«ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі



бет2/9
Дата28.01.2023
өлшемі1,6 Mb.
#63412
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Информатика 1-тоқсан 5-сынып

Дескриптор:

  • қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтайды;

  • ұсыну тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтайды.

2-тапсырма
5- суреттегі кез келген заттың атауын төмендегі кестеге жаз. Суреттегі кейіпкерлердің ол затты қабылдауына кестеде берілген сезім мүшелерінің қайсысы қатысады? Тиісті бағандарға (+) таңбасын қой.



Заттың
атауы

Көру

Есту

Дәм
сезу

Иіс сезу

Сипап сезу























































Дескриптор:

  • ақпарат көзін анықтайды;

  • ақпарат түрлерін анықтайды.

Жұптық жұмыс
Ақпараттың ұсыну түріне қарай бөлінуі бойынша күнделікті өмірден 2 мысалдан келтіріңдер. Маңыздылығын бағалаңдар.


Дескриптор:

  • ақпарат түрлеріне өмірден мысал келтіреді;

ақпарат түрлерінің маңыздылығын анықтайды.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы
5 мин

Мәліметтерді сәйкестендіріңдер.
Қайсар өзенде шомылып жатыр. көру иіскеу
Лаура алма шырынын ішті. дәм сезу есту
Арман жаңа піскен тоқаш жеді. сипап сезу

Рефлексия:
- Сабақтағы көңіл күйім қандай болды?
- Бүгін қандай ақпарат алдым?
- Алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.




1-бөлім. Ақпаратты ұсыну.
1.2. Ақпарат беру

Мектеп:



Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.2 байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштарға мысал келтіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат көздері мен ақпарат қабылдаушыларды анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат көздері мен ақпарат қабылдаушыларды салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат қабылдаушылар мен ақпарат көздері қызметінің маңыздылығын бағалайды, тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

ақпарат көзі

источник информации

information source

ақпарат қабылдаушы

приемник информации

information receiver




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау.

  • Ертеде адамдар бір-біріне ақпаратты қалай жеткізген? Әңгімеле.

  • Бүгінгі таңда адамдар ақпарат алмасу үшін қандай құралдарды қолданады?

  • «Ақпарат көзі» деген ұғымды қалай түсінесің?

Жазу.
Байланыс арналарын жазыңдар.
Ақпарат беру сұлбасын сызыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Біздің айналамыздағы ақпарат.

Пәнаралық байланыс

Тарих, Жаратылыстану.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар




Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың бас
5 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Үй тапсырмасын тексеру



Өткен сабақты пысықтау мақсатында суреттер мен кестені пайдаланған ыңғайлы. Суреттер мен кестелерді оқушылар сәйкесінше жапсырулары керек.

Қабылдау түріне қарай ақпарат түрлері

Ұсыну түріне қарай






Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы
35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Ертеде адамдар бір-біріне ақпаратты қалай жеткізген? Әңгімелеңдер.

  • Бүгінгі таңда адамдар ақпарат алмасу үшін қандай құралдарды қолданады?

  • «Ақпарат көзі» дегенді қалай түсінесің?

Оқулықпен жұмыс:
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырып, оны бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).



Топтық жұмыс
Төмендегі сұрақтарға талдау жасаңдар:

  • Қазіргі адам ақпаратты таратудың қандай тәсілдерін қолданады?

  • Сендер қандай ақпаратты беру құралын жиі қолданасындар? Неге?



Дескриптор:

  • байланыс арналарын анықтайды;

  • пікірін еркін жеткізеді.

Жұмыстарын ауызша мадақтау арқылы бағалайды.
Жеке тапсырмалар орындау
1-тапсырма. Мына төмендегі әрекеттердің қайсысы ақпарат көзіне, қайсысы ақпарат қабылдаушыға тиесілі? Жіктеңдер: тасымалдайды, сақтайды, қабылдайды, береді, өңдейді, таратады.
Ақпарат көзі: тасымалдайды, береді, таратады.
Ақпарат қабылдаушы: сақтайды, қабылдайды, өңдейді.


Дескриптор:

  • ақпарат көзін анықтайды;

  • ақпарат қабылдаушыны анықтайды.



2-тапсырма. Ақпаратты қабылдау түріне қарай ақпарат көзі болатын заттарды атаңдар. Мысалы, магнитофон – естуге арналған ақпарат көзі.
Дескриптор:

  • қабылдау түріне қарай ақпараттарды анықтайды;

  • ақпарат көздерін анықтайды.

3-тапсырма. Суреттен табиғи және жасанды ақпарат көзі болатын заттарды топтаңдар.

Жасанды ақпарат көздері: магнитофон, газет.
Табиғи ақпарат көздері: гүл, жеміс.


4-тапсырма. Төмендегі суреттерден ақпарат алмасудың қандай түрлерін көруге болады? Ойларыңды дәптерге жазыңдар.

1-сурет: бұқаралық;
2-сурет: биологиялық;
3-сурет: техникалық.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы
5 мин

«Ақпарат» сөзіне синквейн жасау.
Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

Рефлексия
- Сабақтағы көңіл күйім қандай болды?
- Бүгін қандай ақпарат алдым?
- Алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.


1-бөлім. Ақпаратты ұсыну
1.3. Ақпаратты шифрлау

Мектеп:



Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.3 мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • шифрлау, кодтау ұғымдарын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • шифрлау түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • мәтіндік ақпараттарды кодтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

шифр

шифр

cipher

дешифр

дешифр

decipher




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау.

  • Шифрлауды қалай түсінесіңдер?

  • Ертеде адамдар ақпараттың құпиялығын сақтау үшін қандай құралдар қолданғанын білесіңдер ме?

  • Код, кодтау ұғымы сендерге таныс па? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Жазу.
Шифрлау анықтамасын жазыңдар.
Криптология ұғымын жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Ақпарат беру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет