«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Достық  сенімді, берік  құрметтеу, сену, көмектесу  адамдардың риясыз, позитивті байланысы  өзара қарым-қатынас  Махаббат



Pdf көрінісі
бет65/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Достық 
сенімді, берік 
құрметтеу, сену, көмектесу 
адамдардың риясыз, позитивті байланысы 
өзара қарым-қатынас 
Махаббат 
мықты, нәзік 
қадір тұту, құрметтеу, таңырқау 
күшті және адал сезім 
қатынастар 
10. Оқытушы оқушыларға «Сенің түсінігіңдегі достық» атты сауалнаманы 
толтыруды ұсынады:
1. Дос деген кім?
2 .Достық деген не?
3. Дос адамға не үшін қажет?
4. Достық қандай міндеттерді қояды?
5. Сендерде достар бар ма?
6. Сендерді не біріктіреді?


76 
7. Сендер өздеріңде қандай достардың болғанын қалайсыңдар?
8. Сендер өз достарыңнан нені күтесіңдер?
9. Сендер өз достарыңның бойындағы қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыңдар?
10. Адамның қандай кемшіліктері достықпен келіспейді?
11. Достықты іздейді ме әлде күтеді ме?
12. Сендердің достық идеалдарың. 
Оқытушы сауалнамаларды жинайды. 
11. Топтардағы жұмыс. Шешім қабылдауға арналған жағдайлар. 
Оқытушы оқушыларды 3 топқа бөледі. Әр топқа карточка беріледі, онда шешім 
қабылдауға арналған жағдайлар жазылған. 
1. Бұл топта бірінші рет болып тұрған жасөсіпірімге құрдастары алкогольдік 
сусын ішіп көруге қатысуын ұсынады.
2. Құрбысы қызға гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін пирсинг жасатуға 
көндіреді. 
3. Болат пен Светаның танысқанына бірнеше күн болды. Бозбала бойжеткенге 
қала сыртындағы саяжайға барып, екеуі сонда демалуын ұсынады.
Әр топ жағдайды талқылауы керек, сонан соң, шешім қабылдау қадамдарын 
талқылап, ортақ шешім қабылдаулары қажет.
Шешім қабылдау қадамдарын флипчартқа жазып, таныстыру қажет. 
 
Шешім қабылдау қадамдарының үлгі тізімдері: 
1. 
Жағдайды ойластырыңыз. 
2. 
Отбасылық және жеке тұлға құндылықтарын ескеріңіз. 
3. 
Мәдени құндылықтарды ескеріңіз. 
4. 
Досыңыздан, үлкендерден кеңес сұраңыз. 
5. 
Шешімнің барлық нұсқаларын ойластырыңыз. 
6. 
Шешімнің әрбір нұсқалары қандай салдар мен нәтижелерге әкелетіндігі 
туралы жан-жақты ойластырыңыз. 
7. 
Ең жақсы нұсқаны таңдап, шешім қабылдаңыз. 
8. 
Қабылданған шешімнің орындалуына жауапкершілікті өз мойныңызға 
алыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет