«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Ми шабуылы». Стигма және дискриминация



Pdf көрінісі
бет108/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

4. «Ми шабуылы». Стигма және дискриминация. 
Оқытушы оқушыларға жауап беруге сұрақ ұсынады: 
«Стигма» деген не және «дискриминация» деген не? 
Оқушылардың жауаптарын жинақтап оқытушы оларды «стигма» және 
«дискриминация» түсініктемелерінің анықтамаларына әкеледі. 
Стигма – таңба ілу: қандай да бір адамның айырмашылығы көзге түседі және ол өз 
иесінің көкейкесті айырмашылығының көрсеткіші болып саналады. 
«Стигма» термині ежелгі грек сөзі «клеймо» сөзінен пайда болған; оны қандай да бір 
жаман қасиетін көрсету үшін адам денесіне түсірілетін болған. Таңбаланған адамдар өз 
атына айтылған сынды кемсіту деп қабылдауға мәжбүр болған немесе тағылған 
стереотиптерге қарсы шығып, саналы түрде стигматизация процесін жоққа шығарған. 
Дискриминация – ниетті шектеу немесе нәсіл белгілері бойынша қандай да бір 
ұйымдарды немесе мемлекеттерді, жеке тұлғаларды артықшылықтарынан, құқықтарынан 
айыру. 
5. Оқытушының «АИТВ кезіндегі стигма және дискриминация» атты шағын 
дәрісі. 
АИТВ-ға байланысты медициналық күтім және тиімді алдын алу шараларын іске 
асыру жолында стигма және дискриминация аса салмақты тосқауыл болып саналады. 
Дискриминацияға тап болу үрейі адамдарды өзінің АИТВ статусын ашық 
мойындаудан ұстап тұрады. АИТВ-жұқпасы бар немесе болуы мүмкін адамдар 
медикосанитарлық көмек алуға, баспаналы болуға, қызметке тұруға, сақтандыруға, шетел 
мемлекеттеріне шығуға рұқсат етулмей ме деп, олардың достары мен қызметтестері теріс 
айнала ма деп қауіптенеді. Кейбір жағдайда оларды өз отбасылары үйлерінен қуады; 
жұбайы ажырасуға арыз береді; зорлық-зомбылық көрсетіледі немесе өлтіріген 
жағдайлар да белгілі. 
АИТВ-ға байланысты стигма келер ұрпаққа өтіп, АИТВ-дан қайтыс болған ата-
аналарының қазасының зардабын жеңуге тырысып жүрген балалардың иығына түскен 
ауыр жүк болып табылады. Стигма мен дискриминацияға соғыс жариялап барып қана 
АИТВ-ны жеңіп шығуға болады. 
Дүние жүзіне АИТВ індетінің таралу тәжірибесі көрсеткендей, бұл адамдардың 
жақсы да, жаман да қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Үкімет, қоғам және жеке 
тұлғалар тарапынан ынтымақтастық остракизмге қарсы күреске, сонымен қатар, АИТВ-
мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсетуге біріккенде, жақсы қасиеттер көзге түсе 
бастайды. Ал егерде туыстары мен жақын адамдары және бірлестіктер тарапынан 
адамдар стигматизация мен остракизмге ұшыраса, сонымен қатар жеке тұлғалар мен 
қоғам тарапынан дискриминацияға тап болса, онда жаман қасиеттер біліне бастайды. 
Неге барлық жұқпалы аурулардың ішінде дәл АИТВ стигмаға «жолы болғыш» 
болады? Стигманың таралуының негізгі себебі: сауатсыздық пен қорқыныш. Егер де 
адамға мәліметтер жетпесе, онда оның орны жинақталған және ойдан шығарылған, 
жалған стереотиптермен толығады. Егер осы стереотиптер адамды үрейлендіретін 
нәрсемен байланысты болса, онда осындай қасиеттері бар адамдарға қорқыныш 
сезімдерін қуаттайтын жағымсыз ерекшеліктер жазылады. АИТВ-сы бар адамдардың 
стигматизациясына бірқатар факторлар әсер етеді: 
1. АИТВ – адам өміріне қауіп төндіретін ауру, ал өлім тақырыбы біздің қоғамда 
тыйым салынған және қорқынышты тақырып болып саналады. 
2. АИТВ-дан мәліметі аз адамдар, оны өте нашар көңіл-хошпен, сыртқы бет-бейненің 
өзгеруімен теңейді. 
3. АИТВ жұқпалы болып саналады және оның таралу жолдары туралы хабарсыздық 
әлі кездеседі. 


118 
4. Адамдар АИТВ-ны қоғамда стигматизацияға ұшыраған адамдарды есірткі 
тұтынушылармен, секс-жұмысшыларымен, гомосексуалдармен теңейді. 
5. АИТВ датталған, түрлі үрей, күнәлармен, т.б. байланысты жүретін секс
тақырыбын қозғай жүреді. 
6. АИТВ қоғамда көбіне тең емес және шеттетілу ахуалындағы адамдарды көбірек 
қозғайды: әйелдер, жасөспірімдер, ер адамдар, ер адамдармен жыныстық 
қатынасқа түсушілер, есірткі тұтынушылар және т.б. 
Қоғамда стигманы және оның зардаптарын қалай азайту керек екені әлі белгісіз. 
Сонымен қатар өзінің тиімділігімен ұсынылып отырған екі маңызды тәсіл бар: 
Адамдарды логикаға жатпайтын көзқарастар мен қорқынышты ойлардан – білімнен 
басқа ешқандай антидискриминацияның қолынан келмейді. Бұл тұрғыда маңыздысы сол, 
адамдар вирустың таралу жолдары туралы ғана емес, сонымен қатар, АИТВ-мен өмір 
сүретін адамдардың құқығы, АИТВ-ның алдында стигма мен дискриминация туралы да 
білімдерін толықтырғаны абзал. 
Эмпаурмент – «күшке ие болу», бұл індетке іліккен адамдардың өздері білім мен 
дағды жинақтап, іштей стигманы жеңіп, көпшіліктің көзқарасы мен дискриминацияға 
қарсы тұра білуі. Эмпаурмент АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға өздерінің құқығын 
қорғап қалуға, АИТВ-ға қатысты шешімдер қабылдауға тікелей қатысуға, әр түрлі 
құрылымдарда өз мүдделерін ортаға салуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қалыптасқан 
теңсіздік жойылады және дискриминацияның пайда болуы мүмкін болмай қалады.
Егер АИТВ-індетінен қандай да бір сабақ алуға болатын болса, ол тек қана 
адамзаттың өз түсініктерін өзгерту және стигмаға адамдар өмірін күйретуге жол бермеу 
керек. 
Стигма адам құқығының бұзылуы мен қоғамдағы дискриминацияның басты себебі 
болып саналады. Жағдайды өзгерту үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Өз 
денсаулығымызды әр күн сайын ойлап, АИТВ-ның әркімге қатысты екендігін саралап, 
вирустың таралу жолдары мен таралу қауіпін төмендетуін анықтау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет