Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет190/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   238
Негізгі бөлім. Көптеген зерттеулер грамматикалық-аударма шет тілі мұғалімдерінің 
қолданылатын ең тиімді оқыту әдістерінің бірі екенін дәлелдеуге тырысады. Бұл зерттеудің 
айырмашылығы: ағылшын тілін орта мектепте шет тіл ретінде оқытудың ең жақсы әдісін 
бағалайды. Ол білім алушылар мен оқытушылар тұрғысынан грамматика-аударма немесе 
тура әдістің қайсысы тиімді екенін зерттеді. Біз сандық көрсеткіштерді қолданып, 
мәліметтерді кесте түрінде ұсындық. Бұл зерттеу Алматы облысы Еңбекшіқазақ 
ауданынымен шектелген.
Деректер жинаудың нақты көрінісін алу үшін оқытушылар мен оқушылардан 
мәліметтер жинауға арналған, екі сауалнама жасалды. Сауалнама жүргізу респонденттердің 
жан-жақты жауаптарын тіркеу үшін Еңбекшіқазақ ауданыны орта мектептері деңгейінде 
қолданылды. 
Сауалнамаға 
қатысуға 
Қ.Орымбетов, 
Талдыбұлақ, 
А.Жексембеков 
мектептерінен 6-7 сынып оқушылары және ағылшын тілі оқытушылары ниет білдіріп, 6 
сыныптан -28, 7 сыныптан - 22, оқушы және 26 мұғалімдері қатысты. Барлығы 76 (22 ер және 
54 әйел) қатысуымен жүргізілді. 
Оқытушылар мен білім алушылардан жауап алу үшін оқытудың екі әдісі қолданылады: 
грамматикалық аударма әдісі және тура әдіс. Еңбекшіқазақ ауданыны орта мектебінің білім 
алушыларынан алынатын сауалнамалар мектеп білім алушыларының қабілетіне сай және 
оқушылардың деңгейі үшін арнайы әзірленген. Қарапайым тілде құрылып және техникалық 
терминдерді аз қолданылды, сондықтан білім алушылар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап 
бере алды. Барлығы оқушыларға он екі сұрақ қойылды. Олар берілген нұсқаларды таңдап, 
жауап берді. 
Бірінші сауалнама орта мектеп білім алушылары үшін арнайы жасалған. 
Алғашқы алты сұрақ оқушылардың грамматикалық-аударма туралы түсініктерін 
қалыптастыру үшін құрастырылса, келесі алты сұрақ олардың тура әдіс туралы түсініктерін 
қалыптастыру үшін құрастырылған.
Екінші сауалнама оқытушылардын жауап алуға арналған он сұрақ. 
Алғашқы бес сұрақ олардың грамматикалық-аударма туралы жайнда болса, келесі бес 
сұрақ олардың тура әдіс туралы жауабын алуға арналған.
Еңбекшіқазақ ауданыны орта мектебінің білім алушыларынан алынатын сауалнамалар 
қандай тәсіл қолайлы екенін анықтап, нәтижелердің статистикалық талдауын тексеру үшін, 
пайыздық әдісті қолданылды. 
Студенттердің сауалнамасын сипаттау талдауы 
Нәтижелер 1-кестеде келтірілген, бұдан біз респонденттердің 66%-ы шетел тілінің 
грамматикалық ережелері сол оқытылып жатқан шетел тілінде түсіндірілетіні жайлы айтса, 
34%-ы келіспеген. Ал екінші сұрақ бойынша 48%-ы шетел тілі сабағы тек сол оқытылатын 
шетел тілінде өтетіні жайлы айтса, 52% жағдайда олай емес. Респонденттердің 78%-ы 
басымдықпен белгілі бір жаңа ақпаратты меңгеріп жатқан тілде үйренген тиімді деп 
есептесе, 22%-ы бұл оймен келіспеген. 86%-ы жаңа сөздерді анықтамалық сөздіктен, 


контекстіден немесе синонимдерді пайдалану арқылы үйренетін көрсек, 14%-ы бұл 
көрсеткішті растамайды. Шет тілі сабақтарында видеофильмдерді субтитрсыз көре алатын 
оқушылар 42% болса, 58% жағдайда ол мүмкін емес екен. 92% жағдайда шет тілін меңгеру 
барысында диалогтық жаттығулар, рөлдік ойындар яғни ауызша сойлеу дағдалары 
дамытылса, 8%-ы олай емес. Респонденттердің 82% шетел тілінің грамматикалық ережелерін 
біздің ана тілімізде я орыс тілінде түсіндіріледі десе, 18%-ы бұл оймен келіспеген. Шетел тілі 
сабағы аударма көмегімен өтетінін 88%-ы растаса, 12%-ы бұл ойды жоққа шығарған. 
Айтарлықтай басымдықпен 90% жағдайда белгілі бір жаңа ақпаратты ана тілінің немесе 
орыс тілінің көмегімен (араласуымен) үйренген тиімді деп есептесе, 10%-ы ғана келіспеген. 
86%-ы сөздердің эквивалентін аударма сөздіктен қараса, 14% -ы бұл сұрақпен келіспеген. 
100% жағдайда шет тілі сабағында мәтінге аударма жасалатыны және мәтін бойынша бос 
орынды толыру, дұрыс жалған, тест жаттығулар жасалатынын 94%-ы растап отыр, тек 6%-ы 
ғана мұндай жаттығуларды жасамайды екен. 
Кесте.1 студенттердің сауалнама нәтижелері 
№ 
Сауалнама сұрақтары 
Жауабы Пайыздық 
көрсеткіш 

Мұғалім шетел тілінің грамматикалық ережелерін сол оқытылып 
жатқан шетел тілінде түсіндіреді. 
Иә 
Жоқ 
66% 
34% 

Шетел тілі сабағы тек сол оқытылатын шетел тілінде өтеді.
Иә 
Жоқ 
48% 
52% 

Белгілі бір жаңа ақпаратты меңгеріп жатқан тілде үйренген тиімді. 
Иә 
Жоқ 
78% 
22% 

Жаңа сөздерді анықтамалық сөздіктен, контекстіден немесе 
синонимдерді пайдалану арқылы үйренеміз.
Иә 
Жоқ 
86% 
14% 

Шет тілі сабақтарында видеофильмдерді субтитрсыз көреміз.
Иә 
Жоқ 
42% 
58% 

Шет тілін меңгеру барысында диалогтық жаттығулар, рөлдік 
ойындар пайдаланамыз. 
Иә 
Жоқ 
92% 
8% 

Мұғалім шетел тілінің грамматикалық ережелерін біздің ана 
тілімізде я орыс тілінде (мемлекетіміздегі екінші тіл) түсіндіреді. 
Иә 
Жоқ 
82% 
18% 

Шетел тілі сабағы ана тілінің немесе орыс тілінің көмегімен 
(араласуымен) өтеді. 
Иә 
Жоқ 
88% 
12% 

Белгілі бір жаңа ақпаратты ана тілінің немесе орыс тілінің 
көмегімен (араласуымен) үйренген тиімді. 
Иә 
Жоқ 
90% 
10% 
10 
Жаңа сөздердің эквивалентін аударма сөздіктен қараймыз.
Иә 
Жоқ 
86% 
14% 
11 
Шет тілі сабағында мәтінге аударма жасаймыз.
Иә 
Жоқ 
100% 
0% 
12 
Шет тілін меңгеру барысында мәтін бойынша бос орынды толыру, 
дұрыс жалған, тест жаттығуларын пайдаланамыз.
Иә 
Жоқ 
94% 
6% 
Нәтижелерді талқылау: 
Білім алушылар арасында жүргізілген сауалнамада оқушылардың көпшілігі сабақта 
грамматикалық аударма әдісін жиі қолданылатын әдіс екендігімен байқауға болады. 
Сонымен қатар сабақта тура әдіс те жиі қолданылатыны байқалады. Себебі, 
респонденттердің 90 %-ы грамматикалық аударма әдісіне байланысты сұрақтарға «иә» 
жауабын таңдаса, тек 10 %-ы «жоқ» жауабын таңдаған. Тура әдіске байланысты 68,6%-ы
«иә» жауабын тағдаса, тек 31,4 %-ы «жоқ» жауабын тағдаған.
Мұғалімдердің сауалнамасын талдау: 
Екінші сауалнама ағылшын тілін оқыту әдістерін бағалау үшін мұғалімдерге сұрақтар 
қою үшін әзірленген. Барлығы мұғалімдерге он сұрақ қойды. Жауаптың статистикалық 
талдауы 2-кестеде келтірілген. Респонденттердің 92,3%-ы тіл үйренушіге шетел тіліндегі 


таныс емес сөздерді конекст арқылы я сол сөздің синонимдері арқылы түсіндірген дұрыс деп 
есептесе, 7,7% бұл оймен келіспеген. Ал 73,1%-ы белгілі бір жаңа ақпаратты меңгеріп 
жатқан тілде үйренген тиімді және 26,9%-ы тиімсіз деп есептейді. Сонымен қатар 46,2%-ы 
шет тілінің грамматикалық ережелерін тіл үйренушіге меңгеріп жатқан тілде үйреткен тиімді 
екенін айтса, 53,8%-ы жоққа шығаган. 53,8%-ы шет тілі сабағында сол шетел тіліндегі 
субтитрсыз видео, кинофильмдерді осы тілді терең меңгерту үшін пайдаланатынын айтса, 
46,2%-ы пайдаланбайды екен. Шет тілін меңгеру барысында диалогтық жаттығулар, рөлдік 
ойындар пайдаланған тиімді екенімен 96,2%-ы келіссе, 3,8% келіспеген. Респонденттердің 
100%-ы шет тілін оқытуды бастағанда жаңа сөздерді аудармасымен жаттату арқылы 
үйрететінін, сонымен қатар қазақ я орыс тілдерінің көмегіне жүгініп: жаңа сөздерді түсіндіру 
үшін осы тілдерге аударатынын, шетел тіліндегі мәтін мазмұнын осы көмекші тілдерге 
аудару арқылы түсіндіретінін, шет тілі сабағында мәтін бойынша бос орынды толыру, дұрыс 
- жалған, тест жаттығулары арқылы грамматиканы, лексиканы жақсы меңгертуге болады деп 
есептейді екен. 92,2%-ы грамматикалық ережелерін тіл үйренушінің ана тілінде я орыс 
тілінде түсіндірген ыңғайлы деп ойласа, 3,8%-ы бұл оймен келіспеген. 88,5%-ы мәтінге 
аударма жасату арқылы грамматиканы, лексиканы жақсы меңгертуге болатынымен келіссе, 
11,5%-ы келіспеген. 
Кесте.2 мұғалімдердің сауалнама нәтижелері 
№ 
Сауалнама сұрақтары 
Жауабы Пайыздық 
көрсеткіш 

Тіл үйренушіге шетел тіліндегі таныс емес сөздерді конекст арқылы 
я сол сөздің синонимдері арқылы түсіндірген дұрыс.
Иә 
Жоқ 
92,3% 
7,7% 

Шет тілі сабағын тек қана сол шетел тілінде өтемін: белгілі бір жаңа 
ақпаратты меңгеріп жатқан тілде үйренген тиімді. 
Иә 
Жоқ 
73,1% 
26,9% 

Шет тілінің грамматикалық ережелерін тіл үйренушіге меңгеріп 
жатқан тілде үйреткен тиімді.
Иә 
Жоқ 
46,2% 
53,8% 

Шет тілі сабағында сол шетел тіліндегі субтитрсыз видео, 
кинофильмдерді осы тілді терең меңгерту үшін пайдаланамын. 
Иә 
Жоқ 
53,8% 
46,2% 

Шет тілін меңгеру барысында диалогтық жаттығулар, рөлдік 
ойындар пайдаланған тиімді. 
Иә 
Жоқ 
96,2% 
3,8% 

Шет тілін оқытуды бастағанда жаңа сөздерді аудармасымен жаттату 
арқылы үйреткен тиімді. 
Иә 
Жоқ 
100% 
0% 

Шетел тілі сабағында қазақ я орыс тілдерінің көмегіне жүгінемін: 
жаңа сөздерді түсіндіру үшін осы тілдерге аударамын, шетел тіліндегі 
мәтін мазмұнын осы көмекші тілдерге аудару арқылы түсіндіремін.
Иә 
Жоқ 
100% 
0% 

Шет тілінің грамматикалық ережелерін тіл үйренушінің ана тілінде 
я орыс тілінде түсіндірген ыңғайлы. 
Иә 
Жоқ 
92,2% 
3,8% 

Шет тілі сабағында мәтінге аударма жасату арқылы грамматиканы, 
лексиканы жақсы меңгертуге болады.
Иә 
Жоқ 
88,5% 
11,5% 
10 
Шет тілі сабағында мәтін бойынша бос орынды толыру, дұрыс - 
жалған, тест жаттығулары арқылы грамматиканы, лексиканы жақсы 
меңгертуге болады.
Иә 
Жоқ 
100% 
0% 
Нәтижелерді талқылау: 
Жүргізілген сауалнамада респонденттердің 96,14 %-ы грамматикалық аударма әдісіне 
байланысты сұрақтарға «иә» жауабын таңдаса, тек 3,86 %-ы «жоқ» жауабын таңдаған. Тура 
әдіске байланысты 72,2%-ы «иә» жауабын таңдаса, тек 27,8 %-ы «жоқ» жауабын тағдаған. 
Келтірілген талқылауда мұғалімдер арасында грамматикалық аударма әдісі кең таралғанын 
және тура әдісті грамматикалық аударма әдісімен үйлестіре отырып пайдаланатынын көруге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет