Қазақстан жерінің 10%-дайын таулар алып жатыр. Тау ландшафттары биіктік белдеулігі және экспозициялық факторлардың әсерімен қалыптасқан.
Биіктік белдеулігі ендік зоналылыққа байланысты. Қазақстанның белгілі бір ендік зоналылығының аумағында орналасқан таулар белдеулер санымен, олардың орналасу биіктігімен және басқа да өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Алтайдан Тянь-Шаньға дейін биіктік ландшафт зоналығының құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық сипаты да күрделене береді. Мысалы, орман өсімдіктерінің төменгі шекарасы Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың солтүстік беткейлерінде 700-300 м-ден басталса, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде 1200-1400 м-ден жоғары орналасады.
Биіктіктеріне байланысты Қазақстандағы таулар аласа, орта биіктікті және биік таулар болып бөлінеді.