В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет69/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Жүз жыл бұрын

Биыл

Алдағы елу жылдан соң













БӨЖ тапсырмасы: «Мені таңғалдырған жаңалық» ақпараттық-танымдық жоба жасау (жобаның мақсат, міндеттерін анықтау; топқа бөліну, әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысты анықтау; зерттеу: ақпарат жинау, сұхбат, сауалнама жүргізу; нәтиже шығару: талдау, жинақтау, қорытындылау; қорғауға ұсыну)

6.3. МӘДЕНИ ЖАҢАЛЫҚТАР



Тыңдалым. Айтылым

1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Қауымдастық, инновациялық, әлеумет, кешенді шаралар, жаңа бағыт, ақпараттық, рухани даму, қоғамдық ұйым.


2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Мәдени жаңалықтарды қарайсыз ба?


Ә) Өзге жаңалықтардан мәдени жаңалықтардың ерекшелігі қандай?
Б) Елімізде жақында болған қандай ірі мәдени шараны (оқиғаны) білесіз?



Оқылым. Айтылым

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.


Қазақстан – әлемдік қауымдастыққа өзіндік ізденісімен, ерекше қажыр­қайратымен енген ел. Әлем тоқтаусыз дамып келеді. Жаңалыққа толы әлемнің айрықша тынысы болып отырған Қазақстан да өз жолымен дамып келеді.


Бүгінгі өркениет білім парадигмасын өзгертуді талап етеді. Әрқашан қолдау мен көмекті қажет ететін білімнің орнына ауқымды жобалар мен инновациялық жобаларға негізделген саланы ғана емес, қоғамды да алға тартатын инновациялық білім келуі тиіс.
Қазіргі ақпараттық қоғам – ақпаратты ғылыми­-техникалық серпіннің қоғамдық-­әлеуметтік деңгейдегі интеграциясы. Бүгінде білім – қоғамның әлеуметтік­-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.
Жастар – мемлекеттің қоғамдық­-саяси өміріне тікелей қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды бір бөлігі. Жас азаматтардың Отанында болып жатқан маңызды халықаралық оқиғаларды ерекше сезінуі қуантады. Олар еліміздің қоғамдық­-саяси өміріне жастар ұйымдарының қызметіне қатысу арқылы араласады.
Елімізде қоғам үшін жұмыс жасап жатқан жастар ұйымдары аз емес. Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру үшін жағдайлар жасау қажеттілігі туындап отыр. Ел болашағы жастар десек, олардың жағдайын жақсарту және мемлекеттің мәдени, әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыру – кезек күттірмес мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет