Уринова Айымқыз Б-21-1 Глоссарий Бластула – бөлшектенудің нәтижесінде ортасы қуыс көпклеткалы бірқабатты ұрық.
Радиалдық бөлшектену – әрбір жоғарғы бластомер төменгі бластомердің дәл үстінде орналасады, соның нәтижесінде шардың радиустарына сәйкес, қатарлар пайда болады.
Спиралдық бөлшектену – мұнда әрбір жоғарғы бластомер төменгі екі бластомердің ортасында жатады. Әр бөлінуден кейін жаңа пайда болған бластомерлер 90о бұрылып тұрады. Сонда барлық бұрылған бластомерлердің бөліну ұршықтарын бір сызықпен көрсеткенде спираль құралады.
Билатеральдық бөлшектену – ұрықтың оң жағындағы әр бластомерлерге сәйкес сол жағындағы бластомер болады.
Морула- (лат. morum — тут ағашының жемісі, пішіні тут ағашы жемісіне ұқсас). Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді.Мұндай ұрықтануды- морула дейді.
Амнион- (гр. amnion — сулы қабық, қағанақ) — адам мен қағанақты омыртқалы жануарлар ұрығын (құрсақтағы шарананы, іштегі төлді, жұмыртқадағы балапанды) сыртынан тікелей қаптап жатқан жұқа қабырғалы, қуысы қағанақ сұйығына толған, пішіні көпіршікке ұқсас ішкі ұрық қабығы.
Трофобласт- (trophoblastus, грек, trophe — тамақ, қоректік зат, blastos — өскін, бастама) — сүтқоректілердің көпклеткалы көпіршік тәрізді ұрығының (бластоциста, стерробластула) сыртқы қоректендіруші қабығы. Ол бірқабат клеткалардан тұрады, бүрлі ұрық қабығы — хорионың симпластотрофобласт қабатын түзуге қатысады.
Бластодерма – бластуланың қабырғасын құраушы клеткалардың қабаты.
Бластоцель – ортасы қуыс бір қабаттан тұратын целобластула пайда болатын қуыс.
Целобластула – үлкен бластоцелі бар бір қабатты бластула, толық бірқалыпты бөлшектенудің нәтижесінде пайда болады.
Телолецитальды – цитоплазма полярлы орналасқан сарыуызы орташа немесе көп жұмыртқалар.
Центролецитальды – ортасында орналасқан сарыуызы көп жұмыртқалар.
Стерробластула – қабырғасы үлкен бластомерлердің бір қатарынан тұрады.
Дискобластула – бөлшектенудің жартылай бөлінуі. Дискілік бөлшектенудің нәтижесінде пайда болады бөлшектену қуысы ұрық дискісі мен сарыуызының арасында саңылау тәрізді болады.
Перибластула – қуыс болмайды, оны сарыуыз толтырып тұрады.
Гаструляция – гаструланың пайда болуына әкеліп соғатын процесс.
Гаструла – қос қабатты ұрық.
Эктодерма – сыртқы жапырақша.
Энтодерма – ішкі жапырақша – гаструла сатысында алғашқы ішек немесе архентерон түзіледі.
Мезодерма – орта ұрық жапырақшасы.
Инвагинация – анимальдік жарты шардың вегетативтік жарты шарға қарай ойылуы.
Иммиграция – клеткалардың көшуі, ауысуы арқылы болады. Бластодерманың жеке клеткаларының бластоцель қуысына қарай көшуі.
Деляминация – бластуланың қабырғаларындағы клеткалар бөлініп, ұрықтың екінші қабатын құрайды.
Эпиболия – бластуланың анимальдық бөлігі вегетативтік бөлігін қаптап өседі.
Телолецитальды – сарыуыз клеткалардың бір шетіне қарай ығысып орналасуы.
Нейруляция – адам мен хордалы жануарлар ұрықтарында нерв түтігінің түзілу процесі.
Сомиттер – сегменттелген мезодерма, хорданың екі жанында орналасқан мезодерманың клеткаларының жиынтығы.
Целом – екі жапырақшаның арасындағы қуыс.