Кең таралған ЖЖБЖ: Мерез. Мерез шақыратын микроб өңсіз спирохена деп аталатын, жұқа спиральтәріздес тізбек.
Ол зақымдалмаған тері және шырышты қабат арқылы енуі мүмкін. Зақымдалудың жиі
тараған жолы – жыныстық қатынас, сүйісу, науқастың қолданған үй тұрмыстық заттарын
(тіс щеткасы, қасық) пайдалану, науқаспен бір темекіні шегу. Ағзаға енгеннен 3-4 аптадан
соң жоғарғы жағы көптеген спирохет болып келетін, тығыз және өте жұқпалы жара пайда
болады. Жараның пайда болғанына 1 апта өткен соң лимфатүйіндер ұлғая бастайды. Осы
сәттен бастап адам зақымданған болып есептеледі және емделмесе, өмір бойы осылай
қалып қояды.
Ана мерезді балаға жүктілік кезінде беруі мүмкін, онда бұл туа біткен мерез деп аталады.
Соз ауруы. Гонококк (соз ауруының қоздырғышы) микроскоптан бұршақтәріздес болып көрінеді.
Гонококк тек зәр шығару органдарын ғана емес, тікішекті де, ауыздың шырышты
қабатын да, жұтқыншақты пен көзді де зақымдайды. Кір киімнен, сүлгіден тұрмыстық
зақымдалу да болуы мүмкін. Бұл ең «танымал» ауру, себебі өте жарқын белгілері
байқалатын (әсіресе ерлерде), құсу мен іріңді сарғыш-жасыл зәр шығаруды байқамай
қалу қиын.
Білінулер зақымдалған сәттен 3-7 күннен кейін басталады. 10-14 күнде шағымдар емсіз-
ақ жоғалып кетуі мүмкін, бірақ қуануға әлі ерте: сырқат уақытша «жасырынып» - басқа
сатыға өтеді. Аурудың негізгі белгілерінен басқа, әйелдерде – іш ауруын, ерлерде –
ұманың ауырсынуын байқауға болады.
Егер адам өзі немесе достарының айтқаны бойынша емделуге тырысса, онда ауру
бақылаудан шығып, созылмалы гонореяға ұласуы мүмкін. Ауруды емдеу кешенді, жеке,
екі серіктес үшін де бір уақытта жүргізілуі қажет.
Хламидиоз. Хламидия атты ерекше бактериялардан туындайды. Инкубациялық кезең. Орта есеппен,
екі аптадан бір айға дейін. Бұл аурудың пайда болуы білінбейді. Хламидиоз кезінде
мардымсыз, мөлдір, желім сияқты бөлінулер болады. Хламидия тек зәр шығару
мүшелерін ғана емес, сонымен қатар көз, ішек, тыныс алу мүшелерін де зақымдайды.
Хламидиоз ерлердегі бедеулік сияқты, әйелдердің бедеулігіне де алып келеді, сонымен
қатар, жүктіліктің үзілуінің себебі болып табылады. Ауру жүкті әйелден баласына өтуі
мүмкін, ол кейіннен балада өкпенің қабынуы, көз ауруы, қыздарда – зәр шығару
мүшелерінің туа біткен хламидиозына алып келеді. Хламидиоз нашар емделеді. Тек
арнайы тексерілуден кейін ғана диагноз қоюға болады.