|
Вегетативті жүйке жүйесі Орындаған: Қарсыбаев Н
|
бет | 1/3 | Дата | 14.10.2023 | өлшемі | 3 Mb. | | #113944 |
| Байланысты: 503473.pptx Вегетативті жүйке жүйесі Орындаған: Қарсыбаев Н. Вегетативті жүйке жүйесі Aвтономды жүйке жүйе: - Ішкі ағзаларды, тамырларды, бұлшықеттерді, бездерді, теріні, орталық жүйке жүйесін иннервациялайды.
- Ішкі орта тұрақтылығын, қаңқа бұлшықеттерінің трофикалық иннервациясын эндокринді және гуморальді регуляциямен сақтап отырады.
- Екі бөлімнен тұрады: симпатикалық және парасимпатикалық.
- Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімінің функциональды әсері ішкі ағзаларға қарама қарсы болып келеді.
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері ВЖЖ: жүйке жасушасынан және өсіндісінен– жүйке талшығынан тұрады. Вегетативті жүйке жасушалары мида және жұлында жинақталып, вегетативті ядроны құрайды. Жоғарыда айтылғандардан басқа ВЖЖ омыртқа жотасы, ішкі ағза маңында және олардың қабырғаларында көптеп орналасқан. Құрылысына қарай: орталық және перифериялық болып бөлінеді: - Орталық бөлім - ( ми және жұлындағы ядро)
- Перифериялық бөлім - (мидан тыс және жұлын айналасындағы құрылымдар)
-вегетативті ганглилер -вегетативті өрімдер Ми және жұлыннан шыққан ВЖЖ преганглионарлы талшық деп аталады. Олар вегетативті түйін жасушасына келеді. Түйіннен ішкі ағзаларды иннервациялайтын постганглионарлы талшық шығады. Вегетативті ганглийлер – перифериялық жүйкелердің макроскопиялық қалыңдаған түрі. Ганглийлерде преганглионарлы талшық постганглионарлыға синаптикалық түрде ауыстырылады. Парасимпатикалық бөлім Парасимпатикалық ядро бас миында (құрамында III ,VII, IX и X жұп нервтері) және жұлынның сегізкөздік бөлімінде орналасады. Краниалды және сакралды бөлімдері бар Краниалды бөлімде мына қүрылымдар болады: (Якубович ядросы - n. accesorius n. III және Перлиа- n. interstitialis n. III): қарашық ұлғаюын бақылау;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|