8-775-909-01-77 69 пайдалы болып шықты. Менің қолдан сусыған бақы-
тым туралы хикая осындай еді.
– Бұл әңгімеден шығар қорытынды, меніңше, мы-
надай: сәттілік берілген мүмкіндікті жібермеуге ты-
рысатын адамды күтетін сыңайлы.– Қараторы жүзі
оның шөлейттен екенін байқататын кісі осыны айт-
ты. – Өзіңе байлық жинау үшін әрқашан алғашқы
қадам жасалуы керек. Ол табыстан бөліп жиналған
бірнеше алтын немесе күміс тиыннан тұруы мүмкін.
Менің қазір бірнеше табын малым бар. Қыруар ма-
лымның төл басы бала кезімде жалғыз ғана күміс
тиынға сатып алған қашыр еді. Бар байлығым осы-
лай құралды.
Алғашқы осы бір қадамды жасау – әркім үшін
үлкен сәттілік. Осы қадамға тәуекел еткен адам жа-
лақысына күн көретін қарапайым жұмыскерден ал-
тынының табысына өмір сүретін адамға айналады.
Бұндай қадамды жас шағында жасайтындар шешуші
әрекетті кеш бастайтындарға қарағанда байлыққа,
әрине, ерте жетеді, ал бұндай қадам жасауға тәуекел
ете алмайтындардың хал-ахуалы туралы айтпай-ақ
қойсақ болады.
Егер де біздің саудагер досымыз бұл қадамға сәтті-
лік өзі келіп тұрған жас кезінде барғанда, ол бүгінде
бұл дүниенің игілігін әлдеқайда молынан көрер еді.
Сол сияқты сәттілік біздің тоқымашы досымызға да
дер кезінде барғанда, ол көл-көсір байлықтың басы
болатыны анық қой.
– Мен де айтайыншы, – деді жиынға қатысушы
шетелдік. – Өзім сириялықпын. Сендердің тілде-
ріңде жақсы сөйлей алмаймын. Саудагер достарың