2
Арнайы бөлімі
2.1
Мақсатты анықтау
Тәжірибелік бөлімнің мақсаты болып ұйымның электронды құжат
айналымы жүйесіне ауысу саналады, ол үшін келесідей алға қойылған
мақсаттарды шешу керек.
Біріншіден, ұйымның моделі қажет болады. Фирманың құрылымы және
де аналитикалық бөліміне қажетті барлық мәліметтер ірі ұйымның негізгі
көрсеткіштеріне сай келуі керек. Бұл құжат айналымының автоматтандыру
нәтижелеріне қажет болады, себебі кіші және орта бизнестер біздің елімізде
ЭҚЖ негізінде жақсылықты дамымаған.
Екіншіден жұмыстың теориялық бөлімінде қарастырылған бір
жүйелердің нақты біреуін анықтап қарап шығу қажет. Мысал ретінде ЭҚЖ
бойынша Ditrix жүйесін көрсетуге болады. Өнімнің лиценциясының бағасы
төмен болғанда ол жақсы қызмет түрін жасайды. ЭҚЖ үшін архитектуралық
шамасын есептеу қажет болады және де керекті деңгейде ретке келтіріледі,
сонымен қатар ұйымға мұндай жүйенің ендірілу артықшылықтары мен
кемшіліктерін көрсету керек.
Үшіншіден, ұйымның электронды құжат айналымы жүйесінің
автоматтандырылған жүйе түріне ауысуын көрсету керек.
38
2.2 Басқару объектісі ретінде «Талдықорған жылу станциясы»
Жылумен қамтамасыз ету басқару жүйесі ретінде. Қалалардың
орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі (ОЖҚЖ) өзара байланысты
негізгі жылыту процесстерінен (ОЖҚЖ және қосымша қазандықтар),
магистральды және де ішкі жылулық желілерден (ЖЖ) және
тұтынушыларды жылу энергиясы мен ыстық сумен жабдықтаудың (ЫСЖ)
кеңістікті-таратқыш желісінен тұратын күрделі технологиялық құрам бөлік
болып табылады.
ОЖҚЖ үздіксіз жұмыс жасауымен қатар, оның жылумен қамтамасыз
етілудің технико-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, оның жұмыс
жасау режимдеріне (гидравликалық және жылулық), оның жекеленген
элементтеріне қойылатын технологиялық талаптарға жауап беруі керек .
Жылумен қамтамасыз етуді басқару өндірістің басқада саласы сияқты екі
деңгейде қарастырылуға негізделген: ұйымдастырушылық-әкімшіліктік және
конструктивті- техникалық (сурет 1.1).
1.1
cурет – Кәсіпорынның сапасын басқарушы құрам бөліктер
Ұйымдастырушы құрам бөліктер кәсіпорынның регламенттеуші
құжаттарын, жауапкершіліктің таралуы мен қызметкерлердің басқарылу
сапасына жауап береді. Көбінесе кәсіпорындада бұл құжаттарды жинау,
ішкі және сыртқы номативті ақпараттық материалдар мен актыладың
кіретін процесстермен сапаны басқару кіреді. Жылумен қамтамасыз ету
жүйесінің ұйымдастырушылық бөлігі мемлекеттің ішкі және сыртқы
ортасын ескеруі керек, себебі кәсіпорын инвестициялаудың саясатына және
көрсетілетін қызметке таифтеді бекітетін антимонополиялы комитетке
байланысты болады. Сапаны басқару бойынша стандарттар мен ұсыныстар
көп жағдайда ұйымдастырушылық-әкімшілік құрам бөлікке арналуы тиіс.
Техникалық құрам бөліктер (технологиялық) – міндетіне кәсіпорынның
сапасын басқаруды қамтамасыз ету кіреді. Конструктивті-техникалық құрам
бөлік мақсаттың анықталуы мен жүзеге асырылуына, сапаны басқарушы
қосымша жүйелер мен технологиялық қосымша жүйелер арасындағы өзара
• ұйымдастырушылық-
әкімшіліктік
• конструктивті -
техникалық
39
байланысқа, кәсіпорынның процесстерінің сапасын сараптауға жауапты.
Өкінішке орай, халықаалық және қазақстандың стандарттар сапасы
бойынша бұл құрам бөлік жалпылама сипатталып өтілген және
кәсіпорындарды басқарудың тәжірибелік басшылығына мүмкіндік
бермейді.
Талдықорған қаласының жылумен қамтамасыз етілуін басқарушы
құрам бөлікті қарастырамыз. Кәсіпорынның сыртқы ортаның динамикалық
өзгерістеріне бейімделуі жеке стратегияларымен жіктелген бөлімдердің
(құылымдық бөлімшелер), олардың өзара байланыстары мен құжаттық
регламенттерінің
жиынтықтарынан
тұратын
кәсіпорынның
ұйымдастырушылық құрам бөліктік басқаруына байланысты болады.
«Талдықорған жылу сервисі» ГГКП – ның технологиялық циклы
келесілерден тұрады:
а)
Негізгі өндірісі – қуаттылығы түрліші 2 Гкал/сағ тан 279 Гкал/сағ
дейін болатын 8 қазандықтан тұратын жылу энергиясының көзі:
Орталық «Басқуат»;
№1, 2, 3, 4, 18 тоқсандық қазандықтар;
Қуаттылығы төмен болатын №10 және №22 екі қазандық.
б)
Жылулық желі 201,8 км (2 -құбырлы).
в)
Қосымша өндірісі:
жөндеу жұмыстары бойынша цех;
автотранспортты шаруашылық;
жөндеу – құрылыс жұмыстары аумағы;
орталық апатты-диспечерлік аумақ.
г)
Әкімшілік-басқарушы қызметкер.
д)
Сызықтық қызметкер.
е)
Абонеттік қызмет.
ж)
Басқада қызмет көрсететін қызметкер.
"Талдықорған жылу сервистің" ГГПК ұйымдастырушылық жүйесі 1.2
суретте келтірілген.
Кәсіпорынның жылумен жабдықталуын іске қосу барысында
басқарушы және нормативті талаптады, сонымен қатар, жекеленген
бөлімдердің жұмысы бойынша міндетті регламенттер мен инструкцияны
басшылыққа алады.
Қазандықтың қызметкерлері міндетті:
- берілген сападағы жылуэнергиясын түрлендіру және сулы -химиялық
режимді сақтау;
- қазандық жабдықтарының эксплутациясы мен жөндеу жұмыстарын
қамтамасыз ету;
- қондырғылардың, құралдардың, артық бөлшектердің есептелуін,
сақталуын және ыстық су және бу түрінде алынған энергия шығынын
ескеру, қазандықтың өз жұмысына пайдалану, сондай-ақ ЖЭҚ шығынын
ескеру (көмір, мазут, су, электр энергиясы);
40
- ЖААЖЖ жабдықтарын жасау және оның апаттық жөндеу жұмыс-
тары;
- апат мен ақаулар болған жағдайда олардың қайталанбауы үшін, апат
пен ақауларды талдауды жүргізу;
- жөндеу жұмыстары жүргізілген жабдықтарды эксплутациялау және
қабылдау жұмыстарын жүргізу;
- қазандықтар жұмысының тәуліктік, ширектік, айлық және жылдық
сараптамасын жүргізу.
41
1.2 cурет – «Талдықорған жылу сервис» ГГКП –тың ұйымдастырушылық құрылымы
42
Жылытуға және ЫСЖ жұмсалатын жылуэнергиясының 80% өндіретін
«Басқуат» қазандығының құрылымын ұйымдастыру 1.3 суретте келтірілген.
Жылу жүйелері қазандықтан 8 эксплутациялық бөлімшелерге бөлінген
(қазандықты жылулық желілері): ЭР-1, ЭР-2, №1-4, №18 және АЗҚ (аз
қуаттылықтағы қазандықтар). Эксплутациялайтын бөлімшелердің негізгі
міндеттері:
-
қазандық жабдықтарының және жылу желілер жағдайын бақылау;
-
жөндеу топтарын есептеуге сай жылу тасмалдағыштарды тарату;
-
жылу желілерінің ЖӨЖ дайындау мен тексеру;
-
күрделі жөндеу жұмыстарының шамасын анықтау;
1.2
сурет – «Басқуат» қазандығының құрылымын ұйымдастыру
ЭР-1 эксплутациалық бөлімшесінің ұйымдастырушылық құрылымы 1.4
суретте келтірілген.
Жылулық желілерді экплутациялау бөлімі (ЖЖЭБ) төмендегілерді
жүзеге асырады:
- жылуды реттеудің тиімді режимін енгізу есебінен ЖЖ қызмет ету
көрсеткіштерін технико-экономикалық жақсарту;
43
- жылумен жабдықталу жүйелерін жөндеу жұмыстары бойынша
жоспар жасауға және эксплутациаланған аумақпен ОАДҚ бірге ЖЖ және
жылуды қолдану жүйесінде реттеуде қатысады;
- жылумен жабдықталу жүйесінің жылулық және гидавликалық
режимын жасау;
- тұтынушыла тарапынан алынатын жылу энергиясын есептеудің
рациональды сызбасын жасау;
- жаңа ЖЖ жобасын сараптау және ЖЖ қосу, техникалық шарттарды
есептеу және олады іске қосуға рұхсат беру.
1.3 сурет – ЭР-1эксплутациялық аумағының ұйымдастырушылық
құрылым
Бухгалтериялық бөлімінің міндеттері:
- қаpжылық есептеуле жүргізу;
- өндірістік есептеулер жүргізу;
- осы қаржылық есептеулерге статистикалық есептеулер жүргізу;
- бухгалтерлік есептеулер нәтижесінде салымдарды есептеуді жүргізу.
Басқарушылық есептеулерді жүргізу – қаржылық, өндірістік,
статистикалық және салықтыұ есептеулер деректеріне сай басшының
тапсырмасы бойынша құрылатын жинақтық ақпараты.
Жобалау-экономикалық бөлімі (ЖЭБ) келесідей қызметтерді жүзеге асырады:
- жылумен жабдықтау қызметінің тарифін есептеу үшін өндірілетін
жылудың өзіндік құнына кіретін шығындарды жасау мен қалыптастыру;
44
- кәсіпорынның құрылымдық базасына кіретін штаттық кестені жасау,
құрылымдық бөлімшелердің штаттық кестесін қамтамасыз ету;
- жылу мен ЫСЖ бағасының қойылуын және олардың үшін Жоғары
тұрған құзыретті органдары тарапынан бекітілу үшін технико-экономикалық
негіздемені жасау.
Заң бөлімінің міндеттері:
-
қарыздарын өндіріп алу және сот органдарына істі беру;
-
жылу энергиясын тұтыну бойынша қарыздары бар іріктелген ;
-
қайта есептеу бойынша сапасы төмен жылу энергиясы;
Кадрлар бөлімінің міндеттері:
- қызметкерлерді төмендегідей сұрақтар бойынша жұмыстарды;
- асшылар тарапынан берілген қаулылар;
- ҚОҚ және ТҚ (қоршаған ортаны қорғау және техника қауірсіздігі)
төмендегілермен айналысады:
- қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай кәсіпорындардың жұмыс
атқаруын бақылау (еңбек жағдайларына байыланысты жәрдем ақы мен
шығындарды төлеу);
- жұмыс орындары мен жабдықтардың қоршаған орта талаптарына
сай екенін тексеру;
- қызметкердің жұмысына байланысты оған келтірілген зиянды
төлеу: жарақат алу, кәсіптік аурулар немесе денсаулықтың басқада
зақымдалуы;
Өткіу бөлімі 3 бөлімшеден тұрады: абонеттік бөлімше, өткізу бөлімшесі
және ЭЕМ тобы. Бқл бөлімнің негізгі міндеттеріне жататындар:
- ғимарттың жоспарына сай немесе қрылған келісім шарттарға сай
ұйымдарға жылудың өткізуін жүзеге асыру;
- тұтынушылардың барлық уақыт бойына жылу энергиясын
пайдалануы үшін ақшалай қаржыны жинау;
- тұрғындар бойынша қарыздарды есептеу.
Өткізу бөлімі тұтынушылармен жұмыс жасайтын басшының орынбасарына
тікелей бағынады, сондықтанда, бөлімнің ең басты қызметтерінің бірі
пайдаланылған жылу энргиясына төлеу бойынша туындайтын сұрақтармен
байланысты.
Материалды техникалық қызмет көрсету бөлімі келесідей қызметтерді
жүзеге асырады:
- жанар-жағармай-энергетикалық қорлары
-
кәсіпорынның материалды-техникалық базасын жасау;
-
келісімшарт бойынша жеткізушілердің міндетінің орындауы.
Жалпы сұрақтар бойынша басшының орынбасарына тікелей
бағынады және келесідей қызметтерді атқарады:
кәсіпорын нысандарын қорғауды қамтамасыз ету;
кәсіпорынның қызметкерлернің тамақтануын ұйымдастыру;
кәсіпорын бойынша іс жүргізуді орындайды;
45
кәсіпорының маңайындағы аумақтағы тиісті шараларды атқарады.
Жылулық базаның персоналдары персоналдарға қызмет көрсететін
құрылымның құрамына кіреді және келесідей қызметтерді атқарады:
-
тауарлық-материалды құндылықтарды (ТМҚ) қабылдау;
-
ТМҚ мемлекеттік сатып алу тендры бойынша комиссия құрамында;
- «Талдықорған жылу сервис» ГГКП ұйымдастырушылық құрам бөлігі
құрамына сондай-ақ төмендігілер кіреді: ішкі нормативті құжаттар бойынша
ұйымдастырушы құрам бөлікті басқару: міндетік инструкция, қоршаған
ортаны қорғу және техника қауіпсіздігі бойыша регламеттер, актылер мен
журналдар;
- сыртқы нормативті құжаттар: әдістемелік нұсқаулықтар, ұсыныстар,
СНжҚ және заңдар.
- жоғары әкімшілікті деңгейдегі басқару құрылымының
кемшіліктері:
- персоналдардың санының көп болуы (800ден асам адам),
- қызметкерлердің басым көпшілігі біліктілігін жоғарылатудан өтпейді;
- әкімшілік деңгейде ақпаратты өңдеудің заманауи құралдарымен аз
қамтамасыз етілуі;
- кәсіпорының құжаттарына қатысты байланыстың аз болуы.
Бұл кемшіліктерді жою үшін кәсіпорының басқару жүйесін жақсарту
керек, басқарудың жаңа прогрессивті құралдарын қолдану керек,
басұарудың стратегиясын өзгерту керек. Жылумен жабдықтаушы ұйымның
ұйымдастырушылық-әкімшіліктік құрам бөлігін сараптау сондай-ақ,
кәсіпорынынң сапасын басқару міндеттік инструкция арқылы
қызметкерлердің міндеттерін регламенттейтін және бөлімдердің жағдайы
мен олардың арасындағы байланысты регламенттейтін функциональды-
сызықтық құрылымына негізделеді, алайда төмендегілерге мүміндік беретін
басқарудың процесстік тәсілін ескермейді:
-
талаптардың маңыздығын анықтау, оларды түсіну және орындау;
-
қойылған құндылық тұрғысынан процессті қарау;
-
процестің орындалуына қол жеткізу;
-
процесті жақсартудың тұрақтылығы.
3 бөлім. Бағдарламалық қамтаманы құрастыру
3.1 Бағдарламалық қамтаманы Ditrix көмегімен құрастыру
Құжаттың типі - біздің электронды құжаттар айналымы жүйесіндегі
ең қызығы. Бұл жерде құжат қанай болуы керек, қандай ақпаратты ол
сақтауы шарт, онымен қандай әрекеттер орындалады және ол барлық
тіршілік циклы барысында қандай маршрут бойынша әрекет етуі керек -
осының барлығы анықталады. Құжаттардың типы бойынша басқаруға кіру
46
Әкімшіліктеу (Администрирование ) — Құжат айналымы (Документооборот )
— Құжаттар типы
(Типы документов).
3.1 сурет – Жүйеге кіру
Құжаттар типының тізімі кесте түрінде беріледі және төмендегідей
жолақтар тізімінен тұрады:
-
топ. Қжаттар журналы топтарға бірігуі мүмкін;
-
журнал. Қжаттың типы қандай журналға тиесілі екені көрсетіледі;
-
Құжат типы атауы;
-
сипаттамасы. Құжаттың типы туралы қысқаша сипаттама;
-
құрылған. Құжат типы жасалған күні;
-
өзгертілген. Құжат типының ең соңғы өзгеріс енгізілген күні.
47
3.2 сурет -
Құжаттар типының тізімі
Жүйеде сипатталған сұраныс іске қосылуы үшін, меңгеруші
сәйкесінше құжат типын құруы шарт. Ал тұтынушылар осы құжаттың
типының көшірмесін жасайды немесе жай ғана құжат жасайды. Құжат
типын жасау Әкімшіліктеу (Администрирование ) — Құжат айналымы
(Документооборот ) — Құжаттар типы (Типы документов) мәзірі арқылы
жасалады. Терезеде осы типтермен бірге Құжт типын енгізу (Добавить тип
документа) кнопкасын басады. Ашылатын терезеде негізгі реквизиттер
тотырылады:
- құжат типы атауы. Mысалы, Техникалық қолдауға сұраныс;
- қысқаша сипаттама. Іс жүзінде бұл тұтынушы сұраныс құрған кезде
пайда болатын еске түсіру;
- толық сипаттама. Тұтынушы құжатпен жұмыс жасай отырып, Көмек
(Помощь) мәзірінен ала алатын анықтама ақпарат.
48
3.3 сурет - Құжат типын құру
Біздің сұранысымыздың тіршілік циклын толығырақ талдайық. Оған
келесідей сатылар кіреді:
- құру. Сураныс жаңа ғана автор тарапына құрылды, ол түзетіле алады
және нақты емес мерзімде осы күйде қалдырылады. Тұтынушы
техникалық қолдауды жібіргенге дейін.
- күту. Сұранысты қолдау қызметіне жібереміз және қолдаудың бір
қызмткері сұранысты жұмысқа алғанға дейін күтеміз. Жұмысқа (Взять в
работу) кнопкасы қолдау қызметінің барлық қызметкерлері үшін қол жетімді
болуы шарт.
- орындау. Сұраныс бойынша барлық қажетті жұмыстар орындалады. Іс
шаралар аяқталысымен орындаушы (сұранысты жұмысқа алған қызметкер)
Сұранысты жабу (Закрыть заявку) кнопкасын басады.
- орындалды. Қажет болған жағдайда сұраныс беруші осы әрекет
арқылы қосымша толықтыруларды жүзеге асыра алады (действия).
49
3.4 сурет - Сұранысымыздың тіршілік циклы
3.5 сурет – Өтінді толтыру
Журналды Администрирование /Документооборот мәзірі арқылы
жүзеге асыруға болады, мұнда Журналдарды алуға болады. Ашылып
жатқан беттің жоғары сол жағында Журналды қосу (Добавить журнал
кнопкасын басамыз. Және атрибуттарды толтыруға кірісемз:
50
- атауы: Біздің сұраныстар.
- қысқаша сипаттамасы: бұл тез бастау туралы мақаладан
сұраныстан тұратын журнал.
- толық сипаттамасы: Журнал келесідей жолақтан тұрады: сұраныс
номері, сұраныс атауы, құрған күні, санаты, сұраныс беруші, орындаушы,
жағдайы.
- құжат типы. Техникалық қолдау сұранысымен бірге сол жақ бағанды
белгілейміз және оны екінші ізімге алмастыру үшін нұсқар тәрізді
кнопканы басамыз. Осы екінші тізімде осы журналға енгізілген құжат
типы пайда болады. Яғни, егер де сізде сосы журналған алмастырғыңыз
келген бірнеше сұранысыңыз болса, біз онда олардың барлығын осында
алмастыра аламыз.
Журналға ауысамыз және төмендегілер бойынша көз жеткізуді бастаймыз.
Есептеу кезеңінде неше сұраныс құрылды. Кестелі көріністі
фильтралеу мәзірі арқылы осы есептеу кезеңін таңдап, Табу ( Найти)
кнопкасын басамыз. Төменде оң жақтан қанша екені көрсетіледі.
Қанша сұраныс жабылды және қаншасы еркін уақтылы период жұмысында
тұр.
3.2 Нәтижелерді зерттеу
ЭКЖ жүйесін құру кемшіліктері.Электронды құжат айналымында
типтік кемшіліктер болып, оның жеткіліксіз өңделмегені саналады, бұл
жұмыс режимінің тиімсіздігіне алып келеді. Көбінесе компания жетекшілері
ұйымға электронды құжат айналымын ендіруде жеткіліксіз аяғына дейін
51
қолдана алмайды, алайда соңында бұл бизнес – процестердің құрылуына алып
келеді. Жоба жөнінде жетекшілердің жеткіліксіз қызығушылығы негізінде
ұзақ уақытты қажет етеді.
Басқа да кемшіліктері болып ЭҚЖ жүйесін толығымен енгізу саналады.
Эксперттердің ойынша, ЭҚЖ жүйесін жекешелей ендіруде корпоративті
масштабты күш жүйесі қажет болады, сонымен қатар жобаның барлық
жүйелері жүйенің өңделуіне көмек береді.
ЭҚЖ жүйесін басқа да ендіру кезеңдерінде кейбір ақаулықтар пайда
болады. Олардың ішінде корпоративті құжаттарды жеткіліксіз пайдалану,
құжат айналымын басқарушы процестер және де соңғы нәтижелерге
қызметкерлерді үйрету болып саналады.
Құжат айналымын автоматтандырудың тиімділігі. Электронды
құжат айналымын автоматтандыру жүйесінің тиімділігі екі негізгі кезеңдер
бойынша жүзеге асырылады:
2.1 cурет – ЭҚЖ жүйесін ендірудің тиімділігін анықтау тізбегі
Бірінші түрге жататын тиімділік кезеңіне жатқызылады.
Құралдардың тиімді қолданылуы (электронды түрде құжаттарды
өңдеудің арзан технологиясына байланысты), шығындалу материалдары
(қағаз), қондырғыларға (көшіру−көбейту техникасы және т.б.), қағаз түрінде
ақпараттарды тасымалдау, қағаз құжаттаарды сақтауға (соның ішінде
физикалық тұрғыда орындарды босату).
Қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдеу:
-
мәліметтерді қолмен реттеуде және қызмет түрлерін орындауда;
-
құжаттарды жеткізу үшін;
-
керекті құжаттарды іздестіруде;
-
құжаттарды қайталап қолдануда.
Екінші түрге жататын тиімділік кезеңіне жатқызылады.
52
Құжаттарды жеткізу және де қызмет ету түрлеріне байланысты құжат
құрамындағы ақпараттарды жүйелік түрде жеткізу мүмкіндігі. Бұл
құжаттармен жұмыс жасауда қызметкерлердің жұмыс істеу процесін
айтарлықтай жылдамдатады (растау және де бекіту).
Бизнес− процестерді оптимизациялауда олардың сапасы мен ақпараттық
тізбектерінің тез арада жеткізілу сапасы айтарлықтай жақсарады. Заманауи
технологияларға байланысты құжаттармен жұмыс жасау процесін
орталықтандырады, қолданылатын пәндердің жұмыс процесін қадағалайды
және де басқару жүйесін іске асырудың шараларын жүзеге асырады.
Ақпараттармен жұмыс жасау сапасын арттыруда жұмыстың жаңа
түрлері мен әдістері пайда болады. Электронды құжат айналымы жүйесін
ұйымдарда енгізуде құжаттағы ақпараттарды қолдану мүмкіншілігі
айтарлықтай артады, да қолдану аймағы кеңейтіледі. Соның негізінде
ұйымдағы шешім қабылдау тездетіледі, сонымен қатар ұйымның жұмыс
жасау сапасын арттырады.
Бірыңғай ақпараттық аймақтағы құжаттарды құру арнайы масштабтарға
байланысты болады.
Заманауи құжат айналымы жүйесі географиялық адамдардың
кедергілерін шешеді (мысалы, филиалдармен кешкі уақытта жұмыс жасайтын
ұйымдар) және де бірыңғай инфрақұрылым жүйесінің жұмысын реттеуге
көмек береді.
Корпоративті мәдениеттің дамуы заманауи технологияларды қолдануға
негізделеді және де ақпараттық және коммуникациялық мүмкіншіліктер
негізінде дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |