Ұзақ жаншылу синдромында жедел көмек көрсету реттілігі:
А. Жгут салу, ауырсынуды басу, жаншылған аяқ-қолды босату, инфузия, асептикалық таңғыш салу, суық басу
В.жаншылған аяқ-қолды босату, ауырсынуды басу, инфузия, жгут салу, иммобилизация
С.ауырсынуды басу, иммобилизация, жгут салу, инфузия
Д.ауырсынуды басу, жаншылған аяқ-қолды босату, инфузия, асептикалық таңғыш салу
Е.асептикалық таңғыш салу, ауырсынуды басу, иммобилизация
19 жасар пациентте иықтың ашық сынығынан алқызыл түсті пульсацияланған қан кету байқалады. Бірінші орындау керек:
А.ауырсынуды басу
В.асептикалық таңғыш салу
С.артериальды қан кетуді тоқтату
Д.шина салу
Е. Сүйек сынықтарын орнына салу
13 жасар балада оның оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызығы бойында 5-6 қабырғалары сынған және сол жерде қатты ауырады, тыныс алуы қиындаған. АҚҚ 110\70 мм с.б.б., пульсі 80рет минутына. Жедел көмек көрсетудегі алғашқы шараларды атаңыз:
А.вагосимпатикалық блокада
В.наркотикалық анальгетиктер
С.тыныс аналептиктері
Д.торакотомия
Е.торакоцентез
Гемотрансфузиялық шоктың алғашшқы белгілеріне жатады?
А.Алғашқы минуттарда бел және төс артында ауырсыну пайда болады, лоқсу, қалтырау, тахикардия, тырысу
В.бір тәуліктен соң жайсыздық, бас ауруы, бұлшықет ауырсынуы, бас айналу
С.бір тәуліктен кейін дене темп-ның күрт жлғарылауы,тері гиперемиясы, естен тану
Д.гемотрансфузиядан кейін бір сағаттан соң күрт қалтырау, темп-ның 39,5С дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік
Е.гемотрансфузиядан кейін тырысу, АҚҚ төмендеуі, пульс жиі және әлсіз, тері және шырышты қабаттардың цианозы
Іш қуысындағы паренхиматозды мүшелердің зақымдануына тән синдром:
А.жедел перитонит
В.асқазан-ішек жолы функциясының бұзылуы
С.ішкі қан кету
Д.жедел тыныс жетіспеушілігі
Е.жедел жүрек – тамыр жетіспеушілігі
Пациенттің тыныс жолында бөгде дене анықталды. Осы жағдайдағы мед қызметкерінің іс әрекеті:
А.коникотомия жасау
В.Геймлих әрекетін жасау
С.Сафардың үштік әрекетін жасау
Д.арнайы бригада шақыру
Е.трахеостомия жасау
ӘЙЕЛДЕР консультациясына 27 жасар жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 33-34апта. Шағымы аяқтарының ісінуі. 1-ші жүктілік. Анамнезінде созылмалы пиеллонефрит. 14кг салмақ қосқан,соңғы аптада 1кг салмақ қосқан. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері мен кілегей қабаттар түсі қалыпты. Пульс мин 64, АҚҚ 120\80 және 115\80мм.с.б. Жатыр тонусы қалыпты. Ұрық қалпы ұзына бойы, басымен келген, кіші жамбасқа кіре берісте қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты мин 140. Аяқтары ісінген. Қан, зәр талдаулары өзгеріссіз. Сәйкес диагнозды көрсетіңіз:
А.33-34 апталық жүктілік. Жүктілік ісіктері. Созылмалы пиелонефрит, ремиссия
В. 33-34 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі жүктілік құсығы.
С. 33-34 апталық жүктілік. Ауыр прэклампсия. Ұрық дамуының тежелуі.
Д. 33-34 апталық жүктілік. Созылмалы артериальды гипертензия. Эклампсия
Е. 33-34 апталық жүктілік.Эклампсия
47 жасар әйел келесі шағыммен келді: 10 күннен бері жыныс мүшелерінен қанды бөлінудің болуы. Анамнезінде 2 айдан бері етеккір циклы тоқтаған. Бимануальды тексеруде сыртқы зев жабық, жатыр үлкеймеген, конститенциясы тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары үлкеймеген, күмбездері бос. Болжамалы диагноз:
А. Эндометрия рагы
В.толық емес түсік
С.жатырдан дисфункциональды қан кету
Д.жатыр мойнының рагы
Е.аналық бездердің гормон-өндіретін ісіктері
Әйелдер консультациясына 25 жасар жүкті әйел келді. 1-ші жүктілік, мерзімі 5-6апта. Шағымдары: тәбеті болмауы,жүрек айнуы,тәулігіне тамақтануға байланыссыз 6-10 ретке дейін құсу. 1,5 аптада 1,5кг салмақ жоғалтқан. Жалпы жағдайы орташа ауыр, қозғыштығы жоғарылау, тері мен кілегей қабаттарының түсі өзгеріссіз, құрғақ. Дене қызуы субфебрильді. Пульс мин 100,ырғақты, толысуы мен кернелуі қанағаттанарлық. АҚҚ 100\60мм.с.б. Тәуліктік диурез 850мл. Сәйкес диагноз:
А.5-6 апталық жүктілік.Орташа дәрежелі жүктілік құсығы.
В. 5-6 апталық жүктілік.Жүктілер тетаниясы.
С. 5-6 апталық жүктілік. Ревматизм. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
Д. 5-6 апталық жүктілік. Темір тапшылық анемиясы
Е. 5-6 апталық жүктілік.Жатыр миомасы. Миоматозды түйін некрозы
Достарыңызбен бөлісу: |