Ватдпуды,, I! ҚАлижан бекхожин вибяйЗ?й



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата08.01.2017
өлшемі6,23 Mb.
#1394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

А Қ С А Қ   ӘЛІ М

Аксай  басып  келген  бетте  майданнан, 

Қ арақұм ға  қарап  Әлім  ойланған:—

—  Әттең,  ж алғы з  болып  қалды  аяғым, 

Ш алқытар  ем  суды  саған  сайлардан!

Сен  ойлама,  мені  Әлім  деп  бұрынғы, 

Ақсақ  менің  аяғым  да  дубірлі.

Дон  бойында  қуғанымдай  дұшпанды, 

Ол  сау  болса,  —  оятар  ем  құмыңды...

Айтып  соны  кетіп  еді  сол  құмнан,

Онда  тек  жел  ызыңдаған  соңынан.

Онда  елсіз  жапан  ғана  бұл  өңір,

Су  аңсаған  бұлдыраған  сағымнан.

Сол  ж апанд а  ойға  батқан  оңаша,

Енді  міне,  таңғажайып,  тамаша!

Қ ала  конды  құлазыған  кұмына,  —

Соған  Әлім  қуанады  қараса.

Құмға  біткен  зәулім  ж а ң а   қаланы, 

Қат-қат  үйдің  тәбесінен  қарады   — 

Алып  завод,  сәнді  сарай  заңғардай, 

Көзді  тартып,  қызықтырып  барады.

Көшелерде  темірден  от  ж арқы лдан, 

Соғылысқан  сом  б алғалар  шаңқылдап, 

Қара-құры қ  қалың  еңбек  жан-жағы, 

Қопарылып  аспанға  ұшқан  шаң  тулап.

Қарап  соны  балташыға  бұрылды:

—  Сен,  ойлама,  мені  Әлім  деп  бұрынғы.

87


Дон  бойында  дүбірлесе  аяғым,

Қолым  енді  қопарып  жүр  қүмыңды.

Білер  енді,  бұл  Әлімді  Қарақұм, 

ІИеберімін  шөлге  біткен  қаланың.

Бұл  қолыммен  талай  қышты  құйып  мен, 

Талай  үйдің  қабырғасын  қаладым.

Әрбір  үйдің  білем  ірге  тастарын,

Әрбір  үйге  өз  белгімді  тастадым.

Бақыт маған — қолмен  салған  қаламның, 

Қөшелерін  мына  аяқпен  басқаным.

Ойла,  достым,  қызықпауға  бола  ма? 

Өзен  ағып  келгенде  ертең  қ а л а м а   — 

Тұрмаймын  ба  Дондағыдай  даңқпен, 

Ж еңіс  тауып  ж аңа  ж арқы н   ж ағада?..

Айтып  соны  тағы  да  тас  қалады ,

Әлім  қайта  қаласына  қарады:

Алып  завод,  сәнді  сарай  үйлері 

Қезді  тартып,  қызықтырып  барады.



Ж А РЫ Л У

Алып  таудай  ж ары лған  

Аулақта  жер  тітіреп, 

Айлы  түнде  адырдан 

Шықты  гүрсіл  күркіреп.

Қопарылып  Қ араады р, 

Қәкке  шықты  қүм  тулап. 

Діріл  қағып  д а ла   тұр, 

Шатырлаған  күй  тыңдап.

88


А қсақ  Әлім  сыналап,

Ж а ты р   еді  дуалды.

Сескене  қап:

—  Снаряд!

Д еді  де,  тез  қуанды.

—  Қандай  қызық!  Өр  құмда, 

Белдер  жаты р  бұзылып. 

Ш алқиды  кеп  орнында,

Құм  қопарса  взрыв.

Б О Р А Н Д А

Бүркеп  түгел  құм  жосыған  қырқаны, 

Аппақ  нөсер  бұлан-талан  бұрқады. 

Қалың  аңдай  қарлы   қүйын  ойнақтап, 

Ж а п а н   дүзде  дүлей  даусын  шырқады. 

Бүлік  боран!

Бүрліктірген  жер-көкті,

Бүғып  дария,  үстін  басып  сең  кетті. 

Төтеп  бермей  аң  да,  мал  да  ығысты... 

Соқты  боран,  ақ  топанды  селдетті. 

Мейлің  соқ,  қармен  қоса  тас  құйын!

Біз  боранға  көргеміз  ж оқ  басты  иіп,  — 

Экскаваторын  ер  жұмысшы  көтерді, 

Қүба  жонда  боранға  сол  қасқиып,

Ол  опырып  қүм  ж оталы  асуды,

Тас  қүйынды  бораннан  д а  асырды.

Алып  ауыз  құмды  алқымға  алғанда, 

Бұқты  боран,

аяғына  бас  ұрды...

89


Қ А Р И Я   МЕН  Д А Р И Я

Алтын  сакал  омырауын  алқалап,

Қария  тұр  қабағы нан  ой  тарап. 

Күркірейді  орғып  долы  дария, 

Аласапыран  толқындарын  арқалап,

Шал  сөнледі  күліп  қана  мұргынан:

«Уа,  бүлікшіл  ж а р ға   сыймай  бұлқынған, 

Білмейсің-ау...

Батыр  қолдар  түйіліп,

Келе  жатыр  төніп  сенің  сыртыңнан».

Саған  шоқ-шоқ!

Неге  есіріп  тасыдың?—

Батты  маған  сенің  кесір-асырың.

Әлек  салдың  талай  апат  нөсермен,

Мені  тіпті  ж ан  демедің,  басындың.

«Ту-тулегей  толқыныңды  тулатып, 

Талай  кеттің  қы рларыма  құм  атып. 

Талай  менің  лашығымды  әкеттің,

Талай  бұздың  қорғанымды  қиратып».

«Ал  д ал а д а ,  шөлдегенде  көрмедің,

Үркіп  менен  ез  бетіңше  ерледің.

Уа  дариға,  бұл  асауға  бір  тұсау  — 

Болар  ма  деп,  баяғыдан  шерлі  едім».

«Енді  өрмін,  тұрмын  тіпті  қуанып, 

Тентек  шіркін,  биле  алдымда  бұралып. 

Құрыш  қолын  өрендерім  сермеді,—

Қыл  мойныңа  түседі  енді  бүғалық..»

90


(үзін ді)

Көп  ойлап  тағдырынлы  келем  Әму, 

Сол  ойым  түбіннен  де  терен  Әму.

Б е р д і   Иербабаеп.

А Д А С Қ Л Н   Ө З Е Н М Е Н   ӘҢГ І МЕ

Сағына  кеп  қарасам ,

Сел  атасың  бұрқанып. 

Асау  күшпен  орасан, 

Қайда  қаштың  бұлтарып? 

Білем,  басың  қалың  мұз 

Бұлт  бүркеген  Памирдан! 

Ш айқап  сені  алыіт  құз, 

Толқыныңды  тау  ұрған. 

Сені  ақтарып  асқардан, 

Құйды  қүмға  долы  күш. 

Бола  қалдың  тас-талқан... 

Таудан  тауып  соғылыс,

Жерді  жарып  жөнелдің, 

Селің  орғып  аулаққа. 

Таппай  жердің  тереңін, 

Ж аутаңдады ң  ж а н -ж а ққа . 

Сонда  сағап  қойынын 

Сұлу  Қаспий  кең  а ш қан .1 

Аптығып  сел  құйының, 

Толқынымен  жымдасқан... 

Қенет  бір  кез  кесірмен, 

Құмды  қуып  күркіреп.

1  А м удария  ерте  зам аи да  Каспийге  күйса  керек. 

91


Көк  теңіздің  төсінен,

Кеттің  қырға  тентіреп. 

Қалды  Каспий  күрсініп, 

Түйіліп  ж а р   қабағы.

Қалды  өзегің  қушиып,

Қүр  қүлазып  алабы.

Нәрсіз  қурап  қырың  да, 

Қүлазыды  Узбойың’ 

Еміренген  суыңа, 

Ел-жұртыңның  бүзды  ойын. 

Сеи  қалдырған  Қарақұм  

Ғасырларға  мұң  салды. 

Ж а й л а ға н   жұрт  алабын, 

Тілін  ж а л а п   тамсанды...

Ал  сен  болсаң,

бетіңше, 

Бұрқ-сарқ  етіп  тынбадың. 

Ерініңе  құм  тисе,

Құтырына  туладың.

Талай  қал а,  қорғанды, 

Б ұлқан-талқан  қиратыи, 

Салдың  жойқыи  ойранды, 

Тас-телегей  тулатып.

Енді,  өзенім,  құбылма!

Қ аш а  берме  бүлікпен. 

Құмар  сенің  нұрыңа 

Қ ар а қа л п ақ ,  түрікмен. 

Толқыныңды  тербетіп, 

Самсады,  әне  кемелер. 

ІІІалқыт  соны  ерлетіп,

Енді  ырқына  көне  бер.

1  А м удария 

Каспий  тең ізін е  құйған  кезде, 

У збой 

гүл ден ген .ж ер   большты.

92


Қалап  сенің  ж ағаң а, 

Граниттен  алқаны  — 

Егіндікке,  далаға, 

Толқыныңды  тартады. 

Саған  ғаш ық  Қарақұм, 

Ж а сарад ы ,  көр  өзін. 

Миуа  басып  алабын, 

Ж а й қ а л а д ы   Хорезм1. 

Сені  құмнан  айырып, 

Біз  бөлейміз  бетонға. 

Қырға  суың  жайылып, 

Нұр  себеді  Отанға... 

Өзен  түгіл,  бұрдық  біз 

Ғасырларды  адасқан. 

Екиініміз  мұхиттай, 

Мәңгілікпен  ұласқан...



ТАҚИ Я-ТАС

Қ ала  д а  орнар

өңірге,

Білемін  —

гүлдер  бақш а  да.

В.  М а я к о в с к и й

Сұрғылт  ж ар   құмдарынан  қаққап   елес 

Қызықты  аңыздардың  аттары  емес:

«Қыз  кеткен»,  «Тақия-Тас»,  «Долы  дария»... 

Алыста  «Барса  келмес»  ж а тқ ан   белес.

Б ар  шығар  сырлары  да  аңызының,

Құм  ж а ғ а   сөйлегендей  қағып  ызың. 

Сүйемін,  Тақия-Тас,  қазір  сенің 

Үстіңде  ж а р қы раған   таң  қызығын...

1  Х орезм   —   Ө збекстандағы   облыс  аты.

93


*  *  *

Келешек  кереметтің  басы  ғана,

Таң  болып  дүбірлеген  осы  арада.

Тірілді  өлі  жаға,  күм  кунактап,

Ж а н   кірді  сүп-сүр  макта  тасына  да. 

Сұрғылт  құм  кеше  ғана  елсіз  әңір 

Ж а р к   ете  қалды  шапшаң  қызулы  емір  — 

Бұл  кезде  кұрыш-болат  гүріл  кағып 

Тас  құмның  зіл  ұйқысын  бұзды  темір. 

Өзенде  өріп  кеме  толқынды  ұрып, 

Ашуын  айдағандай  жойқын  бүлік. 

Ж а ғ а д а   құж -қүж   өрен  шойын  күштер, 

Қосылып  кетіп  жатыр  жорық  құрып. 

Шаңқылы  тас,  гранит,  бетомдардыц, 

Майданның  көрсеткендей  төтен  алдын. 

Бүл  ара  шабуылдыц  алғы  шебі,  — 

Жеңіске  бұл  арадан  кетер  қарқыи. 

Басталды  осы  жерден  құмға  жорық... 

Бәріп  де  биік  ж ард ан  тұрмын  көріп: 

Қалың  құм  қырқасына  қаптап  адам, 

Құйыидай  машиналар  жөнелді  өріп. 

Мұнара  мойындарын  сілкіп  аскақ,

Ж үр  экскаваторлар  құмды  тастап, 

Ауызы  тиген  белде  апан  қалып,

Барады   зор  өзектіц  жолын  бастап. 

Түнерген  ку  жапаидай  күм  жағада,

Тез  ғана  таң-тамаша  туды  қала, 

Қаланыц  қат-қат  үйлер,  орман  гулеп,

Сән  берген  сәулетімен  айналаға.

Тұр  қала.  құмға  карап,  ер  пішінде, 

Қуаныш  ж арқы н  сенім  бар  ісінде.

Екпін  бар  толқыннан  да  шапшаңырақ, 

Асығыс  жандарының  жүрісінде.

Кез  таргып  түкпірдегі  тұйық  алқап, 

Отанның  ерлерінен  ұлан-байтақ,

94


Ағылған  мұнда  халық,  самсап  келіп, 

Жосалагі  айдын  құмды  жаты р  шайқап, 

Тың  қоныс  адамдары  қандай  ғаж ап !— 

Бәрі  де  қосылғандай  сүйіп  қалап. 

Құлшынған  орыс,  өзбек,  украин, 

Түрікмен,  қ арақалп ақ,  тәжік,  қазақ... 

Аты  бір  естілмеген  тас  мүйістің,

Зор  даңқ,  зулағандай  басып  үстін. 

Тасынан  ж алы н  атты  Тақия-Тас,— 

Бастауы  құмға  шапқап  тасқын  күштің. 

Б ас  Арна  басталады  осы  жерден, 

Айқасып  мұнда  дүлей  долы  өзенмен, 

Саламыз  бұғалықты  жойқын  күшке, 

Асамыз  тасқын  селмен  қалың  белден. 

Темірлі,  мраморлы  соғып  арна 

Өзенді  жвнелеміз  тартып  алға. 

Толқыннан  алтын  отты  ж айнагамы з, 

Сәулесін  жеткіземіз  мың  ж ы лдарға. 

Үстіне  Қарақұмның  ж а тқ ан   алшақ, 

Бұл  жерден  құйылады  толқын  моншақ. 

Тереміз  коммунизм  гүлдерін  біз, 

Ж а й қ а л ға н   ж а ң а   белде  жайып  құшақ. 

Сол  күннің  салтанаты  осы  ар а д а ,— 

Шың  қақты   міне,  құмда  өсіп  қала. 

Дүбірі  сол  қаланың  келешекке 

Қеткендей  қазірде  де  өсіп  —  жара. 

Басыца  алып  маяк  нұрын  жағып, 

Ж анып  тұр  келешекке  дабыл  қағып. 

Ж айнайды  Қ арақұм да  жасыл  жайлау, 

Басынан  комму.низм  өзені  ағып.



Т АШАУ ЫЗ

Шөл  дала...

Талай  құм  белді 

Зулап  тағы  асамыз.

Құмды  ж арып  үи  берді, 

Алдымыздан  Ташауыз.

Шықты  халқы  нұрлана, 

Қүткендей  бір  той  бізді. 

Қөрді  бүгін  бұл  қала,

Ең  бірінші  поезды.

Ш алқыды  шу  поезбен 

Ташауыздың  құмында. 

Бірінші  рет  өзіммен 

Келді  бірге  жырым  да.

Қ ала  әбігер,  жыр  түгіл, 

Көрген  де  ж о қ  өзімді. 

Келелі  сөз  көлкіп  бір,

Қең  кәшеге  созылды.

—  Көп  күтіп  ек  құмартып 

Ж аты п  құмды  аралда. 

Поезд  келді  ж үк  артып, 

Біздің  ж аңа  каналға...

—  Әке,  әзір  бол  енді, 

Құмдағы  бұл  майданға.

—  Ертең  канал  келеді,

Су  шалқиды  сайларға.

—  Қанша  арық,  қан ш а  я б 1 

Қазы лм ақш ы  ауданда?  —





Я  б 

—  

кіші  арық.

96

Көзбен  керіп  кел  қарап,

Б ар  агроном,  ойланба!

Мына  жоспар  дұрыс  па,

Ж о л д а с   бастық  не  дейсің?

—  Сай  боп  ж а ң а   құрылысқа,  — 

М ақта  ерісі  кеңейсін!

—  Қат-қат  үйлер  тізілсін,

Ж а ң а   жоспар  жасаңыз.

«Ескі  шаһар»  сырылсын,

Ж ай н ап   ж а ң а   Ташауыз.

Қуапышты  үндері 

Кезді  осылай  көшені.

Қүлағыма  гуледі,

Ш аттық  үннің  нөсері.

Шықты  даусы  поездың 

Ж аң ғы рта  бір  тағы  да  — 

Тартты  құрыш  жол  ұзын 

Амудария  жарына.

Құм  белдерден  дүбірлеп,

Зулап  тағы  асамыз.

Қуанышпен  күлімдеп,

Қ ал а  берді  Ташауыз.



ТҮ РІК М ЕН   Қ Ы ЗЫ

«Он  жеті  ерім  шашыңды, 

Қайта  неге  тарадың?

Сұр  өзенге  ашулы 

Қүліп  неге  қарадың?

4  Ң.  Еекхожин,  II  т. 

97


Әлде  ж ар ы ң  көп  күткен 

Кемеменен  келе  ме?

Ұнады  қай  үмітпен 

Саған  мынау  селебе?»

Қ ара  көзі  ж арқылдап, 

Сақ-сақ  күлді  сонда  қыз... 

«Ғашығым  бар,

ол  бірақ 

Қандай  екен,

тыңдаңыз:

Ж а з   бойымен  мақтаны 

Суардым  су  себелеп.

Сүйем  өзен  аққанын  — 

М аған  тасқын  сел  керек.

Ж а с   күнімнен  ағынға 

Қүмарлығым  сақталды.

Су  апарып  бағыма 

Шомылдырам  мақтамды.

Бүл  ж а ға д ан   бұрылып 

Ағады  өзен  жеріме. 

Толқын  моншақ  құйылып, 

Құлпыртады  мені  де...»

Айтып  соны,  күлімдеп 

Қ арай  қалды  ағынға.

Ақты  дария  гүрілдеп,

Төсін  керіп  дауылға.

Ж ы мы ң  қағып  толқынға 

Түрікменнің тұр  қызы: 

Ж айнағандай  алдында 

Бақытының  жұлдызы...



9 8

Л И Д А   В О ЛК О Н С К А Я

Қл.ның  құм  жоталанып  оппа  қардай, 

Ыіп ын  жел  ойнақтаған  шаң  көтеріп. 

Жүре  алмай  жолбарыс  та  тоқтағандай 

Қыр  басқан  құйындардан  қаптай  өріп.

Жер  түгін  өртеп  күні,  құм  қурылып, 

Қөресің  аш  даланы ң  жұтынғанын.

Жас  әйел  келе  жатыр  күн-түн  жүріп, 

Қу  шөлде  таңдай  қағып,  жұтып  жалын.

Ііірақ  та  мөлдір  көзі  неге  оқталып, 

Қарайды  төбелерге  іздеп  нені?

Жүр  екен  құмнан  қандай  бақыт  тауып, 

Қезеді  неге  сұлу  дүзді  тегі?

Ж ырларын  Бетпақ  шөлдің  кезген  сұлу 

Әткізген  куанышта  ж асты қ  шағыи. 

Ііақыттың  бақшасында  аясы  ну, 

Қызықты  құшағында  Москваның.

Лттап  қыз  институт  босағасын,

Құштар  боп  келген  еді  осы  құмға. 

Жалындап  махаббатнен  асыға  шын 

Міне,  тұр  қүм  қиырдың  асуында.

Москва,  ж асы л  парк,  зор  театр,

Сэн  киім  —  тұрған  шығар  бәрі  есінде. 

Длдында  қыздың  бірақ  құм  қия  тұр, 

'Гас  құйын  ойнақтаған  белесінде.

Қиырлы  құмнан  оған  желпілдеген 

Гүлдері  тың  сол  қоныс  кең  аяның. 

Жүрегі  сүйіп  соны  лүпілдеген 

Сүлу  қыз  Л ида  Волконскаяның.

99


Қай  жерге  дән  шығады,  гүл  өседі, 

Зерттеп  қыз  әр  төбеге  кез  қадады. 

Жапанның  жайнап  сүлу  келешегі 

Ж алы ндап  қыз  жүрегі  қозғалады...

Есіме  өжет  әйел  түсіп  сол  бір,

Ж үзіне  осы  қыздың  қарай  бердім.

Сар  аяз,  сүрапылды  сонау  Сібір 

Шөлде  бүл,  кез  алдыма  қалай   келдің?

Келді  еске  сол  айбынды  Қнягиня'

Үлгі  боп  Россняны  даңқы  жарған 

Жетуге  өр  намысты  мүрадына, 

Сібірдің  шалғайыпа  шалқып  барған.

Ал  боран  шошытпаған  сол  сүлуды,

Ар  үшін  сәннен  безіп,  жаиын  қиған. 

Сескенбей  кезген  дүлей  осы  қүмды, 

Емес  пе  сол  арудай  менің  Лидам?!

Сүлу  жүз,  ж алын  жүрек,  әрі  ынталы, 

Теңейсің  мүны  қызға  қай  елдегі?— 

Кіреді  майдан  болсын,  жанып  жаны 

Орыстың  әр  қыздары,  әйелдері!



А РХ И Т Е К Т О Р  М ЕН  ТАРИХШ Ы

Басталды  да  соққан  дауыл  әлгіде,

Бір  төбеде  өршіп  кетті  әңгіме.

Ш арлап  келіп  шөл  даланы ң  өрлерін, 

Барлағы ш тар  айтыи  жатыр  кәргенін.



Қ н я г и н я  

В о л к о н с к а я  

—  

патш а  әмі*

рімен  Сибирьге  ж ер  аудары лган  дек абри ст  күйеуін  іздеп 

барған  дацқты   әйел.


Сарадырдың  топырағы  тамаша, 

Кірпішінен  еарай  салып  қаласа!

Өзгертуге  құмның  құйын  ойнағын, 

Әркім  солай  айтып  жатыр  ойларын. 

Тұрды  кенет  тарихшы  бір  маңызды, 

Кұрметтейтін  ертегіні,  аңызды. 

Хорезмның  сарайлары,  қорғаны,

Жыр  боп  оған,  әңгімесін  толғады:

«Үргеніштің  ордаларын  көріп  ем,

Талай  шебер  еткен  екен  әмірден,

Көзің  тоймас  қарасаң   д а  мың  рет  — 

Үргеніште  бар  ғажайып  минарет,

Тұф  шағылтып  жалтыр  тасы  күн  көзін, 

Қөрсең  анау  Шайхы-ІІІараф  күмбезін.

Төккен  екен  аям ай-ақ  өнерді,

Үлкен  сарай  дуалдары  монерлі. 

Мүнарасы  күндік  жерден  қарайған, 

Пирамида  секілді  бір  қаланған. 

Нақы ш талған,  қыштары  да  сан  қырлы, 

Бояуы  да  мені  қайран  қалдырды.

Көне — Үргеніш  сарайларын  калып  таң 

Керді  кәзім,  білуші  едім  тарихтан. 

Мұрасы  ғой  замандардың  талайы, 

Салайықшы  солардай  ғып  сарайды. 

Демекпін  мен  үлгі  болсын  бұл-дағы 

Салынатын  қа л а л а р ға   құмдағы».

Архитектор,  жүзі  қоңыр  ж а с   жігіт, 

Тарихшыға  сейлеи  кетті  қасқиып:

—  Тарихшым-ау,  осынша  таң  қаласың 

Керіп  көне  Ш айхы-Ш араф  моласын.



101

Ол  ж ұрнақ  қой  қалған  жұрдай  заманнан 

Құр  сорайған  қалың  құмнан,  тозаңнап.

Ж ап ан   дұзде  ж алғы з  біткен  жартастай, 

Қу  күмбез  тұр  босағасын  ж ан  баспай. 

Қөне  дүнне  келбетіндей  сүреңсіз,

Қнрап,  құлап,  сол  бір  орда  тұр  еңсіз. 

Қызығы  емес,  сәулеті  емес  халықтың, — 

Ол  бұлдыры,  ергегісі  тарихтың.

Қөрші  барып  шөлдің  анау  қаласын, 

Түрлендірген  ж а ң а   өзеннің  жағасын. 

Ж а н   көрмеген  салтанаты  бар  анық, 

Ж аты р   әне  қат-қат  сарай  қаланып, 

Ж ал ғы з  емес,  қалы ң  күздай  топтала, 

Шел  д а л а ға   орнагі  жатыр  кеп  қала.

Бар  ма  сенің  сірә  де  бір  көргенің,— 

Ж а н а   салған  сарайлардың  өрнегін? 

Қөрдің  бе  сен,  Москваның  зәулімін? 

Шатырына  қанаттарын  жайды  күн, 

Тебелері  асқақтаған  аспанға, 

Теңелгендей  заңғар  биік  асқарға.

Отыз  бес  қат!  Берік  бәрі  қамалдан,

Ірге  тасы  мрамордан 

қаланған,

ІІІар  болаттан  дуалдары  өріліп, 

Б ағандары   қия  тастай  —  бәрі  нық.

Сол  сарайлар  секілді  бір  құзар  тас, 

Ешбір  дауыл  оны  мәңгі  бұза  алмас!

Н ақыш тары  сұлу  сырмен  жалтылдап, 

Қойғандай  бір  қабырғасын  алтындап. 

Төбесі  де  құз  басындай  биік  шың, 

М ақтанамын  зәулімдігін  сүйіп  шын:

102


Іінсы  айналып  құлар  еді  шынында, 

ІІІайхы-Шараф  шықса  сарай  шыңына.

Қаңқаланған  қызықна,  дос,  көнеге, 

ІІІайхы-Шараф»  болмас  бізге  өнеге. 

(Іауаты  асқан  сарайлары  нұрлы  кең,

(  .імсатамыз  салып  ж а ң а   үлгімен. 

Вйткені  біз  сол  сарайға  иеміз, 

Ііақыттымыз  —  салтанатты  сүйеміз.

Орпап  қал а,  елсіз  құмда  жаңғырып, 

Сарайымыз  ж асар  біздің  мәңгілік!..

*  *  *

Сәулетшінің  сөзі  сырлы,  ашық,  ш ы н ,— 



Үялды  да,  үн  қатпады  тарихшым.

Ж Ы Л   К Е Л Е Д І

Қағып  аппақ  қанатын  жы л  келеді, 

Қарлы  мамық  қаусырған  қыр  белеңі. 

Қаз  бұлттарға  кестелі  тосты  төсін, 

Қыспен  бірге  құйындап  жыр  келеді. 

Ж ыр  келеді

тербетіп  бірге  мені, 

'Голқындады  даланы ң  тың  өлеңі. 

Миллиард  пұт  жеңісі  қыр  туғызған, 

Д астан  болып  бұл  ж ы лға  тіркеледі. 

Ж ы лж ы ды   жыл  жыры  кеп,

өмірге  тың, 

Қестеледі  дәнменен  қырдың  бетін. 

Ж апанға  да  ж ан  берді,

әр  тынысы,

Жүйткіп  келе  ж ы лдарға  жыр  беретін. 

Қелдік  жүзбен  жалындап  жыл  басына,

103


Ән  шырқалды  шығанның  қырқасында. 

Құйын  қарда  жүз  мың  ж а с   шықты

жайнап,

Ж а ң а   жылмен  ж апанда  сырласуға.



Келген  олар,

қасымен  қағып  қарды, 

Дүбірлетіп  ақ  таулы  адырларды. 

Борандарды  бұқтырып  лебіменен, 

Басып  қырға,  батпан  күш  адымдарды. 

Қырда  жеміс  гүлдеген  сол  іздерден, 

Ж ы л   табысы  теңелер  теңіздермен. 

Ж а ң а   ліылға  тосамьіз  ыстық  бетті, 

Сәулет  берген  өмірге,

жеңіс  берген.

Заводтарда,

қал ада,


қиырларда, 

Жеңістердің  жалынын  түйіп  жанға. 

Күле  қарап  қы раулы  көк  күніне, 

Даусымызды  қосамыз  құйындарға, 

Ш ығандарға  шырқасын  қүйындар  ән, 

Ж а с   дауыстар  жеткізсін  жырын  маған. 

Ж а ң а   дастан  бастаймын

жыл  сырынан, 

Ж а ң а   күймен  алдымда  биле  боран!

Ү К ІЛ 1  БАСТАР  Қ А Л ҒЫ ҒА Н

Келемін  бұйратта 

Кеудемді  керіп,  желпініп. 

Аспанда  бір  ж а қ т а  

Ағылды  бұлттар  жөңкіліп. 

Теңселді  ырғалып 

Сар  бұйра  ж айсаң  алдымнан.

10-1


Керіл  бұлданып 

Үкілі  бастар  калғыған.

Ж ел   шіркін  шалдуар 

Ш айкауға  соны  құмар-ақ. 

Ала  толқын  ж алы   бар 

Бұлттарды  келді  қуалап.

Әне,  дауыл  ысқырды,

Аспан  сермеді  қанжарын. 

Үйірлі  жәуміт  ышқынды, 

Сілкінтіп  сұп-сұр  жалдарын. 

Ж үгірдім  дуылдагі 

Қөтеріп  дөндей  кеудемді. 

Өлеңмен  дүбір  сап 

О

ятыіі

 

дәнді  белдерді:

Ей,  долуыр,  сап-сап!

Н а ж а ғ а й   ж а л т   бер  қыныңа! 

Ж ай и а  күн,  нөсерді  ж асқап, 

Тұнып  тұр  гүлнәр  қырымда. 

Үзіл,  жаңбыр  сымдары! 

Өрбіген  сенен  несібе  — 

Ш алқан  дән  сабағы, 

Д алам ны ң  алтын  төсінде 

Самса  мың-мың  саусақтар, 

Моторлар  бас  әлдиге!

Билесін  үкілі  алқаптар, 

Шолпысын  қақсын  дән  Бике. 

Ж ы рлары м   желдей  есіл  де, 

Шерт  миллиард  дабылын. 

Үркіт  лайсаң  жасағын, 

Отанның  күмбез  төсіне 

Тағамын  жұлдыздар  етіп 

Дәннің  алтын  шашағын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет