В., Райымбекова Ж. Е. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 82 жылдығына арналған Ақын



жүктеу 15.75 Kb.

Дата06.03.2017
өлшемі15.75 Kb.

Муравьева О.В., Райымбекова Ж.Е. 

 

Ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  82  жылдығына  арналған  «Ақын 

жүрек жырлайды... » атты поэзия кеші 

 

    Ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  туған  күнін  ақпан  айы  бастала 



республикамыздың әр түкпірінде тойлана бастауы дәстүрге айналғандай. 

Сол  дәстүрден  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  де 

жаңылмады.  Күні  кеше  «Нұр  Отан»  ХДП  Астана  қаласындағы  «Нұр» 

филиалының  «Жас  Отан»  Жастар  қанатының  ұйымдастыруымен  «Ақын 

жүрек  жырлайды» деген  атпен  оқу  ордамыздың қабырғасында  жас  ақындар 

мүшайрасы  болып  ӛтті.  Әр  факультеттен  жиналған  студенттер  мен 

қонақтардың  саны  900  ге  жетті. Жоғары  деңгейде  ӛткен  кеште  жас 

ақындардың  талабы  мен  талантына  баға  берер  әділқазылар  алқасы  да  ӛлең 

ӛлкесінің  майталмандары.  Мысалыақын,  «Дарын»  мемлекеттік  жастар 

сыйлығының  иегері,  Қалқаман  Сарин,  Шаяхметов  атындағы  тілдерді 

дамытудың  республикалық  үйлестіру  әдістемелік  орталығының  директоры, 

ақын, әділқазылар алқасының тӛрағасы Ерғожа Тілекберді Әлқожаұлы, ЕҰУ 

журналистика және саясаттану факультетінің студенті, Айшолпан Жүсіпова, 

Және «Нұр Отан» ХДП Астана қаласындағы «Нұр» филиалының «Жас Отан» 

ЖҚ атқарушы хатшысы Мереке Пошанов болды. 

 

               



 

 

   Кеш  сайыс  түрінде  болғанымен,  арасында  кӛпшілік  қауымды  ақынның 



ӛлеңдеріне  жазылған  әндерімен,  сонымен  қатар,  жауһар  жырларымен 

сусындатып  отырды.  Кештің  шымылдығын  ақынның  «Күрең  күз»  әнімен 

журналистика  және  саясаттану  факультетінің  студенті  Орынгүл  Махмудова 

ашса  ,  одан  әрі  «сенің  кӛзің»  әнін  журналистика  және  саясаттану 

факультетінің 

студенті 

Самал 

Кенжина 


скрипкамен 

сүйемелдеп, 

кӛрермендерді бір серпілтті. 


                               

 

 



    «Ӛлсе,  ӛлер  Мұқағали  Мақатаев,  ӛлтіре  алмас  алайда  ӛлеңді  ешкім»-деп 

ақын  ағамыз  ӛзі  жырлап  кеткендей,  ӛмірден  ӛткенімен  артынан  ерген  ақын 

жанды ізбасарлары жырларын жатқа оқуда. Бұның бір дәлелі- бүгінгі сайыс 

болды.  Алғашқы  тур  бойынша  сайыскерлерімізге  қойылған  талап,  ақынның 

кез келген жанына жақын деп тапқан ӛлеңін нақышына  келтіріп, жатқа оқу. 

Мүшайрада университет бойынша жалпы 12 үміткер бақ сынасты. 

Бұл  тур  арқылы  поэзияға  ғашық  кӛрермендер  қауымы  Мұқағали 

жырларымен бір сусындады. Рухани демалып, ақын шығармашылығымен бір 

танысып алды. 

   Екінші  тур  бойынша,  жас  ақындарымыз  ақынға  деген  жүрекжарды 

жырларын  арнады.  Бұл  бӛлім  арқылы  әділқазы  алқалары  жас  ақындардың 

талантын байқап, баға берді. 



                            

 

 



     Ақындар  сайысының  қорытынды  шешімін  әділ  қазылар  алқасы  ой 

елегінен  ӛткізіп,  жас  ақындарға  лайықты  орындарын  тағайындады.  Шешім 

бойынша,  3  орын  филология  факультетінің  студенті  Боранбай  Қажығали

орын  журналистика  және  саясаттану  факультетінің  студенті  Жұмабек 

Серікбек1 орындыфилология факультетінің студенті Айбек Қали есімді жас 

ақындар  иеленсе,  бас  жүлдені,  яғни  «Нұр  Отан»  ХДП  Астана  қаласындағы 

«Нұр»  филиалының  «Жас  Отан»  Жастар  Қанатының  арнайы  жүлдесін 

журналистика және  саясаттану  факультетінің  студенті  Тілеулинова  Құралай 

қанжығасына  байлады.  Барлық  қатысқан  талапкерлер  тиісті  дипломдармен 

марапатталды.  



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал