В1 орта деңгей. Лексика: Тұлға. 1-сабақ. Ресми өмірбаян үлгісі Грамматика: Қыстырма сөз



Дата20.04.2023
өлшемі48,49 Kb.
#84789
түріСабақ
Байланысты:
В1 Ресми өмірбаян

В1 орта деңгей. Лексика: Тұлға.1-сабақ.Ресми өмірбаян үлгісі Грамматика: Қыстырма сөз.

В1 орта деңгей. Лексика: Тұлға.1-сабақ.Ресми өмірбаян үлгісі Грамматика: Қыстырма сөз. Сын есім тудырушы жұрнақтар


адамзат-человечество
бірбеткей -упрямый
бір ауыздан мойындау-быть согласным
жауыз – злодей
күрескер-борец
көз жұму умирать
келіссөз-договор, перемирие
қауіп төндіру- угрожает опасность
құпия-секрет
қолбасшылық қабілеті - способность руководить
қолұшын созу – помочь, подать руку помощи
есте сақтау қабілеті - способность запоминать
көзі тірі кезінде-при жизни
мақсатшыл - целеустремленный
бас тартпау – не отказываться
жеңілдетілген-облегченный
жаугершілік саясаты –политика завоевания
мүмкіндік-возможность
мәңгілік-вечный
нәсіл- раса
ушығу- обострение
отар- колония
оқиға- случай
оқыған-образованный
оқымаған-необразованный
өмірге құштар –любящий жизнь
тәуелсіз-независимый
шығармашылық жұмыс-творческая работа
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөз оқшау сөздің түріне жатады.
Қыстырма сөз сөйлеушінің ойға қатысты көзқарасын білдіретін сөз.
Менің ойымша, сен дұрыс айттың. Қысқасы, ертең сабаққа келмейміз. Ертең, сірә, жаңбыр жауатын болар.
Мағыналық түрлері:
Қуанышты, ренішті білдіреді: бағымызға қарай, амал қанша, өкінішке орай.
Сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді: сөз жоқ, бәсе, рас, әрине.
Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді: меніңше, сіздіңше, оның пікірінше.

Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді: сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, бәлкім, байқаймын.
Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады: олай болса, демек, сөйтіп, сонымен.

Ой тәртібін білдіреді: біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында.
3. Синоним сөздерді жұптастырыңыз.
1. Меніңше А. Шамасы
2. Әрине Ә. Мәселен
3.Шынында Б. Әлбетте
4.Бәлкім В. Менің ойымша
5.Сірә Г. Мүмкін
6.Мысалы Ғ. Расында
ОҚЫЛЫМ 1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз қандай адамсыз?
  • Бүгін сіздің туған күніңіз.
  • Сіз: А) достарыңызбен түнгі клубқа барасыз Ә) достарыңызбен мейрамханада тамақтанасыз Б) үйде теледидар көресіз

  • 2. Сенбі мен жексенбіде ауа райы керемет болып тұр. Сіз: А) отбасыңызбен, достарыңызбен табиғатқа шығасыз Ә) басқа қалаға барып демаласыз Б) үйде газет-журнал оқисыз
    3. Жұмыста түскі үзіліс. Сіз: А) достарыңызбен кездесіп, фитнесклубқа барасыз Ә) жұмысыңызға жақын жерде серуендейсіз Б) жұмыс орныңызда тамақтанасыз
    4. Сіздің кезекті жазғы демалысыңыз. Сіз: А) достарыңызбен күнде түнгі клубқа, кинотеатрға барасыз Ә) басқа қалаларды, мемлекеттерді аралайсыз Б) жағажайда демалып жатасыз
    5. Демалыс кезінде дүкен араладыңыз. Сіз не сатып аласыз? А) әдемі киімдер Ә) өзіңіз барған қала, мемлекет туралы кітап Б) балмұздақ

Жауаптар
Егер Б жауабы көп болса: Сіз нағыз еріншексіз! Ештеңе білгіңіз, ізденгіңіз, жасағыңыз келмейді. Көңіл көтеріп, достарыңызға көңіл бөліңіз!
Егер Ә жауабы көп болса: Сіз нағыз оқымыстысыз! Үнемі жаңа бір нәрселерді үйреніп, ізденіп жүресіз. Кейде көңіл көтеруді де ұмытпаңыз.
Егер А жауабы көп болса: Сіз нағыз көңілді адамсыз! Үнемі күліп, достарыңызды қуантып жүресіз. Кейде тоқтап, демалғаныңыз да дұрыс.
4. Керекті тыныс белгісін қойыңыз.
Оның айтқанына, әрине, қосыламыз.
Оның әкесі шамасы ертең келер.
Менің мұғалімім бұл әңгімені естімеген болуы керек сірә.
Мүмкін оған тағы бір мүмкіндік берерміз.
Сенің айтқандарың қызық екен шынында.
Расында баланың қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс.
Артық болмас білгенің
  • Оқыңыз. Осы үлгіде өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

  • Ресми өмірбаян үлгісі
    Мен, Асқар Қалиұлы Маратов, 1978 жылы 25 қыркүйекте Астана қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
    1995 жылы Астана қаласының № 17 мектеп-гимназиясын бітірдім.
    1995 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түстім. Мамандығым: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
    Аталған оқу орнын 2000 жылы үздік дипломмен бітірдім. 2000 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін Астана қаласындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте мамандығым бойынша қызмет еттім. 2005 жылдың ақпанынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. Ата-анам бар. Әкем – Қали Маратұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнеткер, анам Хадиша Қасымова – зейнеткер. Үйленгенмін. Әйелім – Майра Әлиқызы Әділбекова. Мамандығы – заңгер. «Аспан әлемі» жеке фирмасының заңгері. Мектеп жасындағы 3 балам бар. Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс істеймін. 2002 жылы Астана қалалық оқу бөлімінің «Білім беруде қосқан үлесі үшін» мадақтама қағазымен марапатталдым. Мекенжайым: Астана қаласы, "Жастар" ықшамауданы, 47-үй, 18-пәтер.
    2. Әр жаңа жолда не туралы мәлімет берілгенін жазыңыз.
    1.
    2.
    3
    4.
    5.
    6.
    7.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет