«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 Топтардағы  жұмыс.  Жасөспірімдік  жастағы  жыныстық  қатынастың



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#9251
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

8. Топтардағы  жұмыс.  Жасөспірімдік  жастағы  жыныстық  қатынастың 
салдары. 
Оқытушы оқушыларды 2 топқа бөледі. Әр топқа жасөспірім жасындағы жыныстық 
қатынас зардаптарын талқылап, флипчартты параққа жазу ұсынылады. Осыдан кейін әр 
топ өз жазбаларын презентациялайды. 
 
Жасөспірім жасындағы жыныстық қатынасқа түсудің салдарының мысалдары: 

  Түрлі зардаптары бар түсік жасатумен аяқталатын ерте жүктілік; 

  Жыныстық  есею  шағына  толмай  отбасы  құрған  бозбала  мен  бойжеткеннің 
некесі  ұрпақсыз  болуы  ықтимал,  мұндай  ата-аналардан  туған  балалар  әлсіз 
болып келеді; 

  АИТВ-ны қосқанда, жыныс жолдарымен өтетін жұқпалы ауруларды жұқтыру 
қауіпі мен жыныс жолдарының қабыну аурулары

Жасөспірім  жаста  жасанды  түсік,  жүктілік  және  босану  салдарынан  болатын 
гинекологиялық аурулар; 

  Ерте  ата-ана  атануға  байланысты  туындайтын  шешімі  қиын  әлеуметтік  және 
моральді әдеп мәселелері; 

  Ерте  басталған  жыныстық  өмір,  осы  жаста  енді  қалыптасып  келе  жатқан 
репродуктивті  жүйенің  гормоналды  реттелудің  бұзылуына  әкеліп  соғуы 
мүмкін. 
9. Жаттығу. «Жоқ!» деп айта алу дағдысы. 
Оқытушы  оқушыларға  оларды  біреу  жыныстық  қатынасқа  түсуге  көндіргісі 
келетінін  елестету  сұралады:    «Сіз  «Жоқ!»  деп  айтып  қойдыңыз  деп  елестетіңіз,  бірақ 
сіздің бас тартуыңызға әлдекім қарсылық білдіріп, сізді «Иә» деп айтуға көндіргісі келеді. 
Келіңіздер, серіктесті ренжітпей-ақ өз дегенімізде тұруды үйренейік». 
Осыдан  кейін,  парақтардағы  сәйкес  бағанға  «Жоқ»  деген  мағынасы  бар  кейбір 
мысал сөйлемді және «Иә» деп айтуға, көндіруге арналған сөйлемдер жазу ұсынылады. 
 
 
 
Мысал жауаптар: 
 
Жыныстық қатынастан бас тартып 
«Жоқ» деп айтуға қандай себептерді 
келтіре аласыз 
Сізді «Иә» деп айтқызып, жыныстық 
қатынасқа көндіру үшін не айтулары 
мүмкін 
Жүкті болу қауіпі 
Алғашқы реттен жүкті болу мүмкін емес 
АИТВ мен ЖЖБЖ-ды жұқтыру қауіпі 
Мен ауру емес екеніме сенімдімін. Ауруға 
ұқсаймын ба не? 
Ата-ана қарсы болады 
Сенің ата-анаң білмейтін болады 
Құрбылар айыптайды 
Олар сені көре алмайды 
Жыныстық қатынасқа дайынсыздық 
Бәрі де осылай жасайды. Сен бәрінен артта 
қалғың келе ме?
Сіздің жігітіңіз (қызыңыз) масаң 
Кел бірге ішейік. Бұл сенің көңіл-күйіңді 
көтереді 
Сіз бұл адамды сүймейсіз 
Сенде басқа осындай мүмкіншілік 
болмайды 
Сіз бұл адамды сүйесіз, бірақ физикалық 
байланысқа бармайсыз 
Мені сүйетініңді дәлелде, бұл біздің 
махаббатымыздың күшеюіне, гүлденуіне 

124 
 
көмектеседі 
Сүйіспеншілікті білдірудің басқа жолдары 
бар 
Мейлің қала бер. Мен басқасын табамын 
Өз абыройын былғағысы келмейді 
Бәрі  де  осылай  жасайды,  заманға  сай  болу 
керек 
Сізге билік жүргізетін адам тарапынан 
қысым көрудесіз 
Менің айтқанымды орындауыңды талап 
етемін 
10. Шағын топтардағы жұмыс. Жағдайларды ойнап шығу. 
Оқытушы  оқушыларды  шағын  топтарға  «гүлдесте»  (раушан,  қызғалдақ,  қалампыр, 
жасмин)  қағидатымен  бөліп,  әр  топқа  алдын  ала  дайындалған  тесттер  бойынша 
жағдайлардың біреуін ойнап шығу ұсынылады. 
Мүмкін жағдайлар: 
1 жағдай. 
Сізде әлі жыныстық байланыста тәжірибе жоқ. Сіздің достарыңыз өз айтулары бойынша, 
жыныстық  қатынаста  болған,  олар  сіздің  үстіңізден  мысқылдап  күлуде.  Бұл  сіздің 
намысыңызға тиеді, ренжисіз және сіз оларға тойтарыс бермекшісіз. 
2 жағдай. 
Сіздің  қарама-қарсы  жынысты  құрдасыңыз  сізді  мүлде  бейтаныс  компанияның  кешіне 
бірге баруға шақырды. Оның өтініші сізді қатты қобалжытып, үрейлендірді. Оның үстіне, 
сіздің  құрдасыңыздың  мектептегі  абыройы  мақтанарлықтай  емес.  Сіз  оған  «Жоқ!»  деп 
айтуға бел будыңыз. 
3 жағдай. 
Сіз татуировка жасап, құлақ тестірмек болдыңыз. Сіздің досыңыз оны жасатуға болатын, 
өзіне  белгілі  бір  мекемені  ұсынды.  Ол  жерге  барғаннан  кейін,  бұл  орын  санитарлық-
гигиеналық талаптарға сай емес екенін көрдіңіз. Сіз АИТВ мен лас инелер туралы естіген 
едіңіз. Жағдайды бағалап, сіз табанды түрде «Жоқ!» дейсіз де, досыңызға тез арада бұл 
жерден кетуді ұсынасыз. 
4 жағдай. 
Сіздің  ата-анаңыздың  танысы  сізді  үйіңізге  жеткізіп  салуды  ұсынды.  Сізге  ол  адам 
ұнамайды, сіз оның жанында өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Сіз бірден онымен бірге барудан 
бас тартасыз. 
Топттағы  оқушылар  жағдайларды  ойнап  шыққаннан  кейін,  оқытушы  әр  топқа 
басқа оқушылармен өз тәжірибелерін бөлісуді ұсынады. Осы мақсатпен әр топқа келесі 
сұрақтарға жауап беру ұсынылады: 

  Қандай  жағдайларға  немесе  пайымдауларға  жауап  беру  қиынырақ  болды? 
Қайсысына оңайырақ? Не себептен? 

  Басқа адам сенді ме? 

  Бұл жағдайлар шынайы ма? 

125 
 
11. Мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін «Зорлық пен 
адам саудасы» атты оқытушының шағын-дәрісі 
Зорлық  –  адам  ағзасына  және  психикасына,  оның  еркіне  қарсы  және  ықтиярынсыз 
қоғамға қауіпті, адам құқықтарына қарсы ықпал. 
Ықпал ету нысаны мен механизмі бойынша зорлықты 2 түрге бөлуге болады: 
1. Физикалық,  адам  денесіне  әсер  ететін  сыртқы  ықпал  мен  әр  түрлі  заттардың 
көмегімен адамның ішкі ағзасы мен психикасына да әсер ететін сыртқы формальді 
ықпал (оған жататындар: ұрып-соғу, физикалық түрде еркіндікті шектеу, басқа да 
физикалық ауыртпалықтар келтіру, сонымен қатар жеңіл дене жарақаттары). 
2. Психикалық зорлық – адам психикасына хабарлау арқылы әсер ететін зорлық (ең 
көп тарағаны – қоқан-лоққы жасау). 
 
Отбасындағы зорлық – дүние жүзінде, әртүрлі мәдениеттерде, әртүрлі халықтарда 
кездесетін әмбебап көрініс. Физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық 
болып  келеді,  ол  –  әйелдің,  қыздың  қоғам  мен  отбасындағы  орнына  қатысты  дәстүрлі 
патриархалды көзқарастардың салдары болып табылады. 
БҰҰ  сияқты  халықаралық  ұйымдар,  әйелдер  мен  қыздарға  қатысты  зорлықты, 
қоғамдағы гендерлік теңсіздіктің пайда болуының дәл өзі, адам құқығының бұзылуы деп 
қарастырады,  барлық  елдер  оның  түбірімен  жойылуын  өз  жауапкершілігіне  алады. 
Бүгінгі  таңда  89  мемлекетте  (соның  ішінде  Қазақстанда  да)  тікелей  отбасындағы 
зорлықпен күресуге бағытталған заңнамалар жұмыс істейді. 
Мыңдаған әйелдер мен қыздар жыл сайын қазіргі заманның құл сатушыларының 
құрбаны  болуда,  жүздеген  қыздарды  өзін-өзі  жойған  мәдени  дәстүрлерге  еріп,  күштеп 
тұрмысқа беріп, тағдырларына балта шабуда. Түрлі формалардағы зорлық әрбір төртінші 
отбасында  байқалады.  Бұл  сандар  Қазақстанда  әйелдерге  деген  зорлық  мәселесі  өршіп 
тұрғанын көрсетеді. 
Отбасындағы  зорлық  –  бұл  кез  келген  ойластырылған  физикалық,  жыныстық, 
психологиялық  және  экономикалық  бағыты  бар,  отбасының  бір  мүшесінің  екінші  бір 
мүшесіне  қатысты  іс-әрекеттері.  Егер  де  осы  әрекеттер  отбасы  мүшесінің  адам  және 
азамат тұрғысынан конституциялық құқығы мен еркіндігін бұзып, оған моральді зақым 
және  денсаулығына  физикалық  немесе  психикалық  зиян  шектірген  жағдайда  солай 
аталады. 
Отбасы  зорлығының  құрбаны  кез-келген:  күнде  күйеуі  ұрып-соғатын  әйел,  өгей 
әкесінің жыныстық қудалауынан зардап шеккен жасөспірім қыз, маскүнем анасынан таяқ 
жейтін бала, өз балалары жек көретін қартайған әже де болуы мүмкін. 
Жыныстық  зорлық  деп  кез-келген  қаламаған  кісіге  күштеп  көрсетілетін 
жыныстық іс-әрекет деп түсінеміз. 
Жыныстық  зорлықта  зорлау  мен  жыныстық  сипаты  бар  зорлық-зомбылық, 
жыныстық  әрекеттерге  мәжбүрлеу,  жыныстық  қанаулар  жатады.  Соңғы  кезде  балалар 
мен жасөспірімдерге жасалатын зорлықтың жиілегені байқалады. Жыныстық зорлықтың 
түрі  әр  түрлі  болып  келуі  мүмкін  –  вербальді,  визуальді,  физикалық.  Зорлық  нысаны 
әйелдер, балалар және еркектер болуы мүмкін. 
Зорлық – бұл назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Кез келген зорлық – бұл 
жеке  адамның  өсуін  талқандау  болып  табылады.  Зорлық  –  арқылы  адамды  шексіз 
билеуге, басқа адамның іс-әрекетін, ойларын, сезімдерін толық бақылауға қол жеткізеді. 
Осы тәріздес билік пен бақылауға қол жеткізу тәсілдері: кемсіту, балағаттау, қоқан-лоққы 
жасау, қорқыту болып табылады. 

126 
 
Міндеттердің  шешімін  әр  түрлі  салалар  қызметкерлерімен:  әлеуметтік,  кешенді, 
құқық қорғау органдарымен, жұмыспен қамтамасыз ету қызметі және медицина, ғылыми 
мекемелермен т.б. бірлесе отырып орындайды. 
Әлеуметтік  қызмет  маманы  жедел  және  кешенді  қызмет  көрсетеді  (жедел 
экономикалық  көмек,  заңдық,  медициналық  қызмет  алуға  септігін  тигізу). 
Жәбірленушімен қатар оның отбасына да әлеуметтік патронаж жүзеге асырылады. 
Зорлықтан  қорғау  стационарлы  жағдайда  да,  стационарсыз  мекемелерде  де 
орындалады.  Стационарсыз  мекемелердегі  жұмыс,  әдетте,  құқық  қорғау  органдарының 
қызметі  әлеуметтік  қызмет  көрсету  мекемелерінің  қызметімен  ұштасады.  Біріншілері 
зорлықты тоқтатса, екіншілері жәбірленушіге айықтыру (оңалту), заңдық және басқа да 
көмек  түрлерін  көрсетеді.  Соңғы  жылдары  елімізде  әлеуметтік  және  психологиялық 
көмек көрсету орталықтарының жүйесі даму үстінде. 
Адам саудасы – адамдарды сату және олардан табыс табу мақсатында пайдалану. 
Бұл  мәжбүрлеу  немесе  алдап-арбау  арқылы  жезөкшелікке  итермелеу,  қайыр  сұрауға 
немесе қара жұмысқа жегу болып табылады. 
Бірақ, өкінішке орай, көп жағдайда азаматтар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, 
нәтижесінде қауіпті жағдайларға тап болады. 
Адам  саудасы  немесе  трафикинг  (ағыл.  Trafficking  «заңсыз  сату  немесе  қайта 
сату»)  –  адамдарды  алып-сату,  оларды  пайдалану,  жұмысқа  жегу,  тасымалдау,  қолдан 
қолға өткізу, жасыру және күш көрсету арқылы немесе басқа да жолдармен мәжбүрлеу, 
ұрлау, алаяқтық, билікті асыра пайдалану сияқты жазалануы тиіс қылмыс. 
Адамды пайдалану мақсатына ең жоқ дегенде жезөкшелік мақсатпен басқа адамды 
пайдалану немесе жыныстық пайдаланудың басқа формалары, мәжбүрлеу еңбегі немесе 
қызметі, құлдық немесе құлшылыққа сәйкес әдет-ғұрып, еріксіз қалып немесе органдарды 
алу кіреді. 
Яғни,  адам  саудасы  дегеніміз  адамды  зат  есебінде  сатуға,  сатып  алуға, 
алмастыруға, сыйлауға, кепілдікке қоюға, жалға беруге т.б. болады деген сөз. 
Адам  саудасы  келісіммен  де,  келісімсіз  де,  алдау,  жегу,  жасыру,  қолдан  қолға 
өткізу,  тасымалдау,  ұрлау,  қайта  сату  мақсатымен,  жыныстық  немесе  қылмысты  іс-
әрекеттерге  қатыстыру,  соғысқа  пайдалану  мақсатында,  порнографиялық  бизнесте 
пайдалану, қара жұмысқа жегу мақсатында, құлшылық, сонымен сәйкес әдет-ғұрыптарда, 
ұзақ мерзімді немесе коммерциялық мақсатта асырап алушылық болып жасалады. 
12. Шағын топтардағы жұмыс. 
Оқытушы  оқушыларды  шағын  топтарға  гүлдесте  қағидатымен  (көктікен, 
түймедақ, лола, георгин) орналастырады. 
Әр  топқа  зорлық  құрбаны  болмау  үшін  сақталатын  қауіпсіздік  шараларын 
талқылап, флипчартты тақтаға  жазу ұсынылады. Осыдан кейін әр топ өз  жазбаларымен 
таныстырады. 
13. Сабақ соңында оқушылар «ашық сыр парақтарын» толтырады. 
1.  Бұл сабақ сенде қандай ойлар мен сезімдерді тудырды? 
2.  Сен өзің үшін қандай қорытындылар жасайсың? 
3.  Осы тақырып бойынша сен тағы не білгің келеді? 
 
 
 
14. Оқытушы  толтырылған  ашық  сыр  парақтарын  келесі  талдау  үшін  жинап 
алып, сабақ қорытындысын жасайды.  
 

127 
 
Түсініктеме бет  
1.  Ми шабуылы. Отбасын жоспарлау деген не? 
Оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ қояды – Отбасын жоспарлау деген не? Барлық 
жауаптар  флипчарттарға  жазылып,  оқушылармен  бірге  талқыланады,  оқытушы 
отбасын жоспарлау туралы түсінік береді. 
2.  Топтық жұмыс. Контрацепцияның заманауи әдістері. 
Оқытушы  оқушыларды  төрт  топқа  бөліп,  әр  топтан  бір  өкілден  келуін  сұрайды. 
Алдын  ала  дайындалған,  белгілі  контрацепция  әдістері  (тосқауылды,  гормональді, 
жатырішілік  құралдар  (ЖІҚ)  және  жедел  контрацепция)  көрсетілген  карточканың 
біреуін таңдауы қажет. Әр топ таңдап алған әдісі бойынша талқылап, жауап дайындауы 
тиіс. 
Әр  топтан  бір  өкіл  шығып,  топтың  жұмыс  нәтижесін  презентациялайды, 
қалғандары  оны  толықтыруына  болады.  Оқытушы  қорытынды  жасайды  және  әр  әдіс 
туралы қысқаша мәліметтер береді. 
3.  «Отбасын 
жоспарлау, 
заманауи 
контрацепция 
әдісі» 
атты 
мультимедиялық  презентацияның  сүйемелдеуімен  өтетін  оқытушының 
шағын-дәрісі. 
 
Мысал мазмұн 
Репродуктивті  денсаулықты  сақтаудың  маңызды  мәселесінің  бірі  –  жасөспірімдердегі 
жүктілік  болып  табылады,  Қазақстан  оның  деңгейі  бойынша  орта  көрсеткіштері  бар 
елдердің  қатарына  жатады.  Сонымен  қатар,  бойжеткендер  мен  бозбалалар 
контрацепцияны  үнемі  қолданбайды  немесе  қолдануға  қорқады,  себебі,  ол  туралы 
толық және шынайы деректер аз.  
Отбасын  жоспарлау  –  бұл  әйелдер  мен  балалардың  аурушаңдығын  төмендетуге, 
денсаулықтарын  сақтауға  бағытталған,  сондай-ақ,  ерлі-зайыпты  жұпқа  келесідей 
мәселелерді шешуге көмектесуді алдына мақсат етіп қойған шаралар кешені. 
1)  Қаламаған жүктіліктен қашқақтау 
2)  Жүктілік арасындағы үзілістерді реттеу 
3)  Балалардың саны қалағандай болуы 
4)  Жүктіліктің жақсы өтуіне және дені сау баланың туылуына септігін тигізу. 
Бұл міндеттер келесі тәсілдермен шешіледі: 
1)  Лайықты жатырішілік құралдарды таңдау 
2)  Бедеулікті емдеу 
3)  Түсіктерді болдырмау
Басқаша  айтқанда,  отбасын  жоспарлау  –  бұл  балалардың  кездейсоқ  емес,  ерлі-
зайыптылардың қалауы бойынша болуы. 
Отбасын  жоспарлау  процессінде  баланың  туылуы  үшін  әйелдің  жасын  анықтаудың 
маңызы зор. Жасы 20-ға дейінгі босанған әйелдерде жүктілік, босану және босанғаннан 
кейінгі кезеңде қиындықтардың туындауына байланысты олар қауіпті тәуекел тобына 
жатады.  Ал  жасы  35-тен  асқан  босанатын  әйелдерде  баланың  генетикалық 
ауытқулармен (мысалы, Даун синдромы) туылу қаупі бар. 
Басты  себебі  заңсыз  қолдан  түсік  жасату  болып  табылатын  аналардың  өлімін 
төмендетуде  жолдарында  -  отбасын  жоспарлау  маңызды  рөл  атқарады.      Жасанды 

128 
 
жолмен  жүктілікті  тоқтату  көбіне,  әйелдердің  репродуктивті  денсаулығын  түзетуге 
болмайтын  зардаптарды  әкелуі  мүмкін.  Зерттеулер  көрсеткендей,  егер  де  16  жасқа 
дейінгі әйелде бірінші жүктілігі жасанды түсікпен аяқталса, онда келесіде, сәтсіз екінші 
жүктіліктің пайызы жоғары болмақ (түсіктің өздігінен түсуі, ерте түскен түсік). 
Балалар  денсаулығы  мен  балалардың  өлімі  де  ананың  жасы  мен  балалардың  туылуы 
аралықтарындағы  үзіліске  байланысты.  Туылу  аралығы  2  немесе  одан  жоғары  болатын 
жылдар  аралығына  қарағанда,  туылу  аралығы  бір  жастан  төмен  болатын  аралықта 
балалардың арасында өлімі-жітім екі есеге жоғары.  
Контрацепция – репродуктивті жастағы әйелдерді жүктіліктен сақтандыру әдісі. 
Контрацепция әдісін таңдау күрделі міндет болғандықтан контрацепция әдісін таңдаумен 
дәрігер айналысады. 
Жасөспірімдерге  арналған  контрацептивтік  құралдар  контрацепцияға  қолданылатын 
заманауи талаптарға сай болуы қажет. 
Жасөспірімдер контрацепцияның ережелері: 
1. Жоғары тиімділік (сенімділігі). 
2. Контрацептивтердің  қолжетімділігі  (дәріханаларда  болуы,  қолжетімді  баға, 
қарапайымдылығы, қолданудағы ыңғайлылық). 
3. Қауіпсіздік (денсаулыққа зиянсыздығымен анықталады). 
4. Қайтымдылығы (тәсілді тоқтатқаннан кейін жүктілік қабілетінің қалпына келуі). 
5. Жекелік  әдіс  (жасөспірімдердің  контрацепцияға,  тәртіпке,  зиянды  әдеттерге 
қатынасы,  өмірлік  жоспарлары,  әлеуметтік  қарым-қатынастары,  сырқаттарының 
болуы мен қарсы көрсетілімдерді есепке ала отырып қарастырады). 
Контрацептивтердің классификациясы (жіктемесі). 
1. Тосқауылдық  әдістер:  мүшеқаптар,  қалпақшалар,  диафграммалар,  спермицидтер 
(жыныстық  қатынас  алдында  қынапқа  салатын  химиялық  дәрілер  –  таблеткалар, 
жақпалар). 
2. Гормональдық  әдіс:  жүкті  болуға  қарсы  дәрілер,  дәрі  құю,  пластырлер,  ЖІҚ, 
импланттар.
3. Жедел контрацепция. 
4. Жатырішілік құралдар (ЖІҚ). 
5. Хирургиялық зарарсыздандыру. 
Контрацепцияны  таңдаудағы  маңызды  ақпарат  -  әдісті  қолданудағы  және  жанама 
әдістердің ережелерін қатаң түрде сақтау болып табылады. Бірнеше жыныстық серіктес 
болған  жағдайда,  сізде  ЖЖБЖ-ның  қауіпітілігі  мен  олардың  профилактикасы  да 
жадыңызда болуы шарт. Сонымен қатар, контрацептивті таңдағанда оның қолжетімділігі 
мен препараттың бағасы үлкен маңызға ие болады. 
Аралас  оральді  контрацептивтер  (жүктілікке  қарсы  таблеткалар)  мен  мүшеқаптар  – 
жасөспірімдер  үшін  контрацепцияның  ең  оптимальді  және  өзін-өзі  ақтайтын  құралдары 
болып табылады. ЖЖБЖ-ды жұқтыру мүмкіндігі мен жас қыздардың жыныстық жетілу 
кезеңіндегі репродуктивті жүйе жағдайының ерекшеліктерін назарға ала отырып, тұрақты 
жыныстық  өмірде  немесе  емделу  мақсатында  қолдану үшін  екі  таблетканы  бір уақытта 
тұтынуға  болады  (таблеткалар  мен  мүшеқаптар). 
 
Бұл  екі  еселік  голландтық  әдіс  деп 
аталады.  Аралас  препараттардың  үлкен  жинағының  ішінен  нақты  бір  препараттарды 
таңдау  кезінде  жасөспірімдерге  ең  тиімділері  -  заманауи,  микродозалық  жатырішілік 
таблеткалар екенін есте сақтау керек (ең аз гормондар дозасы бар таблеткалар). 

129 
 
Контрацепцияның кейбір түрлерін қарастырайық. 
ЕРЛЕР МҮШЕҚАБЫ 
Ол не? 
Ерлер  мүшеқабы  –  жыныстық  мүшеге  кигізетін,  көбіне  латекстен  жасалатын  (кейбірі 
полиуретан, ал біреулері қойдың ішегінен жасалады) жұқа қабықша. 
Оны қалай қолданады? 
Ерлер  мүшеқабы  ұрықтық  сұйықтықты  ұстап  тұрады.  Мүшеқап  жыныстық  мүшеге 
жыныстық қатынас алдында кигізіледі. Сосын оны абайлап шешіп алады. Мүшеқапты тек 
бір-ақ рет қана қолдануға болады. 
Ол қаншалықты тиімді? 
Егер мүшеқапты әрбір жыныстық қатынас кезінде дұрыс қолданатын болса, жүктілік пен 
ЖЖБЖ-ды жұқтыруыдан тиімді қорғайды. 
Оны қолданудың қандай артықшылықтары бар? 

  АИТВ мен басқа да ЖЖБЖ-дан қорғайды 

  Рецептісіз алуға болады 

  Гормональді жанама әсері жоқ 
Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін? 
Мүшеқап кейде аллергиялық реакция тудырады (латекске немесе сперматозоидты 
бұзатын жақпа заттарға). 
Жасөспірім осы тәсілді таңдаған кезде, нені басты назарда ұстау қажет? 
Ерлер  мүшеқабы  жасөспірімдер  үшін  таңдаудың  бірінші  әдісі  болып  табылады,  себебі 
оған рецептісіз рұқсат бар, ЖЖБЖ-лар мен қажетсіз жүктіліктен қорғайды. Мүшеқапты 
дұрыс  қолдана  білу  үшін  және  серігін  де  сол  жайлы  ақпараттандыру  үшін  мүшеқапты 
қолдану дағдыларын жақсылап меңгеру қажет.  
ӘЙЕЛДЕР МҮШЕҚАБЫ/ҚАЛПАҚША 
Ол не? 
Әйелдер мүшеқабы – бұл полиуретаннан жасалған, қынапқа енгізілетін қалпақша. 
Олар қалай әсер етеді? 
Әйелдер  мүшеқабы  ұрықтық  сұйықтықтың  жатырға  түсуінен  қорғайды.  Мүшеқап 
қынапқа  дәл  жыныстық  қатынас  алдында  енгізіледі.  Мүшеқаптың/қалпақшаның 
ұшындағы  кішкене  пластик  сақина  оны  орнына  мықтап  бекіту  үшін  жатыр  мойнына 
орналастырады. Жыныстық қатынастан соң қалпақша ұқыппен сыртқа шығарылады. 
Олар қаншалықты тиімді? 
Әйелдер  мүшеқабын  дұрыс  қолданса,  жүктіліктен  және  көптеген  ЖЖБЖ-дан  сақтайды. 
Бірақ  әйелдер  мүшеқабы,  еркектер  мүшеқабына  қарағанда  жүктіліктен  сақтануда 
оншалықты тиімді емес, себебі белгілі қолдану дағдылары болу қажет. 
Оларды қолданудағы артықшылықтар қандай? 
  АИТВ жұқпасынан және басқа ЖЖБЖ-дан қорғайды 
  Жүктілік  пен  ЖЖБЖ-дан  сақтану  үшін  әйелдерге  осынау  тәсілді  өздерінің 
қолдануына мүмкіндік береді 
  Рецептісіз алуға болады 
  Үнемі контрацептивті құралдарды пайдаланғысы келмейтіндерге бұл тамаша әдіс 
болып табылады 
  Жанама гормональді әсері жоқ 

130 
 
  Ол  латекстен  емес  полиуретаннан  жасалатындықтан  ішкі  жағына  лубрикант 
жағылған  (кейбір  ерлер  мүшеқабы  сияқты),  сондай-ақ,  онымен  бірге  майдың 
немесе судың негізінде жақпа заттарды да қолдануға болады. 
Оларды қолданудағы кемшіліктері қандай? 
  Кейбір аудандарда оның табылуы қиын 
  Бағысы ерлер мүшеқабынан қымбатырақ 
  Тиімділігіне жету үшін қолдану дағдылары болу қажет 
Қандай жанама әсерлері болуы мүмкін? 
Ешқандай жанама әсері жоқ 
Жасөспірімдер осы әдісті таңдауда нені басты назарда ұстауы қажет? 
Әйелдер  мүшеқабы  жасөспірімдер  үшін  отбасын  жоспарлауда  жақсы  әдіс  болып 
табылады,  себебі  олар  ЖЖБЖ  және  қажетсіз  жүктіліктен  қорғайды,  рецептісіз  алуға 
болады. Әйел мүшеқабын дұрыс пайдалану үшін оны дұрыс қолдану дағдыларын дамыту 
керек және ол туралы серіктеспен келісіп алу керек. 
ЖҮКТІЛІККЕ ҚАРСЫ ТАБЛЕТКАЛАР 
Ол не? 
Жүктілікке қарсы таблеткалар – бұл әйедің ауыз арқылы қабылдайтын таблеткалары. 
Олар қалай әсер етеді? 
Таблеткалар ұрық жасушаларының анабезден шығуын ай сайын алдын алады. Сонымен 
қатар,  олар  сперматозоидтың  жатырға  енуіне,  жатыр  аузында  сілемейдің  қоюлануына 
байланысты  кедергі  болады.  Қолдану  нұсқаулығына  сәйкес,  таблеткаларды  күнде 
қолдану керек. 
Олар қаншалықты тиімді? 
Жүктілікке  қарсы  таблеткаларды  дұрыс  қолданған  жағдайда  қажетсіз  жүктіліктен  100% 
қорғай алады. 
Қолдануда қандай артықшылықтары бар? 
  Әдетте етеккірлік циклді реттейді, етеккір кезіндегі қан ағу мөлшерін төмендетеді 
  Безеулік бөртпелерді төмендетуі мүмкін 
  Жыныстық байланысты үзудің қажеті жоқ 
  Оларды пайдалануды қалаған уақытыңызда тоқтата аласыз 
Қолдануда қандай кемшіліктері бар? 
  Табеткаларды  күнде  қабылдау  қажет,  ал  кейде  оларды  қабылдауды  ұмытып 
кететін кездер болады  
  ЖЖБЖ-дан қорғамайды 
  Кейбір жанама әсерлері болуы мүмкін 
Қандай жанама әсерлері бар? 
  Жүрек айнытуы мүмкін 
  Сүт бездерінде ауырсыну сезімдері тудыруы мүмкін 
  Етеккір арасындағы әлсіз қан кетудің пайда болуы мүмкін, еттеккірдің мөлшерін 
көбейтіп және азайтуы немесе тоқтатуы мүмкін 
  Көңіл-күйдің ауысуы мүмкін 

131 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет