химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдана білу, химиялық ыдыс пен негізгі құралды пайдалану, медициналық практикада қажетті физика-химиялық өлшеу әдістерін қолдану;
молярлы концентрация, моляльды концентрация, эквивалентті молярлы концентрацияны, еріген заттың мольдік үлесін және ерітінді титрін есептеу;
химиялық реакцияларлдың жылу эффектілерін есептей білу;
потенциометрлік рН өлшеуді жүргізе білу;
биополимерлердің ісіну дәрежесін анықтау;
криометрия әдісі бойынша төменгі молекулалы заттардың және ЖМЗ вискозиметриялық мәліметтер бойынша салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу;
органикалық молекулалардың биологиялық функциясын олардың құрылысы мен реакциялық қабілетімен байланстыра білу;
органикалық химияның теориялық негіздерінің тұрғысынан қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында органикалық қосылыстардың химиялық өзгерісін болжай білу.
берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу, ерітіндінің тығыздығын және рН анықтай білу;
берілген рН белгілі буферлі ерітіндіні дайындай білу, буферлік сыйымдылықты анықтай білу; биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;
органикалық қосылыстардың маңызды кластарының функционалды топтарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;
3. Коммуникативтік дағдылар
жолдастарымен ортақ тіл табыса білу, конфликтілік жағдайларда жол таба білу;
үлкен көлемдегі ақпараттарды меңгеріп, оның ішінен ең бастысын бөліп алу;
әлеуметтік қарым-қатынас мәдениетіне дағдылану;
алдына мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге барынша күш салу, ақпараттқа талдау жасай білу.