,тағылым,тәрбие екендігіне 
ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы-мектеп,ал мектептің жаны-мұғалім, ал 
мұғалімдердің басты міндеті- білімді тұлға тәрбиелеу. Осы арада мектептің оқу-тәрбие 
процесін пәндерді кіріктіре оқыту негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір 
арнаға тоғысу, оқушылардың интеллектуалдық ӛрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық 
құндылықтар кӛзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы 
ғылыми кӛзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұдан шығатын 
қорытынды пән мазмұнын іріктеу және оқу түрі мен әдісін таңдау. Мазмұнын ӛзгертудің 
мұндай түрі оқыту әдісінің білім беру мәселесін шешудің жаңа сапалы деңгейі болмақ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет