Пациентке бұлшық етке антбиотик енгізген соң жағдайы бірден нашарлады: ентігу пайда болды, суық тер басты, науқас есін жоғалтты, АҚ 70/40 мм.с.б. пациентте дамыған асқынудың түрі:
Анафилактикалық шок
Естен тану
Коллапс
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Инфекциялы-токсикалық шок
Пневмониямен ауыратын науқастың туыстары жөтелдің күшеюіне, мол көлемді, жағымсыз иісті қан аралас іріңді қақырықтың бөлінуіне байланысты «Жедел жәрдем» шақырды. Өкпе аускультациясында амфорлы тыныс, ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар. Науқаста дамыған синдромды көрсет:
Өкпедегі қуыс
Өкпе тінінің тығыздануы
Ателектаз
Бронх обструкциялық
Өкпе тінінің жоғары ауалылығы
Тромбофлебиттің алдын алу үшін тамырішілік инъекция жүргізуде медбике мына ережеге сүйену керек:
Венепункция орындарын ауыстыру
Аллергологиялық анамнезді мұқият жинау
Асептика және антисептика ережелерін сақтау
Инъекция алдында шприцтан ауаны шығару
Шприцта бірнеше миллилтр ерітінді қалдыру
Дәрігердің еш айтуынсыз және тағайындауынсыз мейірбикенің өз еркімен жасайтын іс-әрекеті:
Тәуелсіз
Өз-ара тәуелді
Тәуелді
Ынтымақтасты
Объективті
Бронхоэктаз ауруының клиникалық көрінісі
Таңертеңгі ауыз тола іріңді қақырық болуы
Қызғылт, көпіршікті қақырық
Әйнек тәрізді қақырық
Плевра үйкеліс шуылы
Везикулярлы тыныс
Балалар урологиясы бөлімшесіне несеп шығару жолдарының туа пайда болған ақауын хирургиялық коррекциялаудан кейін зәр шығарудың функционалды бұзылыстарымен науқас келді. Науқаста нуктурия байқалады, никтурия деген не?