аралық бақылау тақырыптары бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;
ағзада жүретін процестердің негізгің заңдылықтары мен мәнін термодинамикалық, кинетикалық, протолиттік тепе-теңдік және т.б. тұрғыдан түсіну деңгейін бақылау
электрохимия негіздерін, беттік құбылыстардың физика-химиялық негізі мен негізгі түсініктерін, хроматографиялық талдау негіздері бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;
дисперсті жүйелердің жіктелуі, алыну, тазарту әдістерімен физика-химиялық қасиеттерінен сұрақтар бойынша студенттердің білім деңгейін тексеру;
комплексті қосылыстар мен биогенді элементтердің биологиялық рөлі және қосылыстарының медицинада қолдануы бойынша сұрақтарды қарастыру;
жоғарыда аталған тақырыптардың медициналық-биологиялық аспектісін қарастыру;
жаңа терминдерді игеру деңгейін бақылау.
ОҚЫТУ әдістері: Үйлескен түрде:
- жазбаша бақылау;
- әңгімелесу
БАҚЫЛАУ Бағаланатын құзыреттіліктер: Білім.
Коммуникативтік дағдылар.
Бақылау әдістері: Жазбаша тапсырманы орындау.
Есептерді шығару, оқытушының сұрағына жауап беру
Бақылау сұрақтары Ерітінділер теориясының негізгі түсініктері. Ерітінділердің құрамын өрнектеу тәсілдері: массалық үлес, молярлық масса, эквивалентті молярлы концентрация, мольдік үлес, моляльді концентрация, ерітіндінің титрі.
Бейэлектролиттердің және электролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар. Осмос. Осмос. Осмостық және онкотикалық қысым. Вант-Гофф заңы. Биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльділігі. Осмостың биологиядағы және медицинадағы рөлі.
Тірі ағзадағы электролиттер. Қалыпты жағдайда және патология кезіндегі адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәні. Ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажеттілігі.
Буферлік жүйелер. Анықтамасы, жіктелуі, құрамы. Буферлік ерітінділердің рН-н есептеу (Гендерсон-Гассельбах теңдеуі). Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмі. Буферлік сыйымдылық.
Қандағы буферлік жүйелер, олардың ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі биологиялық рөлі. Қандағы буферлік жүйелердің күштілігінің салыстырмалы сипаттамасы. Ацидоз. Алкалоз.
Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық жүйелердің жіктелуі. Термодинамикалық жүйенің күй жағдайлары. Термодинамиканың бірінші заңы.
Термохимия. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер. Лавуазье-Лаплас заңы. Гесс заңы мен одан шығатын салдарлар. Тағамдық өнімдердің калориялығын есептеу принциптері.
Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия. Гиббстің бос энергиясы - процестің өздігінен жүру критерийі ретінде. Энтальпиялық және энтропиялық факторлар.
Тірі ағза термодинамикасының ерекшеліктері. Стационарлы термодинамикалық жүйенің сипаттамасы. Энергиялық қосарлану принципі. Пригожин принципі.
Химиялық реакция жылдамдығы. Реакцияның орташа және шынайы жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Массалар әрекеттесуші заңы. Вант-Гофф ережесі.
Реакцияның молекулалығы және реті. Әр түрлі ретті реакциялар үшін кинетикалық теңдеулер. Реакция ретін анықтау.
Химиялық тепе-теңдік күйі. Химиялық тепе-теңдік тұрақтысы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта құру принципі.
Биогенді элементтер. Биогенді элементтердің жіктелуі. Биогенді элементтердің атомдар құрылысының ерекшеліктері.
s-, p-, d- элементтері, қасиеттері мен оның қосылыстарының медициналық-биологиялық рөлі. Экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстардың құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар.
Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық рөлі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы. Хелаттардың құрылысы мен қасиеттері. Хелатотерапия.
Электрод. Электродты потенциал. Нернст теңдеуі. Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, редокс-электродтар, анықтауыш және салыстырушы электродтары, ионселективті электродтар.
Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші.
Диффузиялық және мембраналық потенциалдар: пайда болу механизмі, биологиялық рөлі.
Беттік құбылыстар. Жылжымалы фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік-активті заттар.
Жылжымайтын фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Лэнгмюр және Фрейндлих теңдеулері. Ерітіндіден адсорбцияның негізгі заңдылықтары. Ионалмасу адсорбциясы. Медицинада қолданылуы.
Хроматографиялық талдау әдістері. Биология мен медицинада қолданылуы.