Жүктілік кезінде ананың ағзасының ішінде құрсақтағы жыныстың жіктелуі
жүреді.
•
Нәресте өзінің жыныстық мүшесін бірінші рет зерттейді және ынталандырады. 6 айдан 1 жасқа дейін өтеді. Нәрестелер өзінің ағза/денесін
зерттеуді бастайды.
•
Биологиялық дербестік түсінігін көрсетеді. 2 жаста өтеді. Балалар өзінің
биологиялық жынысын біледі.
•
Тұқымдық рөл түсінігін көрсетеді. 3тен 5 жас аралығында өтеді. Балалар
қоғамдағы ер мен әйел қалай істеу керек екені туралы ақпараттарға назар аудара
бастайды.
•
Балалар қайдан пайда болады деген сұраққа қызыға бастайды. 3тен 5 жас
аралығында өтеді.
•
Романтикалық қызығушылықтар туындай бастайды. Мәдениетке байланысты
болса да 5тен 12 жас аралығында өтеді. Бұл сатыда балалар жынысқа байланысты
сексуалды қарым-қатынастардың алғашқы белгілерін көрсете бастайды.
•
Жыныстық жетілудің алғашқы белгілері көріне бастайды (балалық шақтан ересек жасқа өту). 8 бен 13 жас аралығында өтеді. Бұл саты ұл балаларға
қарағанда қыз балаларда тезірек туындайды.
•
Шәует түзіле бастайды (ұл балаларда). 11ден 18 жас аралығында өтеді.
•
Қыздарда етеккір басталады. 9дан 16 жас аралығында өтеді.
•
Романтикалық белсенділік басталады. 10нан 15 жас аралығында өтеді. Бұл саты
мәдени факторларға байланысты.
•
Жыныстық қатынасқа алғашқы рет түседі. Дербес және мәдени факторларға
толығымен байланысты, соңғы жасөспірім кезеңнің ортасында болады.
•
Некеге тұру. Дербес және мәдени факторларға байланысты.
•
Менопауза. Әйелдерде 50 жаста болады (30 жастан сәл жоғары немесе 40 жастан
да басталуы мүмкін). Әйел физиологиялық процессті басынан кешіреді, овуляция,
етеккір және бала туу қабілеті тоқтайды.