В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет126/126
Дата26.06.2023
өлшемі2,95 Mb.
#103439
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ


БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ

  1. Химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдана білу.

  2. Химиялық ыдыс пен негізгі құралды пайдалану, медициналық практикада қажетті физика-химиялық өлшеу әдістерін қолдану.

  3. Еріген заттың молярлы концентрациясын, моляльды концентрациясын, эквивалентті молярлы концентрациясын, мольдік үлесін, ерітінді титрін және химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеу.

  4. Берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу, ерітіндінің тығыздығын және рН анықтай білу.

  5. Берілген рН белгілі буферлі ерітіндіні дайындай білу.

  6. Буферлік сыйымдылықты анықтай білу.

  7. Биологиялық сұйықтықтарға потенциометрлік рН өлшеуді жүргізе білу.

  8. Хроматографиялық анализ жүргізу.

  9. Адсорбция шамасын есептеу.

  10. Коллоидты ерітінділерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.

  11. Коллоидты ерітінділердің коагуляция таьбалдырығын анықтау.

  12. Биополимерлердің ісіну дәрежесін анықтау.

  13. Криометрия әдісі бойынша төменгі молекулалы заттардың салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу.

  14. ЖМЗ вискозиметриялық мәліметтер бойынша салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу.



органикалық химия

  1. Органикалық қосылыстарды көміртегінің қаңқасының құрылысы және функционалдық топтар бойыншажіктей білу.

  2. Химиялық номенклатура ережелерін қолдана білу. Құрылымдық формуласы бойынша атын атай білу және биологиялық маңызды органикалық қосылыстардың негізгі класстарының аты бойынша құрылымдық формуласын жаза білу.

  3. Биологиялық маңызды органикалық қосылыстардың молекулаларынан хиральді орталықты және кеңістіктік құрылымын анықтай білу.

  4. Құрылымы бойынша молекулада реакциялық орталықты,сипаттамасын: қышқылдық, негіздік, электрофильдік немесе нуклеофильдік анықтай білу және қоршаған ортаның белгілі бір жағдайындағы органикалық қосылыстардың реакциялық қабілеттілігін сапалы бағалау.

  5. Қос байланысты, , молекула құрамындағы пептидтік байланысты, диол фрагментін,альдегид тобын, алкалоидтарды,тотықсызданатын және басқа қасиеттерін дәлелдейтін сапалық реакцияларды жүргізе білу.

  6. Эксперимен нәтижелерін анализдей және өңдей білу. Құжаттарды дұрыс жүргізу түрлері: конспектілеу және тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар хаттамасын дұрыс толтыра білу.

  7. Химиялық ыдыстарды қолдана білу және химиялық экспериментті жүргізу ерекшеліктері.

  8. Химиялық лабораторияда қауіпсіз жұмыс жүргізу ерекшеліктері (күйдіргіш, улы. ұшқыш органикалық қосылыстармен, қыздырғыш құралдармен).




беттің -ші беті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет