«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


АИТВ-жұқпасы бірнеше сатыға бөлінеді



Pdf көрінісі
бет100/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

АИТВ-жұқпасы бірнеше сатыға бөлінеді: 
Бірінші сатысы – біріншілік АИТВ-жұқпасы. АИТВ адам ағзасына түскен соң, суық 
тиіп аурудың белгілері пайда болуы мүмкін (қызудың көтерілуі, тұмау, жөтел, 
лимфатүйіндердің ұлғаюы). 2-3 аптадан соң өткір кезең өтеді. Айта кету керек, 60-70% 
жағдайда күшті ауырсынуларсыз басталады. Аурудың бұл даму сатысында зақымдалу 
фактісі анықталмауы мүмкін. Бірақ, осы уақыттан бастап жұқпаланған адам, өзі де 
білместен басқаларға жұқтыра алады. 
Екінші сатысы – жасырын кезең – жұқпаның созылмалы және тұрақты түрде дамуы. 
Бұл саты АИТВ-жұқпасының жасырын, нышандарсыз бағытымен сипатталады. Бұл 
сатыда АИТВ-жұқпасын тек қанға арнайы зертханалық бақылаулар жүргізу арқылы 
анықтауға болады. АИТВ жұқтырған адамдар өздерін дені сау сезінеді және жұмысқа 
толық қабілеттілігін сақтайды. Нышандарсыз сатының орташа ұзақтығы 10 жылды 
құрайды. 
Үшінші саты – дамыған АИТВ-жұқпасы. Ағзаның қорғаныш күшін төмендету 
мақсатында әртүрлі қосымша аурудың белгілері пайда болады: лимфатикалық 
түйіндердің ұлғаюы, дене қызуының көтерілуі, ішек қызметінің бұзылуы, салмақ жоғалту 
және басқалары. Адам әлі де еңбекке қабілеттілігін сақтайды. 
Төртінші саты – ЖИТС. Бұл сатыда органдар мен жүйелердің зақымдалуы қайтымсыз 
сипатқа ие болады. 
ЖИТС – адамда иммунитет тапшылығынан пайда болатын, АИТВ-жұқпасының 
соңғы сатысы болып есептелетін синдром. 
Алғашқы АИТВ-жұқпасы мен клиникалық белгілердің пайда болуына дейінгі орташа 
уақыт 10-15 жылды құрайды.
Вирустың дамуын тежейтін және АИТВ-ның кесірінен пайда болған зақымдалуларды 
емдейтін дәрілер бар, бірақ АИТВ-жұқпасы толық емделмейді.
АИТВ-жұқпасы
Біріншілік АИТВ-жұқпасы
АИТВ-ның енуі
Жасырын кезең 
Созылмалы және тұрақты 
жұқпаның дамуы 
Жетілген АИТВ-жұқпасы 
Иммунитет тапшылығы (әр 
түрлі екіншілік жұқпаның 
белгілері) 
АИТВ-жұқпасының соңғы 
сатысы 
Жүре 
пайда 
болған 
иммунитет 
тапшылығы 
синдромы (ЖИТС) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет