«ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі



бет7/9
Дата28.01.2023
өлшемі1,6 Mb.
#63412
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Информатика 1-тоқсан 5-сынып

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).



Топтық жұмыс.
Суретте берілген екі суреттің қайсысы векторлық және қайсысы растрлық графика екенін табыңдар? Суреттің салынуына қарап, олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екеніне талдау жасаңдар.

Жеке тапсырмалар орындау
Берілген қайықтың торкөз параққа векторлық және растрлық бейнесін түсір. Векторлық бейнесін салуда декарттық координаталар жүйесін қолдан. Растрлық суретті екілік код бойынша бейнелеуде 2-суретті басшылыққа алыңдар.
Дескриптор:

  • векторлық графиканы екілік кодта бейнелейді;

  • растрлық графиканы екілік кодта бейнелейді.

2-тапсырма.
Ақ-қара түсті растрлық суреттің екілік коды берілген. Осы екілік кестедегі 1 саны жазылған торкөздерді параққа түсіргенде қандай кескін алынады?




Дескриптор:

  • растрлық графиканы екілік кодта кодтайды.

Жұптық жұмыс
Торкөз параққа өздерің ұнататын және күзде пісетін бір жемістің векторлық және растрлық суретін қолмен салыңдар. Екі суретті салуда қайсысы оңай болды? Не үшін?


Пікірталас! Компьютерде графикалық ақпаратты бейнелеуде растрлық әдісті, әлде векторлық әдісті қолдану керек пе? Қайсысы тиімді?



Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет