Сабақ кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Оқушыларды тақырыппен, мақсаттарымен және сабақ мақсатымен таныстыру
Өтілген тақырыптарды қайталау:
1. Механикалық жұмыс дегеніміз не?
2. Механикалық жұмыстың өлшем бірлігі қандай?
3. Жұмыс қалай анықталады?
4. Қай жағдайда механикалық жұмыс 0-ге тең болуы мүмкін?
5. Жұмысты графикалық түрде қалай анықтауға болады?
6. Қуат дегеніміз не?
7. Қуаттың өлшем бірілігі қандай?
8. Егер күш пен жылдамдықтың бағыттары сәйкес келетін болса, қуат қалай анықталады?
9. Автомобиль жолда бірқалыпты қозғалып келеді. Автомобильге әрекет ететін теңәсерлі күштің жұмысы қандай?
10. Автомобильдың тарту күшінің жұмысы неге тең?
|
Оқушылар өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап береді, және бүгінгі тақырыптың мақсатымен танысып, мұғаліммен бірге сабақ соңында күтілетін нәтижелерді талдайды.
|
Оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруіне байланысты бағаланады.
|
Презентация немесе таратпа материал
|
Сабақтың ортасы
15 минут
10 минут
5 минут
|
Энергия түрлері
Механикалық
Жылулық
Электрлік
Жарық
Механикалық энергия - дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама.
Механикалық энергия екі топқа бөлінеді : кинетикалық және потенциалдық.
|
Оқушылар энергия түрлерімен танысады.
|
Дескриптор:
-Кинетикалық энергияны ажырата алады
-потенциалдық энергияның қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі
|
Сабаққа дидактикалық материалдар
|
Есеп шығару мысалы:
1. Есептеңіз
a) 25 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 600 кг көліктің кинетикалық энергиясын
b) егер (а) бөлігінде автомобиль жылдамдығы 12 м/с кемітетін болса, кинетикалық энергия қаншалықты азаяды?
2. Массасы 10 г оқ винтовкадан 800 м/с жылдамдықпен ұшып шықты және тақтайды тесіп шыққан мезетте жылдамдығы 400 м/с болды. Тақтайдың бөгетін жеңу үшін атқарылған жұмысты есептеңіз.
(FО)
1. Массасы 4,5т Африкалық піл 40 км/сағ жылдамдықпен жүгіретін болса, оның энергиясын анықтаңыз.
Кері байланыс
|
|