Басталған түсікке тән нақты белгіні атаңыз:
А.іштің төменгі жағы ауруы
В.жыныс жолынан қан бөліну
С.жатыр мойнының жұмсару және қысқару белгілері
Д.ұрық жұмыртқасының бөліктері шығуы
Е.жатыр көлемі өзгеруі
Науқас 27 жаста, ауырмастан бір күн бұрын кремы бар тәтті тоқаш жеген. Дене қызуы 39,5С, бас ауруы, қалтырау,дененің сынуы, лоқсу, көп мөлшерде құсу, жиі сұйық нәжіс. Екі күн бойы ауданда тағы осындай төрт ұқсас жағдай тіркелген.Эпидемиялық тексеріс барысында, дәмхана жұмысшысының саусағында панарация анықталған. Пациентте қандай ауру дамыған.
А.тағамдық токсикоинфекция
В.дизентерия
С.токсоплазмоз
Д.безгек
Е.іш сүзегі
Пациент 40 жаста, басының салбырауына шағымданады. Анамнезде науқаста тайгаға барғаннан кейін, дене қызуының 40С-қа дейін көтерілуі, құсумен, миалгиямен, парестезиямен қарқынды бастың ауруы байқалды, мойын мен қолдар бұлшық еттерінің солғын парездері дамиды. Қарағанда: қолдар күшінің төмендеуі, олардың атрофиялары, басы салбыраған. Қолдардың терең рефлекстері төмен, біркелкі. Аяқтардың күші жеткілікті. Пациентте тайгада болғаннан кейін қандай ауру дамыды.
А.Кене энцефалиті
В.Серозды менингит
С.Токсоплазмоз
Д.Ишемиялық инсульт
Е.Бульбарлы папалич
Станционарда бұрын инфекцияланбаған пациенттерге жұғатын инфекция ...... деп аталады:
А.ауруханадан тыс
В.нозокомиалды
С.инфекциялық
Д.паразитарлық
Е.созылмалы
Халыққа стационарлық медициналық көмек көрсетілетін медициналық ұйым:
А.фельдшерлік-акушерлік пункт
В.қалалық көпбейінді аурухана
С.диагностикалық медициналық орталық
Д.медициналық санитарлық бөлімнің медпункті
Е.амбулатория
Фельдшерлік-акушерлік пунктте көрсетілетін медициналық көмек түрі:
А.қалпына келтіріп емдеу және оңалту
В.жоғары мамандандырылған көмек
С.мамандандырылған көмек
Д.білікті помощь
Е.алғашқы медициналық санитарлық көмек
Науқас З. 25 жаста,8күн бұрын ауру басталған- дене темп 38С көтерілген, мұрыны бітіп қалған, тамағы жыбырлайды, тамаққа тәбеті қашқан, диарея, жүрегі айныйды, іш қуысында өзгеріс барын сезінеді. Өздігімен емделген, дене темп қалпына келген, бірақ қал-жағдайы нашарлап кеткен: әлсіздігі күшейген,зәр түсі қоңырланған. Кешке қарай көздің склерасы сарғайғанын байқаған, сондықтан дәрігер шақырды, науқасқа жұқпалы ауруға жолдама берді. Науқас өз ауруын екі апта бұрын даладағы дәмханада қолдарын жұмастан тамақтанғанымен байланыстырады. Объективтілік тексеруде: терісі мен көздің склерасы сарғайған, шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, тыныс алуы везикулярлы, жүрек қағысы тоны қалыпты, ритмі дұрыс, АҚ 120\80 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры қабырға доғасы шетінен 2см шығып тұр, ауырмайды, жұмсақ тегіс консистенцияда, шеттері тегіс. Кіші дәретінің түсі қоңыр. Науқаста қандай ауру дамыған?
А.Вирустық гепатит А.
В.Вирустық гепатит В.
С.бөртпе сүзегі
Д.сальмонеллез
Е.дизентерия
Сәйкес келетін иррадацияланатын көз алмасы аймағындағы ауырсынулар, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің қызаруы науқаста мидриатиктерді тамшылағаннан кейін байқалды. Болжамалы диагноз:
А.жіті глаукома ұстамасы
В.иридоциклит
С.хориодит
Д.жіті конъюктивит
Е.көру жүйесінің невриті
Достарыңызбен бөлісу: |