Hallelujah [ˌhæl әˈlu yә] 1530 жылдарда қолданыла бастаған, Латын тілінің
hallelujah
(Құдайды мадақтау) cөзінен енген. Негізінен, Құдайға ризашылық әндерінде қолданылатын
леп. Жалпы ризашылық немесе сүйіспеншілікті білдіру мақсатында айтылады. Көңілі
орнына түсу, қуанышты білдіру кезінде де қолданылады:
«Hallelujah! It’s finally the weekend!»
– Ура! Ақыры демалыс.
«Spain won,
hallelujah!»
– Испания жеңді,
ура!
Holy cow/holy cat/holy Molly! – Құдайым ау! Мәссаған! Мынаны қара! Сайтан алғыр!
Holy cow [ˈhәʊlɪ kaʊ] Таңдану, ляззат немесе ашу сияқты күшті сезімдерді білдіру үшін
қолдану.
Holy сөзі киелі деп аударылғанымен бұл сөз тіркестері рифма ретінде ойлап
табылған, ғажаптану, таңғалу, шошынуды білдіреді:
«
Holy cats! That's good pie!» –
Сайтан алғыр, мына бәліш керемет қой!
«When Mary saw the boys hurting a much smaller boy she said:
Holy cow! They can't do
that!» – «
Құдайым-ау! Олардың бұлай жасағаны болмас!», - деді Мэрри, ұлдардың өздерінен
біраз жасқа кіші ұлды ұрып жатқанын көріп.
Достарыңызбен бөлісу: