В3 есебі «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп


тапсырмалары бойынша екінші бетпе-бетте постерлер құрдық



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі110,64 Kb.
#11454
1   2
Байланысты:
В3

тапсырмалары бойынша екінші бетпе-бетте постерлер құрдық. Әріптестерімнің постерлерді құру барысында мен көп нәрсені түсіндім және көптеген стратегияларды өзіме алдым. Бұл тапсырмаларды өзім орындағанда маған біраз қиындықтар туындаған, мысалы сыни тұрғыдан орындауға берілетін тапсырмаларды қандай әдіс-тәсілдер арқылы іске асыруда. Мен әріптестерімнен болашақта өз тәжірибеме қажет жаңа стратегияларды алдым. Әсіресе мен оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) сабақ беруде тиімді пайдалана білуге және басқа модульдермен ықпалдастра білуге көп мағұлмат алдым.



Сәттілік пен қиындық әр уақытта бірдей жүреді. Осы тапсырмаларды орындау кезінде қандай қиындықтарға кезіктім? Уақыттың жетпей қалуы, оқушылардың шулап кетуі, бағалау кезіндегі түсінбеушіліктер. Ең негізгі мақсат-оқушылардың жаңаша оқыту үдерісін бейімделуін «Мектептегі тәжірибе» барысында байқап, топтық жұмыстың,жалпы Бағдарламаның негізгі идеяларының тиімді екенін байқап, көз жеткізу болды. Тәжірибеде топта жұмыс істеу балаларға алғашқы сабақтан бастап ұнады. Ал өзім топтық жұмыстың тиімді екенін бірінші бетпе-бет кезінде Бағдарламаның негізгі ұғымдарымен танысу кезінде сезіндім.Осы жұмыстарды келешекте де үзбей жүзеге асырмақ ойым бар, яғни, өзімнің оқыту әдісімді өзгертетініме сенімдімін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет