Білімім: жоғары, бітірген оқу орным:ҚМУ, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі 1997-2000 ж.ж.
Мамандығым: Қазақ тілі мен әдебиеті
Жалпы еңбек өтілім: 23 жыл
Педагогикалық еңбек өтілім: 20 жыл
Осы білім беру ұйымындағы өтілім: 10 жыл
Санатым:
Біліктілікті көтеру курсы: ҚР «Өрлеу»2018 Алматы қаласында
Менің педагогикалық ұстанымым:
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В. А. Сухомлинский
Жеке әдістемелік тақырыбым: "Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру".
Педагогикалық мақсатым: Диалогтік оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабақта қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту. Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.
Педагогикалық тұжырымдамам: Үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру.
Менің жұмыс жасайтын мәселем:
1. Әріптестеріммен үнемі тәжірибе алмаса отырып, жұмыс істеу.
2. Оқушыларды өз бетінше білім алуға дайындау…
3. Барлық ақпарат көздерімен байланысып, болашағымызды жан – жақты дамыту.
Ұстаз – жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз. «Ұстаз тәрбиелеуші» деген ұғамды білдіреді. Ол азаматты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейді.
Бүгін Қазақстан халықаралық білімдік кеңістігіне шығуға бағытталған. Бұл педагогты көп нәрсеге міндеттейді. Ол уақытпен бірге жүру керек, қоғамның әлеуметтік тапсырысын қанағаттандыру керек. Ал қоғамға өзіндік ой-өрісі дамыған, шығармашылығы мол тұлға қажет. Мұғалім оқушы не үшін оқу керек екенін, өзінің білімін іс жүзінде пайдалана білетіндей қылып, өз жұмысын құру керек. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» - деген екен. Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме үнемі сыни көзбен қарайтынмын. Осы ретте бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарсыма әсер етті.
Жұмыс жүйемнің негізі: ата - аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.
Іс-тәжірибемде бірнеше әдіс - тәсілдерді қолданамын. Атап айтқанда венн диаграммасы, түртіп алу, суретті сызбалар, дидактикалық ойындар т.б. сол әдістерді қолдана отырып, нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.
Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.
Мұғалім ретіндегі ізгі мұратым – тек білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі ұзақ та маңызды үдеріс. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Әсіресе оқушыларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына көбірек назар аударамын. Оқушыларымды ғылыми жұмыстар жазуға да баулимын. Ісіміз нәтижесіз де емес. Мектепішілік бірнеше сайыстарға да қатысады.
Баланың өмірлік тәжірибесі қоршаған ортасына, жанұясына және мұғалімдеріне байланысты. Қабілеттер тек іс - әрекетте анықталады. Оқушыларға жеке пәннен білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да ғылымилыққа, өз беттерінше ізденуге, белгілі бір бағытқа, заман талабына сай бәсекелестікке қарсы тұра білуге баулу ды өзімнің маңызды міндетім деп ойлаймын.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді адан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол. Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысыммен қоса, өз мектебімнің тиімді дамуына әсер ететін белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, менің оқушыларым аудандық конкурстың және пәндік олимпиадалардың қатысушылары болып табылады.