«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57 150 Мегиддо көп ұзамай қоштасатынымызды сезді.
Алармандар жоқ кезде ол еңбектен қашпауды ай-
тып, мені үгіттеумен болды: «Біреулер жұмысты
жек көреді. Жұмыс олар үшін дұшпаннан да жаман.
Оны керісінше дос ретінде жақсы көру керек. Ауыр
жұмыстың өз жемісі бар. Өзіңе әдемі үй салғанда,
бөренелердің ауырлығы кедергі ме, сылақ үшін лай
әзірлеуге де суды алыстан тасуға тура келеді. Егер
қайырымды қожайын тап келсе, айналайын, оған
барыңды салып қызмет етемін деп маған уәде бер.
Оған атқарған ісіңнің бәрі жақпауы мүмкін. Есіңде
сақта: сапалы жұмыс алдымен саған пайда әкеледі,
еңбек сені адам етіп қалыптастырады».
Ол үнсіз қалды, өйткені осы кезде оған келісті ша-
руа келді де, тіміскілей тексере бастады.
Мегиддо оның жері мен егіні жөнінде сұрастырды
да, көп ұзамай шаруаны өзінің керекті адам екені-
не иландырды. Құл сатушымен қызу, қызына сау-
даласқан шаруа ақыры қойнынан қалың әмиянын
алды да, Мегиддо тез арада өзінің жаңа қожайыны-
мен көзден таса болды.
Түске дейін бірнеше адам сатылды. Түстен ке-
йін Годозо маған құл сатушының көңіл күйі онша
емес, екінші күнге қалуы неғайбіл деп хабарлады.
Күн бата қалған құлдарды түгел патшаның алып-
сатарларына өткізіп жібермек екен. Менің үмітім
үзіле бастағанда қасымызға семіз жайдары қалалық
тұрғын келді де, арамызда наубайшы бар-жоғын
сұрастырды.
Мен оған таяу барып, былай дедім: «Жақсы нау-
байшыға басқа наубайшы іздеп не керек? Одан да