Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс.


Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель



бет2/9
Дата27.09.2023
өлшемі45 Kb.
#110396
түріУтопия
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2-лекция Саяси ілімдер

Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель. Ежелгi Грецияның саяси iлiмдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуiр ойшылдары қоғамдық өмiрдi, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырды. Ежелгi грек ойшылдарының көрнектi өкiлiнiң бiрi – Платон б.з.д. 427-347 жылдары өмiр сүрдi. Ол саяси ойларын «Саясат», «Мемлекет», «Заңдар» атты еңбектерiнде айтты. Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерiнiң қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындауға деген талпынуларымен түсiндiрдi.
1. Мемлекет - әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, тәртіпті қолдау, адамдарды сыртқы жаулардан қорғау үшін қажет деп санады.
2. «Мемлекет» атты еңбегенде «мемлекет бақытты болу үшін, ол толығымен бақытты болуы тиіс» - деп жазды.
Платон пiкiрi бойынша мемлекеттiк құрылыстың «дұрыс» және «бұрыс» формалары кездеседi («Мемлекет» деген еңбегінде мемлекеттік құрылыстың бірінші жобасын ұсынды). Мемлекеттiң дұрыс формасы – монархия, аристократия, өйткенi олардың қызметi қоғамды келiсiм мен байлыққа жеткiзедi деп есептедi. Мемлекеттiң бұрыс формасы – тимократия (байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдiгi), олигархия (азғана ғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдiгi), демократия (көпшiлiк билiгi), тирания (бiр адам билiгi). Платон мемлекеттiң дұрыс және бұрыс формаларына iзгiлiктi мемлекеттi қарсы қояды. Оның пiкiр бойынша iзгiлiктi мемлекет мынадай белгiлерге ие болуы тиiс: 1) қорғау құралдарының болуы; 2) қоғам мүшелерiн қажеттi материалдармен жүйелi түрде жабдықтап тұруы; 3) рухани және шығармашылық қызметтiң жоғары деңгейде дамуына жағдайды жасау. Ол мемлекеттегi касталық құрылысты дәрiптейдi. Қоғамдағы адамдарды – философ-билеушiлер, сақшылар, тiкелей өндiрушiлер деп бөледi. Әрбiр сословие өзiнiң қабiлетi келетiн iспен айналысуы керек деп санаған. Бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне өтуді жоққа шығарады. Платон саяси iлiмiнде тоталитарлы бағыт анық сезiледi.
Аристотель (б.з.д. 384-322ж.ж.) саяси iлiмi «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектерiнде жинақталған.
Адам туғанынан саяси жәндік, қоғамдық тіршілік иесі, ал мемлекет қоғамдық өмірдің жоғары формасы. Мемлекеттің басты мақсаты – азаматтарға өнегелі тәрбие беру және бақытты өмірін қамтамасыз ету.
Ол саясатқа кең мағына бере отырып, мемлекет - табиғи дамудың өнiмi және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бiрақ, мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлекетке адамдар белгiлi бiр игiлiкке жету үшiн бiрiгедi. Ол да мемлекеттi «дұрыс» және «бұрыс» формаларға бөлдi. Дұрыс түрiне монархияны, аристократия мен политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия мен демократия мемлекеттiң бұрыс түрi деп санады. Мемлекеттiң дұрыс түрiнде әкiмдер халық, ел пайдасын ойлайды, билiк қоғамға қызмет етедi. Ал, бұрыс түрiнде олар өздерiнiң бас пайдаларын ойлайтын көрiнедi. Мемлекеттің ең дұрыс формасы полития деп санады. Полития жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құруы. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрдi. Себебi, әкiм қаншалықты жақсы болғанымен сезiмге, ашу-ызаға берiлмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен, ежелгi грек ойшылдары мемлекеттiк құрылыстың әртүрлi формаларын, мемлекет iсiне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ. Сонымен бiрге, олардың идеялары саяси iлiмнiң әрi қарай дамуына жағдай жасады.
3. Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби).
Саяси iлiмдер тарихында орта ғасыр ойшылдарының еңбектерi мен идеяларының маңызы зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық құрылыспен тығыз байланысты. Әрi олардың саяси тұжырымдары дiни сипатта болды.
Солардың бiрi, А. Августин (354-430 ж.ж.) христиан философиясының негiзгi қағидаларын дәрiптеп уағыздаған. Ол «Құдай қала туралы» атты еңбегiнде саяси ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi. А. Августин барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк, құқықтық ұйымдар мен заңдар адам күнәсiнiң нәтижесi деп санады. Себебi, оның ойынша адамдарға баста екi жолмен өмiр сүруге мүмкiндiк берiлген. Бiрi құдай жолымен, екiншiсi адам жолымен. Бiрiншiнi қалағандар құдаймен мәңгiлiк патшалық құрып бақытты өмiр сүрсе, екiншiлер жын-шайтандармен бiрiгiп азапқа түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет