Бақылау: Осы сабақта бағалау компетенциясы тұрады:
«Білім» бағалау компетенциясы: шағын топтармен жұмыс істеу кезінде, ауызша сұраудың жауаптарымен, ( ситуациялық есептерді шығару), ауызша сұрау (билеттер және тесттер), үй тапсырмаларын тексеру (жаттығулар, тесттер) бойынша өткізіледі.
«Дағдылар» бағалау компетенциясы: ситуациялық есептердің, жаттығулардың нәтижелеріне интерпретация жасау біліктілігіне және практикалық сабақтың хаттамаларын толтыруын бақылау бойынша өткізіледі.
Глюкозаның глюкон және глюкар қышқылдарына дейін тотығу реакциясын жазыңыз.
Галактозаның галактурон қышқылына дейін тотығуын және өнімнің декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Галактурон қышқылының оксо-және циклді түрлерін жазыңыз.
Маннозаның гидрлену реакциясын жазыңыз.
-ацетил-Д-маннозаминмен пирожүзім қышқылының алдольдық конденсациясының нәтижесінде ацетилнейрамин (сиал) қышқылын алыңыз.
Жартылай ацеталдық гидроксил тобының ерекше қасиеттері. Глюкопиранозаның метил спиртімен реакциясын жазыңыз (НСI-дың қатысуымен).
ТАҚЫРЫП: Биологиялық маңызды гетероциклды қосылыстар. Зәр қышқылының және оның тұздарының ерігіштігін зерттеу. Алкалоидтардың тұнбаға түсу реакциялары.
МАҚСАТЫ: Гетероциклды қосылыстардың құрылысы, таутомериясы, қасиеттері, және биологиялық ролі туралы білімді қалыптастыру.
Алынған нәтижелер негізінде бейімділік дағдыларын және гетероциклды қосылыстар үшін көрнекілік реакциялар дағдыларын қалыптастыру.