Уровень-1 Жалпы және жеке микробиология 375 сұрақ



бет1/7
Дата05.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#106175
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
стом тесты каз от 12.05


Уровень-1
Жалпы және жеке микробиология 
375 сұрақ


Микробиологиядағы негізгі таксономиялык бірлік:
түр
туыстық
тұқымдас
қатар
класс
Прокариоттық жасушаның айрықша белгісі:
ядролық субстанцисы бар (нуклеоид)
мейоз жолымен көбейеді
ядросы бар
митохондриясы бар
рибосоманың көлемі 80S
Пилидің атқаратын қызметі:
адгезиялық
қозғалу
қоректену
энергетикалық
тыныс алуға қатысу
Бактериялардың адгезия мен коньюгация процестеріне қатысатын органелласы:
кірпікшелер
капсула
талшықтар
споралар
мезосомалар
Рибосома – бұл:
белок синтезінің орталығы
цитоплазмалық мембрананың туындысы
қоректік заттың қоры
түрді сақтауға қажет
жасушаны қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғайды
Талшықтардың қызметі:
қозғалысты қамтамасыз етеді
бактерияларға белгілі пішін береді
жасушаны қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғайды
еріген заттарды жасушаға тасымалдайды
жасушалар бөлінуіне қатысады
Тізбектеліп орналасқан коктар:
стрептококтар
микрококтар
сарциналар
стафилококтар
бациллалар
Жүзім тәрізді орналасқан коктар:
стафилококтар
стрептококтар
сарциналар
бациллалар
микрококтар
Медициналық микробиология нені зерттейді:
патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді
фитопатогенді микроорганизмдерді
фотобактерияларды
өсімдіктерді
гельминттерді
Грампозитивті бактериялар қандай түске боялады:
көк
қоңыр
сары
жасыл
қызыл
Бактериялар өлшемі қандай бірлікте өлшенеді:
микрометрмен
нанометрмен
миллиметрмен
ангстреммен
сантиметрмен
Жағындыны қандай мақсатпен бекітеді:
бактерияны заттық шынығы бекіту үшін
талшықты анықтау үшін
жағындыны түссіздендіру үшін
спораны анықтау үшін
капсуланы анықтау үшін
Бактериядағы талшықтарды қандай әдіспен анықтаймыз:
Леффлер
Нейссер
Грам
Бурри-Гинс
Циль-Нильсен
Бактерияның негізгі пішіндері:
шар тәрізді, таяқша тәрізді, иілген
конус тәрізді, иілген, куб тәрізді
оқ тәрізді, жіпше тәрізді, куб тәрізді
таяқша тәрізді, иілген, куб тәрізді
шар тәрізді, жіпше тәрізді, куб тәрізді
Спора түзетін микроорганизм:
клостридия
туберкулез
бруцелла
туляремия
дизентерия
Жасушалық қабырғасы жоқ бактериялар:
микоплазмалар
риккетсиялар
спирохеталар
актиномицеттер
хламидиялар
Пеpитрихтар сипаттамасы:
талшықтар жасушаның барлық беткейінде
жекелеген талшықтардың полярлы орналасуы
талшықтар шоғырының полярлы орналасуы
жалғыз полярлы талшық
коньюгациялық пили
Терминальды спора түзетін микроорганизм:
сіреспе таяқшасы
риккетсия
стафилококк
ішек таяқшасы
микоплазма
Жасуша қабырғасындағы айырмашылықты анықтауда қолданатын бояу әдісі:
Грам
Нейссер
Ожешко
Бурри-Гинс
Романовский-Гимзе
Романовский-Гимзе бойынша трепонемалар қандай түске боялады:
бозғылт-қызғылт түске
қызыл түске
көкшіл түске
қою қоңыр түске
көк қосындылары бар сары түске
Қышқылға тұрақтылар:
туберкулез таяқашасы
гемофильды таяқша
іш сүзегі таяқшасы
стафилококктар
риккетсиялар
Бактериялардың негізгі таксономиясын анықтау үшін қолданылатын бояу әдісі:
Грам
Нейссер
Морозов
Леффлер
Бурри-Гинс
Микробтар дақылынан жасалған жағындыны бекіту жүргізіледі:
от жалынында
Никифоров қоспасында
ацетонмен
метилен спиртінде
тұз қышқылында
Бактериялар морфологиясы дегеніміз:
көлемі, пішіні, өзара орналасу сипаты
анилинді бояғыштармен боялу қабілеті
қоректік ортада өсу ерекшелігі
ауа құрамына қатынасы
көмірсуларды ыдырату қабілеті
Боялған бактериялар морфологиясын зерттеуде қолданады:
иммерсиялық объективті
люминесцентті микроскопты
фазалы-контрастылы микроскопия әдісін
құрғақ объективті
қара күңгірт өрісті
Бактерияларды тірі жағдайда зерттеу әдісі:
"ілінген тамшы"
қарапайым бояу
Нейссер
Бурри
электрондық микроскопия
Жасуша қабырғасының қызметі:
қорғаныштық
энергетикалық
зат алмасу
тыныс алуға қатысады
көбеюге қатысады
Грам бойынша бояуда қолданылатын реактив:
генцианкүлгін
сутегі тотығы
везувин
азур-эозин
метилен көгі
Нуклеоид - бұл:
екі жіпшелі ДНҚ молекуласы
рибосомалардың шоғырлануы
ақпараттық РНҚ
бір жіпшелі ДНҚ молекуласы
фрагменттелген РНҚ
Саңырауқұлақтардың негізі құрылымдық компоненті болып табылады:
мицелилар
капсула
органелла
талшықтар
волютин дәні
Термостатты қолданады:
микроорганизмдерді өсіруге
зертханалық ыдыстарды стерилдеуге
хирургиялық саймандарды стерилдеуге
қоректік орталарды стерилдеуге
бактерияның спора түзуін күшейтуге
Бактериологиялық әдісті (таза дақылды бөлу) алғаш рет қолданған:
Р.Кох
Л.Пастер
И.И.Мечников
А.ван-Левенгук
К.Эберт
Сарыуызды-тұзды агарда бөліп алады:
стафилококты
энтеробактерияны
стрептококты
микобактерияны
риккетсияны
Сахаролитикалық белсенділік анықталады:
Гисс ортасында
висмут-сульфит агарда
қан агарында
қан-теллуритті агарда
сарысулы агарда
Элективті орта:
сарыуызды-тұзды агар
қан агары
сарысулы агар
Эндо ортасы
Вильсон-Блер ортасы
Күн сәулесінің энергиясын қолданады:
фототрофтар
автотрофтар
гетеротрофтар
хемотрофтар
метотрофтар
Тотығу-тотықсыздану реакциялар нәтижесіндегі энергияны қолданатындар:
хемотрофтар
автотрофтар
фототрофтар
гетеротрофтар
метотрофтар
Дифференциалды-диагностикалық орталарды таңдаңыз:
Эндо және Гисс
ЕПА және қан агары
Рапоппорт және глицеринді орта
Плоскирев және сілтілі агар
Ру және сарысу агары
Негізгі орталарды таңдаңыз:
ЕПА және ЕПС
Эндо және Гисс
Рапоппорт және глицеринді орта
Плоскирев және сілтілі агар
Ру және сарысу агары
Көптеген патогенді бактерияларды өсіру үшін оңтайлы температура:
370
200
520
00
460
Бактериялардың негізгі көбею тәсілі:
бинарлы бөліну
спора түзілу
митоз
мейоз
фрагментация
Температураға қатысты бактериялар тобына жатады:
мезофильдер
ауксотрофтар
эукариоттар
паразиттер
автотрофтар
Облигатты анаэробтар:
оттегі болғанда жойылады
бос оттегіні қажет етеді
супероксиддисмутаза ферментіне ие
каталазаны түзеді
ет-пептонды агарда өседі
Факультативті анаэробтар өседі:
оттегісі бар ортада да, жоқ ортада да
тек оттегісі бар ортада
оттегісі жоқ ортада
инертті газ қосылған ортада
көмірқышқылды газ қосылған ортада
Бактериялардың дақылдық қасиеттері:
қоректік ортада өсу сипаты
боялуға қабілеті
биохимиялық белсенділігі
антигендік құрамы
бактериялық жасуша пішіні
Бактериологиялық зерттеу әдісі, бұл:
таза дақылды бөліп алу
жағынды дайындау
жануарға жұқтыру
вакцина дайындау
иммунды статусты анықтау
Колония дегеніміз:
бір микроб жасушасының тығыз қоректік ортада жинақталуы
микроорганизмдердің патогендік факторы
бактериялық жасуша өлшемінің ұлғаюы
микроскоптан көрінетін бактериялар саны
капсула түзу
Бактерия пигментінің қызметі:
УК-сәуледен қорғау
жоғары температурадан қорғау
төмен температурадан қорғау
радиациядан қорғау
антибиотиктерден қорғау
Өсу факторын өздері синтездейтін бактериялар:
прототрофтар
ауксотрофтар
гетеротрофтар
микроаэрофильдер
сапрофиттер
Қоректік ортада өсу факторының болуын қажет ететін бактериялар:
ауксотрофтар
прототрофтар
гетеротрофтар
паразиттер
автотрофтар
Қатаң анаэробтарды өсіру әдістеріне жатады:
физикалық, химиялық, биологиялық
гистологиялық, химиялық, биологиялық
терапевтикалық, профилактикалық, радиациялық
физикалық, химиялық, радиациялық
инновациялық, биохимиялық, табиғи
Қоректік орталар шығу тегі бойынша бөлінеді:
табиғи, жасанды
отандық, шетелдік
универсалды, арнайы
стерильді, стерильді емес
сұйық, тығыз
Вирионның сипаттамасы:
нуклеокапсидтің болуы
хроматинді субстанцияның болуы
митохондрияның болуы
жасушаішілік қосындының болуы
гликоген грануласы мен крахмалдың болуы
Вирустың негізгі құрылымдық компоненттері:
нуклеин қышқылы және капсид
рецепторлар және капсула
талшық және нуклейн қышқылы
спора және суперкапсид
нуклейн қышқылы және рибосома
Вирустардың капсомерлер симметриясының типі:
кубты, спиральды
цилиндрлі, сфералы
сфералы , көп қырлы
кубты, призматикалық
спиральды, циркулярлы
Вирион өлшенеді:
нанометрмен
миллиметрмен
сантиметрмен
ангстреммен
микрометрмен
Вирустарды дақылдандырады:
тауық ұрығында
ет пептонды агарда
қан қосылған ортада
Эндо ортасында
сарыуызды тұзды агарда
Тауық ұрығында вирустың болуын анықтайтын әдіс:
гемагглютинация реакциясы
көмірсулар ферментациясы
тұну реакциясы
центрифугалау
агглютинация реакциясы
Бактерияның вирусын (фагтарды) ашқан ғалым:
Д.Эррель
Пастер
Мечников
Зильберт
Кох
Фагтардың табиғатта таралуы:
барлық жерде
тек адам организмінде
тек топырақта
тек суда
тек ауада
Бактерия жасушасын лизиске ұшырататын бактериофаг аталады:
вирулентті
орташа
топтыспецификалық
типтіспецификалық
түрлікспецификалық
Вирустардағы генетикалық рекомбинациялар қалай аталады:
шифт
трансдукция
конъюгация
дрейф
трансформация
Вирустардағы нүктелік мутациялардың атауы:
дрейф
шифт
конъюгация
трансдукция
трансформация
Жыныс кірпікшелердің синтезделуін қай плазмидалар бақылайды
F-плазмида
Col-плазмида
R-плазмида
Ent-плазмида
Hly-плазмида
Бактериялардың дәрі-дәрмектерге тұрақтылықтарын анықтайтын плазмидалар
R-плазмидa
F-плазмидa
Col-плазмидa
Hly-плазмидa
Ent-плазмидa
Бактериялардың S түрінен R түріне ауысуы қалай аталады:
диссоциация
рекомбинация
репарация
трансдукция
трансформация
Стерилизация - бұл:
микроорганизмді толығымен жою
бактерияның диагностикалық антигендерін алу
емдеу сарысуларын дайындау
вакцина дайындау
бактерияларды дақылдандыру әдісі
Жұқпалы аурулар қоздырғышын таратушы жәндіктермен күресті атайды:
дезинсекция
дезинфекция
дератизация
стерилизация
пастеризация
Төмендегі ғалымдардың қайсысы «Химиотерапияның атасы» болып саналады?
П.Эрлих
А.Флеминг
С.Ваксман
У.Флори
Р.Кох
Микроорганизмнің антибиотиктерге сезімталдығы анықталынады:
қағаз дискі әдісімен
агглютинация реакциясында
преципитация реакциясында
Грация бойынша титрлеу
Аппельман бойынша титрлеу
Антибиотиктің минимальды тежеуші концентрациясын анықтайтын әдісті табыңыз:
сериялық сұйылту әдісі
шұнқырлар әдісі
қағаз-диск әдісі
Грация әдісі
Аппельман әдісі
Пенициллинді өндіруші:
зең саңырауқұлағы
бацилла
микрококктар
қарапайымдылар
актиномицеттер
Бактериялардың жасуша қабырғасы синтезін тежейтін антибиотик:
пенициллин
тетрациклин
левомицетин
рифампицин
полимиксин
Антибиотиктер туралы ілім негізін қалаушы ғалым:
Флеминг
Монасеин
Заболотный
Пастер
Кох
Дені сау әйелдің қынабында басым болатын микроорганизм:
лактобактериялар
клостридия
гонококктар
трихомонада
Candida саңырауқұлақтары
Топырақтың санитарлы көрсеткіштік микроорганизмдері:
Cl.perfringens
M.leprae
V.cholerue
St.pyogenes
Corynebacterium
Судың коли титрін анықтайды:
мембраналық фильтр әдісімен
Кесслер ортасында
ЕПА себу
Вильсон- Блер ортасында
седиментациялық әдіспен
Ауаның микрофлорасын тексеруге пайдалынады:
седиментациялық әдісті
Дригальский бойынша себу
Гоулди бойынша себу
сериялық ертінділер әдісті
барлық аталған әдістерді
Инвазия факторы:
гиалуронидаза
лактоза
липаза
каталаза
липопротеид
Патогенді фермент:
Плазмокоагулаза
Каталаза
Трансфераза
Редуктаза
Оксидоредуктаза
Грампозитивті бактериялардың адгезия факторлары:
Тейхой қышқылы
Липополисахаридтер
Гиалуронидаза
Липопротеиндер
Каталаза
Табиғи иммунитеттің (түрлік) негізгі белгілері:
тұқым қуалайды
вакцинадан кейін дамиды
өмір сүру барысында пайда болады
салыстырмалы
спецификалық емес
Жасанды белсенді емес иммунитет:
Сарысуды енгізгеннен кейін пайда болады
Вакцина енгізгеннен кейін пайда болады
IgM түрінде тұқым қуалайды
Механикалық тосқауыл қызметін атқарады
Ана сүті арқылы беріледі
Қалыпты микрофлораның қорғаныш қызметі:
Антагонисттік әсер
Механикалық тосқауыл
Тосқауылды бекітуші
Лизоцимнің бактерицидтік әсер етуі
Адамда мүлдем болмайды
Табиғи иммунитеттің жасушалық қорғаныш факторлары:
Фагоцитоз
Комплемент
Пропердин
Антиденелер
Лейкиндер
Лизоцим:
Фермент мураминидаза
Липопротеид
Көміртек
Фагоцитозды белендіреді
Қалыпты микрофлораның қызметін тежейді
Қозғалғыш макрофагтар:
моноциттер
ретикулярлы жасушалар
эндотелий жасушалары
қызыл сүйек кемігінің стромасы
нейтрофилдер
Аяқталмаған фагоцитоз қайда байқалады:
Гонореяда
Іш сүзегінде
Дифтерияда
Пиелонефритте
Тырысқақта
Вирустардың антагонистік қарым қатынас құбылысы аталады:
интерференция
симбиоз
вирогения
сателлизм
синергизм
Антигеннің иммуногенді және антигенді қасиеттері байланысты:
бөтендігімен
молекулалық массасы төмен
вируленттілігі
комплементтің күрт құбылысы
арнайы физикалық химиялық жағдайы
IgА сипаттамасы:
жергілікті иммунитетке жауапты
сүтте, сілекейде, несепте кездеседі
қан сарысуында димер
плацента арқылы өтеді
иммуноглобулиндердің негізгі класы
Ұрықтың пассивті иммунизациясын қамтамасыз ететін, плацента арқылы өте алатын иммуноглобулин класы:
IgG
IgМ
IgА
IgD
IgЕ
Антигеннің детерминантты топтарының қызметі:
антиденелердің активті орталықтарымен байланысады
микробтардың қорытылуын қамтиді
фагоцитозды белсендіреді
антиденелер түзілуін дамытады
сарысулы иммуноглобулиндердің дисперстілігін өзгертеді
Бактерияның Н антигені ненің құрамына кіреді
талшықтар
макрокапсула
споралар
қоспалар
клетка қабырғасы
О антигенді бөліп алу үшін бактериялық дақылды өндейді
жоғары температурамен
формалинмен
ацетонмен
трипсинмен
этанолмен
Организмнің десенсибилизациясын мына әдіс бойынша жүргізеді:
Безредко
Манту
Кох
Асколи
Ивановский
Антиген бірінші рет енгенде жауапқа бірінші болып иммуноглобулиннің қай класы түзіледі:
IgM
IgD
IgG
IgE
IgA
Вакцинаның иммуногенділігін күшейту үшін құрамына енгізеді:
адъювант
антибиотик
бактериофаг
сарысу
пробиотик
Иммуногенділігі жоғары вакциналар:
аттенуацияланған
анатоксиндер
химиялық
инактивацияланған
барлықтарының иммуногенділігі бірдей
Дәрігерге туберкулезге қарсы вакцина егуін жүргізуді ұсынған. Арнайы профилактика үшін қолданатын препаратты табыңыз:
БЦЖ
Антитоксикалық сарысу
АКДС
Тубазид
Туберкулин
Жұқпалы аллергия:
гиперсезімталдылықтың баяу типі
гиперсезімталдылықтың жедел типі
сарысулар енгізгенде дамиды
антигенді бірінші рет енгізгенде дамиды
гуморальды иммундық жауаппен көрінеді
Аллерген енген орнында байқалады:
инфильтрат
күйік
бөртпе
іріңдеу
некроз
Гельдегі преципитация реакциясы қолданылады:
токсингендікті анықтау
антибиотиктердің төзімділігін зерттеу
антитоксикалық сарысуларды титрлеу
қан тобын анықтау
комплемент денгейін анықтауда
Комплементті байланыстыру реакциясының теріс нәтижесі:
гемолиз оң
бактерия лизисі
гемолизді тоқтату
эритроциттер тұңбаға түседі
бактериялар жабысады және түйіршіктер көрінеді
Белгілі сарысумен агглютинация реакциясын қоюға қажет:
корпускулярлы антиген
комплемент
гемолитикалық сарысу
қой эритроциті
лизоцим
Ауыз қуысында бактерияның иілген формасы (спирохеталар) қандай ауруды шақырады?:
мерез
туберкулез
тырысқақ
қайталамалы сүзек
лептоспироз
Ауыз қуысында қандай микроб ұршық тәрізді формада кездеседі?:
фузобактериялар
бактероидтар
лактобактериялар
эшерихиялар
клостридиялар
Ауыз қуысындағы фагоцитоздың ерекшелігі қандай?:
сілекейде үлкен көлемде бос фагоциттердің болуы
ауыз қуысының эпителиальды- шырышты қабатында үлкен көлемде фагоциттердің болуы
аяқталмаған фагоцитоз
фагоцитеррдің сілекейде болмауы
фагоциттердің ауыз қуысында корғаныс факторларының болмауы
Иммерсионды микроскопты қолдану ережесі:
иммерсионды май қолдану
төмен түсіріліп тұрған конденсор
жанындағы жарықты қолдану
объективті 40 есе үлкейту
толық жабылған диафрагма
Барлық прокариоттарға қандай құрылымдық элемент тәң:
ЦПМ
жасушалық қабырға
капсула
спора
қосылу
Лизогенді бактериядағы профаг:
интеграцияланған бактериалық жасушаның хромосомасы
лизиске ұшырайды
қосындыларға жатады
дақылдарды фаготиптеу
хромосомалардың жиналуы
Бактерия жасушасына енеді:
нуклеин қышқылының фагы
фагтың барлық құрылымдық элементтері
фаг басының капсидті ақуыздары
фаг өсіндісіндегі капсидті ақуыздары
лизоцим фагтарының ферменті
Жіктеме бойынша бактериофагтар бөлінеді:
вирулентті және орташа
сфералық және таяқша тәрізді
патогенді және патогенді емес
грам-оң және грам-теріс
жылжымалы және қозғалмайтын
Сау әйелдердің қынабында басым:
сүт қышқылды таяқшалар
гонококктар
клостридиялар
трихомонас
Белсенді емес (өлтірілген) вакциналарға мыналар жатады:
оба
қызамыққа қарсы вакцина
паротитке қарсы вакцина
қызылшаға қарсы вакцина
туберкулез
Анатоксиндер қоздырушыға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін қолданылады:
сіреспе
туберкулез
тұмау
көкжөтел
полиомиелит
АКДС вакцинасының құрамына төмендегінен басқасынан қалған барлық компоненттер кіреді:
қызылша вакцинасы
сіреспе токсоиды
көкжөтелге қарсы вакцина
дифтерия токсоиды
алюминий гидроксиді
Химиялық вакциналар:
толыққанды антигендік кешендерден тұрады
құрамында тұтас микробтық жасушалар бар
формалинмен қыздыру және өңдеу кезінде микробтардан алынады
лиофильді кептіру әдісімен кептіріледі
антитоксикалық иммунитеттің дамуына әкеледі
Шыны ыдыстар зарарсыздандырылады:
құрғақ шкаф
пастерлеу
тиндализация
Кох аппаратында
сұйық бу
Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасына төмендегілерден басқа барлық микроорганизмдер жатады:
протей (Proteus vulgaris және т.б.)
стрептококктар (S. salivarius, S. mitis және т.б.)
актиномицеттер (Actinomyces туысы)
бактероидтар және фузобактериялар
спирохеттер (Treponema denticola, Borrelia buccalis және т.б.)
Ішек дисбиозының көрсеткіштерінің бірі болып табылатын микроорганизм:
алтын стафилококктар
бифидумбактерин
энтерококктар
лактобактериялар
лактозапозитивті E. coli
Реинфекция деген сипаттаманы табыңыз:
сауығудан кейін сол қоздырғышты қайта жұқтыру
басқа бактерияларды жұқтыру
алғашқы инфекциядан толық емделмей, қайтадан сол қоздырғышты жұқтыру
қалыпты микрофлора есебінен болуы мүмкін
эндотоксинді өндіретін бактерияны жұқтыру
Суперинфекция деген сипаттаманы табыңыз:
алғашқы инфекциядан толық емделмей, қайтадан сол қоздырғышты жұқтыру
сауығудан кейін сол қоздырғышты қайта жұқтыру
экзотоксинді өндіретін бактерияны жұқтыру
тұрақты иммунитет кезіндегі ауруларда пайда болады
бірнеше қоздырғышты жұқтырып алу
Микроорганизмнің вируленттігі:
штаммның жеке белгісі
патогендік факторына жатпайды
жануарға пассаждау кезінде өзгермейді
генотип белгісі емес
антиген-антидене кешеніне байланысты
Инфекция түрлері:
бактерия тасымалдаушы
мутуализм
комменсализм
синергизм
паразитизм
Плазмидалар:
ДНҚ молекуласының хромосомадан тыс генетикалық элементтері
бактериялық рибосомалар
бактериялық мезосомалар
кез келген белгінің фенотиптік өзгерістері
жыныстық пилилер
Молекулалық-генетикалық диагностикалау әдістерімен не анықталады:
қоздырғыштың нуклеин қышқылдары
арнайы микробтық ақуыздар
қоздырғыштың жасушалалық метаболизм өнімдері
микробтық антигендерге антиденелер
қоздырғыштың антигендері
Lac дақылынан E. coli Lac мутанттарын анықтау үшін қай коректік орта қолданылады:
Эндо
ЖСА
қан агары
Висмут-сульфитті агар
Сарысу агары
Комплементтің қорғаныс қызметтері:
иммундық лизисті тудырады
жасуша қабырғаларының өткізгіштігін өзгертеді
вирустардың көбеюін тежейді
микроорганизмдерді жояды
бактериостатикалық әрекет
Интерферон дегеніміз:
вирустың РНҚ синтезін блоктайды
жасушадан тыс вирусқа әсер етеді
лейкоциттерден шығарылмайды
Бактерияға қарсы белсенділігі бар
жасушаларға арналған токсин
Антиденелердің түзілуі мына жағдайда төмендейді:
бір мезгілде көптеген антигендерді енгізу
антибиотиктерді енгізу
адъюванттармен бірге антигенді енгізу
витаминдерді артық енгізу
иммуномодуляторларды енгізу
Іш сүзегіндегі Видаль реакциясының оң болуын анықтайды:
O- және Н-антиденелерінің болуы
О- және К-антигендер
қоздырғыш
эндотоксин
экзотоксин
Антибиотиктердің бактерицидтік әсерінің мәні:
микроорганизмдерге жоюшы әсер
өсу мен көбеюдің баяулауы
мутацияны индукциялау
микроорганизмдердің өсуі мен көбеюін күшейту
ағзаның қорғанысын күшейту
Ақуыз синтезін тежейтін антибиотик:
левомицетин
пенициллин
цефалоспорин
рифампицин
нистатин
Антисептика – бұл:
тері мен сілемейлі қабықтың зақымдалған немесе зақымдалмаған жерлеріндегі бактерияларды жоюға бағытталған шаралар кешені
микроорганизмдердің қоршаған ортадан адам ағзасының тіндеріне енуінің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені
қоршаған орта объектілерін зарарсыздандыруға бағытталған іс-шаралар кешені
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені
адам ағзасындағы инфекциялық ошақтардың өсуі мен дамуын селективті тежейтін заттар
"Стерилизация" нені білдіреді:
химиялық және физикалық факторлардың әсерінен споралық және вегетативті формалардың толық жойылуы
биологиялық факторлардың әсерінен споралық және вегетативті формалардың толық жойылуы
химиялық заттардың (лизол, хлорамин)әсерінен споралық формалардың толық жойылуы
тек вегетативті формаларды жою
химиялық заттардың (лизол, хлорамин) әсерінен вегетативті формалардың толық жойылуы
Су қоймаларының мезосапробты аймағының 1 мл судың құрамында кездеседі:
жүздеген мың микробтар
100 микробтық жасушадан артық емес
1 миллион және одан да көп микробтар
10 микробтық жасушадан артық емес
микроорганизмдер жоқ
Су қоймаларының олигосапробты аймағының 1 мл судың құрамында кездеседі:
100 микробтық жасушадан артық емес
мүлдем стерильді
1 млн микробтар
100 мың микробтар
100 мың - 1 миллион микробтар
Ауыз суға қойылатын талаптар:
1 литр суда колифагтардың мүлде болмауы
колифагтардың саны 1 литрде 10-нан аспайды
1 л микробтық жасушалардың толық болмауы
1 л-де 1000-нан аспайтын микробтық жасушалар
1 л-де 10 эшерихиядан (E. coli) артық емес
Судың санитарлық-микробиологиялық жағдайын анықтайтын әдіс:
бактериологиялық әдіс
микроскопиялық әдіс
жануарларға арналған биосынама
молекулалық-генетикалық әдістер
химиялық талдау
Стоматологиялық сепсисті тудыратын микроорганизмдер:
стрептококктар мен стафилококктар
грипп пен қызылша вирустары
шигеллалар мен сальмонеллалар
фузобактериялар мен вейлонеллалар
ішек таяқшасы мен протей
Ауыз қуысындағы кариестің басталуына себеп болатын бактериялар:
лактобактериялар мен стрептококктар
нейссериялар мен трепонемалар
эпидермалды стафилококк пен вейлонеллалар
тетракокктар и сарциналар
пневмококктар мен коронавирустар
Ауыз қуысының споротрихиозын тудыратын микроорганизмдер:
саңырауқұлақтар
спора түзуші бактериялар
спора түзбейтін бактериялар
вирустар
спирохеталар
Ауыз қуысы кандидозын микробиологиялық зерттеуінде қолданатын қоректік орта:
Сабуро ортасы
Эндо ортасы
Гисс ортасы
Рессель ортасы
залалсызданыру ортасы
Ауыз қуысындағы микобактериялар қандай процесті тудыруы мүмкін:
остеомиелит
пульпит
кариес
глоссит
хейлит
Қышқылға төзімді бактерияларды бояу әдісі:
Циль-Нильсен
Романовский-Гимза
Грам
Здродовский
Бурри
Стоматологиялық құралдар зарарсыздандырылады:
құрғақ шкафта
гипертониялық ерітіндіде
калий перманганатының ерітіндісімен
алкоголь
формалин ерітіндісі
Облигатты анаэробтар ауыз қуысында қай кезде пайда болады:
тіс шыққаннан кейін
бірден туылғаннан кейін
алғашқы емізуден кейін
аралас емізуден кейін
7 жаста
Ауыз қуысын микробиологиялық зерттеуінде материалды алу үшін мыналар қолданылады:
мақтадан жасалған турунда
тамшуыр
корнцанг
тамшуыр
резеңкелі алмұрт
Қалыпты жағдайда сау адамдардың ауыз қуысында қандай бактериялар мекендейді:
аэроб пен анаэробтардың 100 астам түрі
микроорганизмдер кездеспейді
жекеленген микроорганизмдер ғана кездеседі
тек кокктық флора мекендейді
тек анаэробатр ғана кездеседі
Сілекейде бактериялар санын қандай мақсатпен анықтайды:
тісжегіні емдеудің нәтижесін тексеру үшін
тұмауды емдедудің нәтижесін тексері үшін
ауруханадан шықпастан бұрын
вакцинациялаудың нәтижесін тексеру үшін
балалар мекемесіне жұмысқа орналасқанда
Тісжегіні емдеудің сапасын тексеру үшін қандай жұмыс жүргізіледі:
лактобациллен-тестті анықтау
сілекейдің коли-титрын анықтау
сілекейде стафилококктар санын анықтау
Манту сынамасы
Минор сынамасы
Сілекейдің 1 мл-де микробтардың жалпы санын анықтаудың әдісі:
стимуляция әдісі
Нобель жедел әдісі
таңбаланған антиденелер әдісі
Ермолева әдісі
Прайс әдісі
Сілекейдің колония түзуші бірлігін (КОЕ) қалай анықтайды:
ЕПА себу арқылы
агглютинация реакциясында
преципитация реакциясында
тура микроскопиялау
комплемент байланысу реакциясында
Ауыз қуысындағы микрофлораның патогенді қасиеттерін қандай ферменттер арқылы анықтайды:
гиалуронидаза
амилаза
лактоза
гидролаза
липаза
Толық уақытына жеткізбей шала залалсыздандырылған саймандар арқылы стоматолог-дәрігер пациентін қандай қоздырғыштармен жұқтыруы мүмкін:
В, С гепатиттері
пиелоневрит
перитонит
тонзиллит
энцефалит
Ауыз қуысының шырышты қабатының қорғанышында иммуноглобулиндердің қай классының маңызы зор:
А иммуноглобулин
М иммуноглобулин
G иммуноглобулин
D иммуноглобулин
Е иммуноглобулин
Ауыз қуысы дисбактериозының басты себептерінің бірі:
Candida
вейлонеллалар
стрептококктар
микрококктар
вибрион
Төмендегі нұсқалардың қайсысы кариес тудырушы факторға жатады:
тіс қағының (налет) микрофлорасы
дұрыс тамақтанбау
соматикалық аурулар
тұрғындардың төмен әлеуметтік жағдайы
қоршаған орта факторлары
Одонтогенді абсцесстерді тудыратын микроорганизмдер:
микробтық ассоциациялар
тек қана Staphуlococcus aureus
тек қана Candida и Aspergillus саңырауқұлақтары
тек қана стрептококктар мен энтерококктар
тек қана бактероидтар мен фузобактериялар
Венсан фузоспирохетозын тудыратын микробтар:
фузобактерия мен боррелиялар
спирохеталар мен стафилококктар
ішек таяқшасы мен фузобактериялар
фузобактериялар мен стрептококктар
фузобактериялар мен лактобактериялар
Эритрогенді токсин өндіруге қабілетті стрептококктар қандай ауруды тудырады:
скарлатина
созылмалы тонзиллит
қызылиек қабыну
терінің іріңді қабынулары
флегмона
Елді мекенде эпидемиолог су арқылы берілетін гепатит инфекциясының көзің тіркеді. Инфекцияның көзі гепатит вирусының қандай түрі?
Вирус гепатита E, A
Вирус гепатита D, TTV
Вирус гепатита C, D
Вирус гепатита B
Вирус гепатита G
Жұқпалы ауруханаға вирусты гепатитпен ауырған науқас жеткізілді. Қоздырғыштың әсеріне қарсы жауап ретінде қай антиденелер бірінші болып өндіріледі?
IgM
IgG
IgA
IgD
IgE
Гепатит А вирусының тұқымдастығы:
Pіcornavіrіdae
Нepadnavіrіdea
Rhabdovіrіdae
Paramіxovіrіdae
Нerpesvіrіdae
Гепатит А вирусының зертханалық диагностикасы:
IgM класындағы анти-HAV антиденелерін анықтау
НВс антигенін анықтау
вирустың ликвордан бөлінуі
Hbs антигенін анықтау
НВе-антигенді анықтау
Хирургиялық операция кезінде науқасқа қан құйылды. Дәрігер науқастың қанын қандай қоздырғыштың антигеніне тексерді?
Вирусты гепатит В
Аденовирус
Вирусты гепатит А
Вирусты гепатит Е
Энтеровирус
Зертханаға үш қан сарысуы жеткізілді: созылмалы В гепатиті бар науқастың, В гепатитімен бұрын ауырған науқастың және ағымы көрініссіз В гепатиті бар науқастың сарысулары. Сарысуларда қандай антиген анықталады?
HВsAg
HВeAg
HВcAg
HBcAg мен HВeAg
HBcAg мен HВsAg
Науқас В гепатиті диагнозымен алдын-ала ауруханаға жатқызылды. Диагностикалау үшін дәрігер антигеннің пероксидазамен немесе сілтілі фосфатазамен химиялық байланысқан антиденемен әрекеттесуіне негізделген серологиялық реакция жасады. Дәрігер қандай серологиялық реакция жасады?
Иммуноферментті анализ
Радиоиммунды әдіс
Иммунофлуоресценция реакциясы
Комплемент байланыстырушы реакция
Иммобилизация реакциясы
Вирусты D (дельта) гепатиті ақаулы вирус болып табылады және тек төмендегі вируспен жұқтырылған жасушаларда ғана көбейеді:
Гепатит В
Гепатит А
Гепатит Е
Эпштейн-Барр
АИТВ
В гепатитінің ауыр ағымына байланысты, дәрігер пациентке негізгі аурудың ағымын асқындырған спутниктік агентті анықтау үшін диагностика жүргізді. Бұл агентті атаңыз?
Дельта вирусы
С гепатиті вирусы
Е гепатиті вирусы
А гепатиті вирусы
HBS-антиген
Сарысулық гепатитпен ешқашан ауырмаған студентке донор болуға тыйым салынды. Себебі оның қанында организмнің вирус жұқтырғанын көрсететін серологиялық маркер анықталды. Ол қандай маркер?
HBsAg
HBcAg
HBeAg
HBcIg
HBsIg
Донордың қанын зерттеу кезінде гепатит В вирусының маркері анықталды. Қандай маркер донор қанын гемотрансфузияға қолдануға рұқсат бермейді?
HBs-антиген
HBc-антиген
HAV
HBe-антитела
HBe-антиген
Жазғы лагерьден оралғаннан кейін бір айдан кейін, жұқпалы аурулар бөліміне шағымдармен бала жеткізілді, анамнезінің негізінде дәрігер "Гепатит А вирусын" диагнозын қойды?”. Бұл балада гепатит А вирусын жұқтырудың ең ықтимал механизмі қандай?
фекальды-оральды
контактілі
ауа-шаң
трансмиссивті
парентеральды
Науқас, 20 жаста, дәрігерге терінің және склераның сарғаюы, бауыр аймағындағы ауырсыну туралы жүгінді. Гепатит А вирусына күдік туды, бұл ауруды науқастың жұқтыруы мүмкін:
азық-түлік, су арқылы
жұқпалы қан арқылы
жұқпалы плазма арқылы
жәндіктердің шағуы
стерильді емес шприцтер
Жұқпалы ауруханаға вирусты гепатитпен ауырған науқас жеткізілді. Қоздырғыштың әсеріне қарсы жауап ретінде қай антиденелер бірінші болып өндіріледі?
IgM
IgG
IgA
IgD
IgE
Гепатит В профилактикасы ретінде бет-жақ хирургиялық бөлімшесіңде вакцинация жүргізілді. Иммунизациядан кейін қандай маркерлерді анықтайды?
Анти-HBs
Анти-HВe
ДНК ВГВ
HВcAg
HВsAg
Стоматологиялық клиниканың жұмысшылары В гепатитіне қарсы вакцинациялауы керек және оларда жасанды белсенді иммунитет пайда болады. Осы мақсатта қандай препаратты қолдану керек?
вирустық антигендерден рекомбинантты вакцина
донорлық қаннан алынған гамма-глобулин
арнайы иммуноглобулин
моноклоналды антиденелер
тауық эмбрионында өсірілген белсенді емес вирус
Гепатит В вирусының зертханалық диагностикасын өткізу кезінде науқастың қанынан вирустық ДНҚ анықталды. Төменде берілген реакциялардың қайсысының көмегімен анықтауға болады?
Тізбекті полимеразды реакция
Пассивті гемагглютинация реакциясы
Комплементті байланыстыру реакциясы
Иммундыферментті талдау
Гемагглютинацияны тежеу реакциясы
Операция кезінде науқасқа қан құйылды. Бұл қанды қандай қоздырғыштың антигеніне тексеру қажет?
Гепатит В вирусы
Гепатит Е вирусы
Гепатит А вирусы
Энтеровирустар
Аденовирустар
Вирионның құрамында РНҚ-тәуелді ДНҚ-полимеразасы бар вирус қандай тұқымдастыққа жатады?
Retroviridae
Adenoviridae
Orthomyxoviridae
Rhabdoviridae
Reoviridae
Retroviridae тұқымдастығына жататын адамның иммунды тапшылық вирусын сипаттайтын басты белгіні анықтаңыз:
Кері-транскриптаза ферментінің болуы
«Теріс РНҚ» болуы
Адамда ғана ауру тудыратын қарапайым вирус
Нуклеин қышқылы иесі геномымен интеграцияланбайды
Созылмалы инфекцияның себебі болатын ДНҚ-құрамды вирус
Дәрігер Африка студентінен Беркит лимфомасын тапты. Осы ауруды туындататын герпес вирусының түрі?
Эпштэйн-Барр вирусы
Белдемшелі герпес вирусы
Қарапайым герпес вирусы, тип I
Қарапайым герпес вирусы, тип II
Адамның цитомегаловирусы
ДДҰ дерегі бойынша 1980 жылы медицинаның күш-жігерінің арқасында әлемде қандай вирустық инфекция жойылды?
табиғи шешек
қызылша
полиомиелит
ЖИТС
тұмау
Герпесвирусты инфекциясы бар науқастың терісінде, еріннің сілемейлі қабығында және мұрнында везикулалар пайда болды. Герпес вирусын бөліп алу үшін вирусолог қанда экспресс-диагностика реакциясын қолданады?
иммундыфлуоресценция реакциясын
бейтараптау реакциясын
комплементті байланыстыру реакциясын
гемагглютинацияны тежеу реакциясын
преципитация реакциясын
Науқастағы жайылмалы герпесвирусты инфекцияның диагностикасы үшін вирусолог белгілі бір класқа жататын спецификалық антиденені анықтау үшін қан сарысуын зерттеді. Антидененің қандай класы вирусты инфекцияның жедел кезеңін көрсетеді?
IgM
IgA
IgE
IgG
IgD
Аурудың екінші күнінде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған студентте дәрігер жұқпалы мононуклеоздың болуына күдіктенді. Қандай зертханалық зерттеу тәсілі науқастың диагнозын нақтылай алады?
Эпштейн-Барр вирусына қарсы IgM антиденесін анықтау
Цитомегаловирусқа қарсы антиденені анықтау
Жел шешек вирусын анықтау
Эпстайна-Барр вирусына қарсы антидене титрінің 4 есе артуын анықтау
Қарапайым ұшық вирусына IgM – антиденені анықтау
60-жастағы науқаста суықтанудан кейін бет терісінде оң жақ бет нервісі бойымен ауырсынатын, қышитын везикулалар пайда болды. Антибиотигі бар жақпаны қолдану тиімсіз болды. Бұл аурудың қоздырғышы:
Herpesvirus
Adenovirus
Streptococcus
Staphylococcus
Bacillus
Неврология бөлімшесіне белдемшелі бөртпелер шығуына шағымданған әйел келіп түсті. Кеудесінің терісінде бөрпелер ауырсынады, көпіршіктердің ішінде серозды сұйықтық бар. Аурудың себепшісі қандай вирус?
Альфа-герпесвирус
Бета-герпесвирус
Гамма-герпесвирус
АИТВ
Поксвирус
Балалар бақшасында балалар ауруларының бірнеше түрлері анықталды. Клиникалық көрінісі: дене температурасы жоғарылаған, аранда, ауыз қуысында және терісінде көпіршікті бөртпелер бар. Болжамды диагнозы - желшешек. Төменде берілген материалдардың қайсысын экспрес-диагностика үшін вирусологиялық зертханаға жіберу керек?
Везикула құрамын
Қолдың шайындысын
Қақырықты
Зәрді
Нәжісті
Науқас организмінде қарапайым герпес вирусы бар екенін қандай зерттеу әдістері арқылы анықтауға болады?
Вирусологиялық және серологиялық
Вирусологиялық және биологиялық
Серологиялық және биологиялық
Микроскопиялық және биологиялық
Микроскопиялық және аллергиялық
Науқас тіс дәрігеріне ауырсыну, қызару, қызыл иектің ісінуі шағымдармен жүгінді. Дәрігер герпетикалық гингивостоматиттің дамуын анықтады. Бұл ауруды қандай вирус тудырды?
қарапайым герпес вирусы 1 тип
қарапайым герпес вирусы 2 тип
шингл вирусы (опоясывающий лишай)
Цитомегалия вирусы
Эпштейн-Барр вирусы
Емханаға ит тістеген науқас қаралды. Итті ұстап алды және ол ит құтырған болып шықты. Құтыру вирусының арнайы сақтандыруы үшін қандай вакцинаны пайдаланады?
Аттенуациялық
Анатоксин
Химиялық
Рекомбинантты
Синтетикалық
Жабайы аңдар бар ауданда эпидемиолог құтырудың эпидорталығын тіркеді, емханаға қанғыған ит тістеген ер кісі қаралды. Профилактикалық мақсатта науқасқа антирабиялық вакцина енгізді. Бұл препарат қандай вакцина тобына жатады?
Аттенуациялық
Инактивациялық
Молекулалық
Синтетикалық
Анатоксин
Кенелік энцефалиттің жұғу жолы:
трансмиссивті
контактты
аэрогенді
тұрмыстық
ауа-тамшылы
Кенелік энцефалит вирусының материалын вирусологиялық зерттеуде өсіреді:
Жануар организмінде
Синтетикалық ортада
Тасымалдаушы организмде
Қан агарында
Сарыуызды агарда
Дәрігер 8-жастағы баладан кенелік энцефалиттің белгілерін анықтады. Кененің шағуынан басқа, науқасқа қандай жол арқылы инфекция берілуі мүмкін?
Алиментарлы
Контактылы
Артифициалды
Ауа-тамшылы
Ауа-шаңды
Иммунологиялық профильді диагностикалық зертханаға науқастың материалында қырым безгегі вирусын жұқтырған жасушаларды анықтау тапсырмасын алды. Қайсы реакцияны тағайындаған дұрыс?
иммунофлуоресценция реакциясы
агглютинация реакциясы
пассивті гемагглютинация реакциясы
комплементті байланыстыру реакциясы
гемагглютинация реакциясы
Оба қоздырғышы:
овоидты биполярлы боялған грам теріс таяқша
тікелей грам-позитивті таяқша
иілген грам-теріс таяқша
грамтеріс диплококк
стрептококк
ҒЗИ вирусологтары антирабиялық вакцина шығарды. Вакцинаны алу үшін құтыру вирусының қандай штаммы қолданылды?
Бекітілген вирус
Инактивацияланған вирус
Ультракүлгін сәулелердің әсерінен зиянсызданған вирус
Гендік инженерия әдісінің көмегімен синтезделген вирус
Иттерден бөлінген вирус
Ауруханаға балтырынан тістелген науқас түсті. Жануардан құтыру анықталды. Құтырудың алдын алу үшін науқасқа қандай вакцина енгізу керек?
антирабиялық вакцина
АКДС
АДС
БКК
ТАВТе вакцинасы
Қала маңында ұсталған түлкінің миынан вирусолог Бабеш-Негри денешігін тапты. Бұл қандай инфекция?
Құтыру
Кенелік энцефалит
Қызылша
Эпидемиялық паротит
Жұқпалы мононуклеоз
Аңшыға жедел медициналық көмек қажет, оның қолын жараланған түлкі тістеп алды. Науқасқа құтырудың нақты алдын алу үшін қандай көмек қажет?
антирабиялық вакцинаны енгізу
хирургиялық жараны емдеу
антибиотиктерді енгізу
жараны сабынды сумен жуу
жараны йод ерітіндісімен емдеу
Құтырған иттің бас ми кесіндісінен дайындалған жағындыны ИФР-мен зерттегенде вирусолог жарқырауды байқады. Бұл зерттеу нені көрсетеді?
Антигендер мен антиденелер кешенін
Вирустар белоктарын
Антиденелерді
Бабеш-Негри денешіктерін
Пашен денешіктерін
Қайтыс болған науқастың бас миынан вирусолог Бабеш-Негри денешігін анықтаған. Бұл вирус қай тұқымдастыққа жатады?
Rhabdoviridaе
Adenoviridae
Herpesviridae
Retroviridae
Orthomyxoviridae
Жабайы аңдар бар ауданда эпидемиолог құтырудың эпидорталығын тіркеді, емханаға қанғыған ит тістеген ер кісі қаралды. Профилактикалық мақсатта науқасқа антирабиялық вакцина енгізді. Бұл препарат қандай вакцина тобына жатады?
Аттенуациялық
Инактивациялық
Молекулалық
Синтетикалық
Анатоксин
Тұмау вирусының өмірлік циклі жүреді:
цитоплазмада және жасуша ядросында
жасуша мембранасында
жасушааралық кеңістікте
қан сарысуында
ликворда
Күрделі вирустар хламидиоздан осындай белгілермен ерекшеленеді:
вирустардың өсуі әртүрлі антибактериалды препараттарды тежемейді
вирустар көлденең бөліну арқылы көбейеді
вирустарда РНҚ да, ДНҚ да жоқ
вирустардың қабығында липополисахаридтер бар
вирустарда рибосомалар бар
Вирустық аурулардың серологиялық диагностикасы антиденелердің антигендермен өзара әрекеттесуіне негізделген. Флюорохромдармен белгіленген антиденелер қолданылатын серологиялық реакция қалай аталады?
иммунофлуоресценция реакциясы
ферменттелген антиденелермен реакция
полимеразды-тізбекті реакция
комплементті байланыстыру реакциясы
молекулалық будандастыру реакциясы.
Жасуша дақылында вирустарды анықтау үшін IN vitro вирустарды өсіру кезінде қоректік ортаның рН өзгеруіне негізделген әдіс қолданылады. Вирустарды анықтаудың бұл әдісі қалай аталады?
түсті реакция
вирустардың цитопатиялық әсері
гемагглютинация реакциясы
гемадсорбция реакциясы
бляшка түзілу реакциясы
Зертханада вирустарды дақылдандыру жоспарланған. Моноқабатты жасуша дақылын алу үшін қандай қоректік ортаны пайдалану керек?
Игла МЕМ ортасы
Эндо ортасы
сарысы-тұз агары
қан агары
өт сорпасы
60 жастағы ер адамда ақыл-парасат кемдігі атаксиясы және ұйқышылдықпен көрінетін прогрессивті деменция дамуда, дәрігерге
"Крейцфельдт-Якоб ауруын" алдын ала диагнозын қойды. Ауруды қандай инфекциялық агент тудырды?
Прион
Бактерия
Вирус
viroid
Плазмида
ПТР көмегімен "жатыр мойны обыры" диагнозы қойылған науқаста, дәрігер ПТР көмегімен ДНҚ-сын қабылдаушы жасуша геномына біріктіретіні белгілі 16 типті (ПВХ-16) адам папилломавирусын анықтады. Жасуша геномына біріктірілген вирус қалай аталады?
Провирус
вироид
Вирусоид
Вирион
Прион
Науқасқа вирустық ауру диагнозы қойылды. Вирустың жасушаға енуі фагоцитоз сияқты механизмдерге негізделген жолмен жүруі мүмкін. Бұл жағдайда ол аталады:
виропексис
депротеинизация
репликация
вирогения
репродукция
Тауық эмбрионын "хорионаллантикалық қабыққа" жұқтырмас бұрын, бактериолог пенициллин мен стрептомицинмен ауыратын науқастан зерттелетін материалды өңдеді. қандай қоздырғышты бөліп алу керек?
вирустар
саңырауқұлақтар
риккетсия
бактериялар
қарапайымдылар
Мезгілдік тұмаудан сақтандыру үшін оқу орындарында балалар мен жасөспірімдерге белсенді иммунизация өткізу кезінде қандай препарат қолданылады?
Тұмаудың өлі вакцинасы
Ремантадин
Адам иммуноглобулині
Оксолин
Интерферон
Белсенді емес парагрипп вирусының түрін анықтау үшін:
РТГА
РТГадс
РПГ
РСК
РН
Тұмауды вирусологиялық диагностикалау үшін 10 күндік тауық эмбриондары қолданылады. Парагрипп вирустарын дақылдандыру үшін қандай модельді қолдану керек?
жасуша дақылын
тауық эмбрионы
ақ тышқандар
ақ егеуқұйрықтар
гвинея шошқалары
Гемагглютинацияны тежеу реакциясын (ГАТР) қандай аурудың диагностикасында қолданған маңызды?
Тұмау
Гепатит С
Қарапайым ұшық І типі
Құтыру
АИВ-инфекциясы
Қалада басталған тұмау эпидемиясынан бейспецификалық сақтандыру үшін қандай препарат ұсынасыз?
Лейкоцитарлық интерферон
Тұмауға қарсы вакцина
Ремантадин
Тұмауға қарсы иммуноглобулин
Тұмауға қарсы сарысу
Тұмау вирусы қандай тұқымдасқа жатады?
Orthomyxoviridae
Hepadnaviridae
Herpesviridaе
Picornaviridae
Togaviridae
Науқас адамның сарысуынан РС-вирусқа антиденелер анықталған. Бір апта өткен соң қайталанған зерттеулерде антиденелер титрі жоғарғы деңгейде. Бұл нені білдіреді:
Науқас бұрын РС-инфекциямен ауырған
Науқас осы сәтте РС-инфекциямен ауырады
Иммунитет тапшылығы дамыған
Вакцинадан кейінгі иммунитет салдары
Иммунитет қалыптаспаған
Вирусолог жасуша дақылына құрамында вирустары бар ЖРВИ-мен ауыратын науқастың биоматериалын жұқтырды. Гемадсорбция реакциясы арқылы қандай вирусты анықтауға болады?
А типті тұмау вирусы
I типті Полиомиелит вирусы
II типті Полиомиелит вирусы
III типті Полиомиелит вирусы
А гепатиті вирусы
Науқас бас ауруы, жалпы әлсіздік, жөтел, дене температурасының жоғарылауына шағымданды. Дәрігер "бактериалды респираторлық инфекция" диагнозын қойды. Аталған микробтардың қайсысы осы аурудың қоздырғышы бола алады?
пневмококк
тұмау вирусы
аденовирус
респираторлық синцитиальды инфекция вирусы
коронавирус
Педиатр 7 жасар балаға «парамиксовирусты инфекция» диагнозын қойды. Парамиксовирустардың цитопатиялық әсері қалай көрінеді?
ядроішілік қосындылар түзу
симпласт түзу
Бабеш-Негри денешіктері пайда болады
Липшютц қосындылары пайда болады
гигантты жасушалар пайда болады
Қалада тұмау эпидемиясы. Аурудың спецификалық емес алдын алу үшін пациенттерге қандай препаратты ұсынасыз?
Интерферон
тұмауға қарсы вакцина
Пенициллин
тұмауға қарсы иммуноглобулин
тұмауға қарсы сарысу
Балабақшада бала қызылшамен ауырып қалды. Аурумен байланыста болған адамдары қандай препаратты қолдану арқылы оларды қызылшамен ауырудан сақтайды?
Қызылшаға қарсы вакцина
Қызылшаға қарсы иммуноглобулин
Иммуностимуляторлар
Антибиотиктер
Ацикловир
Эпидимиолог перзентханада қызылша ауруының көзі шыққаны туралы хабарлады. Аналары бұрын қызылшамен ауырған балалар ауырмайды деп болжауға болады. Жаңа туған нәрестелерді, аурудан антиденелердің қай класы қорғайды?
IgG
IgA
IgD
IgM
IgE
Туберкулез микобактериясы Лэвенштейн-Йенсен ортасында төмендегідей колониялар түзеді:
гүлді қырыққабат
сынған шыны
кестелі орамалдар
өрілген шаш
түймедақ
Қызылшаның спецификалық алдын-алу міндетті вакцинация жоспарына енгізілген. Қызылшаның алдын алу мақсатында қандай вакцинаны қолдануға болады?
тірі вакцина
белсенді емес
химиялық
анатоксин
антиидиотиптік
Қызылшадан жазылған балада шартты-патогенді бактериялардан туындаған пневмонияны дамыды. Бұл инфекцияның қандай түрі?
екіншілікті инфекция
Реинфекция
Суперинфекция
тұрақты инфекция
Микст инфекциясы
Қызамықты тиімді түрде алдын алу үшін қандай вакциналар қолданылады?
Рубивакс және Тримовакс
Солк вакцинасы
Л-16 (қызылша қоздырғышының атенуирленген штаммынан алынған вакцина)
Л-3
суббірліктер
Қандай ауру ДНҚ геномдық вирусын тудырады?
аденовирустық инфекция
ЖИТС
респираторлық синцитиальды инфекция
тұмау
парагрипп
Жұқтырған жасушаның ДНҚ синтезін тежеп, вирустың репликация процесіне кедергі келтіретін дәрі қандай вирусқа әсер етеді?
аденовирустар
ортомиксовирустар
рабдовирустар
полиовирустар
тогавирустар
Баланы жоғарғы тыныс жолдарының вирусына байланысты ауруханаға жатқызылды. Қай тұқымдастың вирустары "қосарланған вирустар", яғни онкогенді және жұқпалы ауруды тудыруы мүмкін?
Adenoviridae
Rhabdoviridae
Picornaviridae
Orthomyxoviridae
Coronaviridae
Жаңа туған нәрестенің қан сарысуында қызылша вирусына қарсы антиденелер табылды. Бұл қандай иммунитеттің болуын көрсетеді?
Табиғи пассивті
табиғи белсенді
жасанды пассивті
жасанды белсенді
тұқым қуалайтын
Табиғи шешек ауырған науқастың шырышты қабығындағы көпіршіктен вирусологиялық жағынды алып, зертханаға жіберілді. Микроскопия кезінде төменде келтірілген қандай өзгерістер анықталды?
Пашен денешігі
Бабеш-Негри денешігі
Гуарнери денешігі
Бабеш-Эрнст денешігі
Синцитийлер
5 жастағы науқас баланы тексеру кезінде клиникалық шағымдар негізінде "эпидемиялық паротит" диагнозы қойылды. Бұл аурудың осы жолдардың қайсысымен берілуі мүмкін?
ауа-тамшылы
трансмиссивті
жануарлардың тістеуі кезінде
фекальды-ауыз арқылы
парентеральды
Науқастан вирусы бар материалы нәтижесінде, микроскопияда жасушаның беткі моноқабатын зерттей отырып, дәрігер-зертханашы респираторлы-синцитиальды вирустық инфекция диагнозын қойды. Бұл вирус жасуша дақылында қандай өзгерістер тудырады?
симпласттардың қалыптасуы
кластер тәрізді моноқабаттың жойылуы
жасушалық моноқабаттың толық жойылуы
Бабеш-Негри денешіктерінің пайда болуы
жасуша пролиферациясы
Вирусологиялық зертханада полиомиелитпен ауыратын науқастан алынған материалды зерттеу жүргізілуде. Ол үшін зертханалық дәрігер пробиркада орналасқан қоректік ортаны пайдаланды. Ол үшін қандай орта қолданылады?
199
Хэнкс қоректік ортасы
Чистович қоректік ортасы
Эрл қоректік ортасы
бұзау Сарысуы
Вирустардың көбеюі кезінде, оның құрамдас бөліктері: РНҚ, вирустық ақуыздар жасушада бөлек синтезделеді, содан кейін ғана вириондардың өздігінен жиналуы жүреді. Көбеюдің бұл түрі аталады:
дисъюнктивті
репродуктивті
лизогенді
стихиялы
рекомбинативті
Жедел респираторлық инфекцияның өршуі кезінде, тұмау диагнозын қойылып, жедел диагностика мақсатында зерттеу жүргізілді, зерттелетін материалда (жұтқыншақтың мұрын бөлігінен жуу) арнайы вирустық антигенді анықтауға негізделген. Бұл үшін қандай серологиялық реакция қолданылады?
иммунофлуоресценция
агглютинация
опсонизация
преципитация
комплементті байланыстыру
Вирусологиялық зертханада полиомелитпен түскен науқастан алынған материалдар зерттелді. Ол үшін дәрігер-лаборант қандай қоректік ортаны қолданады?
Игла ортасы
Хэнкс ортасы
Чистович ортасы
Эрла ортасы
Бұзау сарысуы
Ауру басталғаннан кейінгі 2-3 апта ішінде қандай вирусты науқастың нәжісінен анықтауға болады?
Полиомиелит
Тұмау
Гепатит В
Қызылша
Қызамық
Зертханаға полиомиелитпен ауыратын науқастың материалы жеткізілді. Вирусолог вирусты қалай бөліп алады?
Вирусты синтетикалық 199 ортаға себу арқылы
Вирусты жасушалар ортасына себу арқылы
Вирусты дифференциальды-диагностикалық ортаға себу арқылы
Вирусты элективті ортаға себу арқылы
Вирусты арнайы ортаға себу арқылы
Науқас бала 5 жаста, бес күннен кейін мұрын жұтқыншақтың сілемейлі қабығынан және бадамша безінен полиомиелит ауруының қоздырғышы бөлінді. Вирусолог қоздырғыштың серотипін анықтау үшін қандай реакцияны қолданды?
Цитопатиялық әсер бойынша бейтараптау реакциясын
Гемагглютинацияны тежеу реакциясын
Гемадсорбцияны тежеу реакциясын
Тура емес гемагглютинация реакциясын
Комплементті байланыстыру реакциясын
Полиомиелиттің арнайы сақтандыруында қандай препарат қолданылады?
Аттенуациялық вакцина
АКДС вакцинасы
Анатоксин
Бактериофаг
Химиялық вакцина
Үндістанға барып келген науқасқа дәрігер «полиомиелит» деген болжамды диагноз қойды. Вирусолог диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізуі қажет?
Нәжістен вирусты бөліп алу, идентификациялау, қанның қос сарысуын серологиялық зерттеу
Электронды микроскоп әдісімен нәжістен вирусты индикациялау және идентификациялау
Қанды «жаншылған» және «ілінген» тамшы әдісімен микроскопиялау, қоректік орталарға себу
Иммундыфлюоресценция реакциясының көмегімен асқазанның шайынды суын зерттеу
Қоздырғышты жинақтау үшін нәжісті қоректік ортаға себу, серологиялық зерттеу
«Энтеровирусты инфекция» деген болжамды диагнозбен науқас ауруханаға жатқызылды. Вирусолог қоздырғышты дақылдандыру үшін жасуша дақылын пайдаланды. Жасушадағы вирустың репродукциясын қалай анықтауға болады?
Вирустың жасушадағы цитопатиялық әсері бойынша
Вирустың цитоплазмадағы қосындылары бойынша
Гемадсорбция реакциясы бойынша индикациялау
Агглютинация рекциясының көмегімен
Флокуляция реакциясының көмегімен
Үш күннен бері диареямен ауырған 3 жасар баланың нәжісінде, вирусолог иммундық- электронды микроскопия әдісімен екі қабатты капсид пен псевдоқабықты вирусты анықтады. Вирус инелері бар кішкентай дөңгелектерге ұқсайды. Морфологиялық берілген ерекшеліктері қандай вирусқа тән?
ротавирус
Коксаки вирусына
ЕСНО-вирустар
коронавирус
Реовирусқа
Вирусологиялық зертханаға Коксаки В вирустық инфекциясын растау үшін дәрігер 16 жастағы науқастан алынған материалды жіберді. Вирустың жинақталуы үшін вирусолог қандай зерттеу жүргізеді?
қоздырғышты жинақтау үшін арнайы жасуша дақылын ((Нер-2, НеLa))пайдаланады
зерттелетін материал Эндо ортасына себіледі
зерттелетін материал қан агарына себіледі
зерттелетін материал ет-пептон сорпасына себіледі
патогенді қоздырғышты жинақтау үшін тауық эмбрионын пайдаланады
Энтеровирустық инфекция белгілері бар науқастан алынған материалда вирусолог құрамында Коксаки А және ЕСНО-инфекция вирустарының әртүрлі серотиптерінің антигендері бар штаммды бөліп алды. Бір жасушада байланысты вирустардың бір уақытта көбеюі кезінде капсидті ақуыздардың алмасуы болған процесс қалай аталады?
фенотиптік араластыру
генотиптік маскировка
екі жақты комплементация
кедергі
генетикалық репрессия
Полиомиелиттен арнайы сақтандыру үшін әртүрлі биологиялық препараттар қолданылуы мүмкін. Қандай препарат ішектің сілемейлі қабығында ұзақ жергілікті иммунитетті қалыптастырады?
Аттенуацияланған вакцинаны тамшы түрінде қабылдау
Инактивацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Полиовирусты иммуноглобулинді ауызға тамшылату
Аттенуацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Донор иммуноглобулинін парентералды енгізу
Полиомиелиттен арнайы сақтандыру үшін әртүрлі биологиялық препараттар қолданылуы мүмкін. Қандай препарат ішектің сілемейлі қабығында ұзақ жергілікті иммунитетті қалыптастырады?
Аттенуацияланған вакцинаны тамшы түрінде қабылдау
Инактивацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Полиовирусты иммуноглобулинді ауызға тамшылату
Аттенуацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Донор иммуноглобулинін парентералды енгізу
Полиомиелитке қарсы қандай вакцина гуморалды және жергілікті иммунитетті қалыптастырады?
Аттенуациялық вакцина
Суббірліктік вакцина
Химиялық вакцина
Инактивациялық вакцина
Векторлы вакцина
Сумен қамтамасыз ету жүйесінде болған апаттан кейін тұрғындардың арасында жедел ішек инфекциясымен аурушылдық артқан. Аурудың клиникалық көрінісі мен эпидемиологиялық жағдайлардың нәтижесі бойынша науқастарды жұқпалы ауруханаға жатқызған дәрігер «гепатит А» диагнозын қойды. Дәрігер диагнозды нақтылау үшін науқастан алынған қандай материалды зерттеуге жіберді?
нәжісті
қанды
зәрді
жара бөліндісін
ми-жұлын сұйықтығын
Полиомиелитке қарсы егу кезінде Сэбин вакцинасын қолданады. Вакцинадан кейінгі иммунитеттің қалыптасуына иммуноглобулиндердің қай класы қатыспайды?
IgE
IgG
IgA секреторлық
IgM
IgA сарысулық
Вирусолог полиомиелиттің серологиялық диагностикасы кезінде науқастың қос сарысуын зерттеді. Вирусолог бейтараптау реакциясын қою кезінде антигеннің сапасын анықтау үшін не қолдану қажет?
Үш типті тірі вирусты
Вирустың комплемент байланыстырушы антигенін
Формалинмен инактивацияланған антигендерді
Гемагглютинин-антигендерді
Вирустағы капсид белоктарының антигендерін
Қызылша вирусы қайсы тұқымға жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет