Аударма теориясының қалыптасуына үлес қосып жүрген ғалым В.С.Виноградов аудару
процесінің келесі модельдерін ұсынады
3, 117 б.
:
1) жағдаяттық;
2) трансформациялық;
3) семантикалық;
4) семантика-семиотикалық;
5) заңды сәйкестіктер;
6) коммуникативті-функционалды;
7) ақпараттық;
8) баламалықтың деңгейлері теориясы.
Осылардың ең негізгілеріне тоқталатын болсақ, онда жағдаяттық модель денотативті
модель дегенмен пара-пар болып келеді. Себебі түпнұсқа мен аударма мәтініндегі тілдік
бірліктер арақатынасы денотаттар сәйкестігін көрсетеді. Өз кезегінде денотаттардың
көпшілігі барлық тілдерде бірдей, ал сол тілге ғана тән денотаттар реалия, экзотизм
терминдерімен аталып, олар беретін мағына міндетті түрде комментарий немесе
интерпретация арқылы түсіндіріледі.
Семантикалық модель түпнұсқа мәтініндегі бірліктерді алдын-ала талдауды, содан соң
барып қана аударма тіліндегі сәйкестіктерді көздейді. Бұл модельдер ішіндегі маңыздысы –
коммуникативтік модель. Өйткені коммуникация актісіне экспедиент, перципиент және
хабарлама қатысады. Мұнда перципиент (аудармашы) анализ және синтез процестерін
жүзеге асыру арқылы экспедиент рөлін атқарады да, келесі перципиентке, яғни, оқырманға
хабарламаны жеткізеді.
Ақпараттық модельдің негіздерін құрайтын бөліктерге түпнұсқаны жасаушы тұлға,
аудармашы, мәдениет ерекшеліктері, бағдарлы білім жатады. Осы негізде қарастырылған
баламалық деңгейлердің жіктемелерін барлық аудару процестерінде қолдануға болатын
мына үш түрге бөліп көрсетуге болады:
1) тілдік таңбалар деңгейі (денотаттық – сөз және фразеологизм деңгейі);
2) сөйлеу актілері бойынша айтылым деңгейлері (локуция, иллокуция, перлокуция);
3) прагмалингвистикалық деңгей (аудармашы, мәдениет, жанр).
Аудару процесі тілдердің жүйелік ұйымдастырылуында тілдік бірліктердің
семантикалық, стилистикалық, прагматикалық қырларын салыстырумен байланысты болады.
Сол себепті аударманың баламалық деңгейлерін айқындау негізінде аудару процесінің
модельдерін анықтау қажеттілігі туындайды. Баламалық деңгейлерінің аталмыш
классификациясы аудару процесін талдаудың дұрыс модельдерін анықтауға септігін
тигізетіні сөзсіз.
Кез келген ғылым, білім саласының терминологиялық жүйесі сол ғылым саласымен
бірге дамиды және адамзаттың ақиқат шындықтың нысандарын танып білу кезеңдерін
көрсетеді. Мысалы, аударматану терминдері негізінде кейбір ғылыми ұғымдардың
қалыптасу сатыларын белгілеуге болады:
аудару
Достарыңызбен бөлісу: