В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет76/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Жазылым

7-тапсырма. Мәтіннен үш сөйлем алып, оларды қимылдың өту сипатын танытатын сөйлемдерге айналдырыңыз.


8-тапсырма. Оқылым мәтініндегі тұрақты тіркестерді табыңыз, синонимін жазыңыз.


9-тапсырма. Қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша берілген сөйлемдерді өз ойыңызбен толықтырып жазыңыз.


1. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөнінде.... 
2. Еліміз қауіпсіздік саласындағы ынты­мақ­тастық ......
3. Сауда, инвестициялар және энерге­тика бойынша ..... 
4. Ғылым және технологиялар туралы... 
5. Екі елдің азаматтары арасындағы байланыстар.....


10-тапсырма. Жұптық жұмыс. Еліміздегі экономикалық жаңалықтар, өндіріс жаңалықтары бойынша мәліметтер қарап, шағын баяндама дайындаңыздар.


6.6. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҢАЛЫҚТАР



Тыңдалым. Айтылым



11-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Тілінен айну, ошақ қасы, өгей тіл, еңсесін көтере алмау, үстемдік, төрінен орын алу, бар атырап.




12-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Латын әліпбиіне өтудің маңыздылығы неде?


2. Елімізде тіл мәселесі неліктен өткір деп ойлайсыз?
3. Ұлттың тілі жоғалудың салдары қандай?



Оқылым. Айтылым



13-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Ертеде Осман империясында шенеуніктер ана тілінен айнып, іс қағаздарын жүргізуде, ауызша сөйлеуде тек шеттен келген үш тілді (араб, грек, парсы) ғана пайдаланғаны тарихтан белгілі. Ал түрік тілі тек түріктердің ғана отбасынан, ошақ қасынан аса алмай қалған. Бұл тіл Осман империясындағы медреселер мен былайғы оқу орындарына да енгізілмеген өгей тілге айналған.


Осман түркі мемлекеті неше ғасыр өмір сүрсе де, еңсесін көтере алмаған түрік тілінің тазалығы үшін ол елде үздіксіз күресіп келген күштің болғанын да айтумыз керек. Ол – әдебиетшілер күші еді.
Түркияда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы шамасында ұлт тілінің тазалығы және оның елдегі үстемдігі үшін күресуші ұлтжанды азаматтар да шыға бастайды. Олар әуелі өздерін «Жаңа османдықтар», соңынан «Жас османдықтар» деп атады. Бұлардың отаншылдық сезімінің оянуына аталған уақытта ел мәдениеті төрінен орын алған Омар Сейфутдин, Рафих Халид, Халид Зия, Махмет Рауеф шығармалары, халыққа аса түсінікті прозашы-романшылар шығармалары да қатты ықпал еткен еді...
Түркиядағы тіл саясаты 1923 жылғы революциядан кейін ғана жолға қойылды. Мұның басы түрік тілін араб, парсы тілдерінен кірген сөздерден тазарту, олардың орнына орхон, ұйғыр жазбаларынан алынған көне түрік сөздерін енгізуден, тіпті кей жағдайларда түбірі қолдан жасалған түрік сөздерімен алмастырудан басталған. Бұрынғы араб әріптері латын әріптерімен ауыстырылады. Бұл қозғалыстың басында Кемал Ататүріктің өзі тұрып еді.
Ататүріктің тіл жөніндегі реформасы «Жер түрікше сөйлемейінше, ел түрікше сөйлемейді» деп, атауларды да түгел түрікшелендіруге мұрындық болған. Қалалардағы «Армян», «Грек», «Араб» деп аталатын қала бөліктерінің атын жойып, түрікше ататқызған. Басқа халықтар тіліндегі атаулар түрік тілі әуені бойынша аталып, заңдастырылған...
Түрік елінде бүгінде жер де, көк те, аспан да, атырап та, тау да, тас та, қала да, көше де түрік тілінде ғана сөйлейді.
(http://89.218.153.154:280/cdo/books/Kaz/Kulmanov. Kazak-tili.pdf )
14-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Түрік тілі қай кезде құлдырау кезеңін бастан кешірді?


2. Түрік тілін қандай тілдер алмастырды?
3. Сол кездегі әдебиетшілер не үшін күресті?
4. Ұлтжандылық қасиетті оятуға тырысқандар кімдер еді?
5. Кемал Ататүріктің реформасы бойынша баламасы жоқ сөздер қалай алынды?
6. Өзге тілдерден енген атаулардың айтылу мәнері қалай болды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет