Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата08.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#135388
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Karapaiym matematika

 
2
 
саны 3 санынан кем». Материалды бекіту 
үшін осындай жаттығуларды 4-5 рет өткізу керек (сурет-3.6). 


38 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет-3.6. Қуыршақтар қонжықтан қарағанда аз. 
 
Екінші кезеңнің мақсаты
келісі санмен таныстыруда бір затты жиынға 
қосып салыстыру арқылы балаларда сандау икемін қалыптастыру.
Бұл топта басты міндет есептеуге үйрету. Есептеу –бұл натурал қатардың 
бөлігімен және жиын элементтер арасындағы бір таңбалы өзарасәйкестіктің 
орнауы. Оқытудың басында көлемді бірдей заттар жиыннан пайдалану керек, 
олар бір қатарда орналасуы қажет( оңай ұстап көруге болатындай және 
көлдеңен, солдан оңға қарай). Одан кейін әр түрлі элементтерден тұратын 
жиынды пайдалануға болады, суреттер, геометриялық фигуралар және т.б. 
және оларды әр түрлі қылып орналастыруға болады. Есептік әрекет- бұл 
сандарды ретімен атау және жиын элементтерінің әр біреуіне сәйкестендіруі, 
қорытынды санының бөліп көрсетуімен. Есептеу әрекетінің мақсаты- 
қорытынды сан табу, «қанша» сұрағына жауап беру. Педагог А.М. Леушина 
санауға үйрету процессін екі деңгейге бөлген. Бірінші деңгейде балалар 
санаудың қорытындысын түсіну керек және «қанша» деген сұраққа түсініп, 
түйсініп жауап беруге. Тәрбиеші санайды. Ал балалар жауап береді. Екінші 
деңгейде балалар өздері санайды, және санауды біртіндеп игереді. Екі
деңгейде үйрету екі заттар тобын сәйкестендіру негізінде жүреді. Екі заттар 
тобын сәйкестендіру балаларға келесі санның пайда болуын түсінуге мүмкіндік 
береді. Натурал сандар қатарының түзілу принципін көрсетеді.
Балалар санауға үйренгенде: 
-
ауызша; 
-
сипап сезу; 
-
қимыл-қозғалыс арқылы жүзеге асады. 
Санап үйрету жөнінен істелетін жұмысты жиындардың сандарын 
салыстырудан және олардың көбі мен азын ажырата білуден бастау 
ұсынылады. Бұл жиындардың айырмашылығы олардың сандық құрамының бір 
элементінде болуы қажет. Жиындардың әрқайсысын балалар анықтайды: сан 
жөнінен біреуі үлкені, ал екіншісі кішісі. Бұл екі жиынды санап шығуға және 
әрбіреуінің элементтерінің санын анықтауға болатынын, сондай ақ балалар 
өздері санап үйретенін тәрбиеші ескертеді.
Санаудың екі жолы бар. Бірі – үлкен және кіші жиында ажыратып, 
олардың элементтерінің санын санау негізінде тағайындалатын санмен 
анықтау, ал екіншісі-санау процесінің өзі. Егер жиындарды ажырату мен 
оларды санмен атау болса, онда санау-мақсатқа жету құралы, процесі. Ең 
алдымен балалар санаудың мақсатын ұғынып алулары қажет. Оларға сол 


39 
мақсатты айқындап ашып беріп, сонан соң қажетті құралдармен қамтамасыз ету 
керек. Ал мақсат пен құралдар өзара байланысты болғандықтан, оларды бір 
мезгіле ұғынып алу белгілі бір қиындықтар туғызады, сондықтан санау іс 
әрекетінің бұл жақтарын тәрбиеші мен балалардың уақытша бөлісуіне тура 
келеді: санау процесін тәрбиеші жүзеге асырады, ал балалар тәрбиешінің 
санағанын негіз етіп алып, жиындардың санын ажырата білетін болғандықтан, 
тек қорытынды санды ғана атайды: қандай да бір жиында не бары неше элемент 
барын айтады.
Бұл кезеңде балалардың назары ең алдымен жиындардың сандық 
құрамын салыстыру мен санау іс әрекетінің негізгі мақсаты-қорытынды санға 
аударылады. Салыстыру үшін тетелес сандармен өрнектелген әр түрлі жиындар 
пайдаланылады.
Тәрбиешінің санауы бойынша балалар қорытынды санның не екенін 
түсінуі, бір жағынан элементтердің салыстыру жолымен жиындарды ажырата 
білетіндіктеріне, екінші жағынан, тәрбиешінің жиын элементтерін сан есім-
сөздерді пайдаланып шығудың қолданылатын жаңа тәсіліне негізделеді.
Санап үйрену-бір заттардың жалпы санын анықтай білу деген сөз.
Санаудың негізгі элементтері мыналар: 
-
Сан есімдерді ретімен атау; 
-
Әрбір сан есімді жиынның тек бір ғана затына сәйкестеу; 
-
Қорытынды санның мәнін ұғып алу, яғни санағанда соңғы аталған және 
соңғы объектіге қатысты аталған сан, сондай ақ, саналған жиынға да қатысты 
болатынын және жиын элементтерінің жалпы санының көрсеткіші болып 
табылатынын түсіну.
Санау іс әрекетінің мақсаты- қорытынды санды табу, ал ол мақсатқа жету 
жолы сан есімдерді ретімен атау және оларды жиынның әрбір элементіне 
сәйкестеу болып табылады. Олай болса, балаларды санау нәтижесін санап шығу 
процесінен ажырата білуге үйретуді әрі қарай жалғыстыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет