Аударма вексельдермен коммерциялық қызметтің бірқатар варианттары бар. Сатушы траттаны несиенің мерзімі біткенше ұстап тұрып, одан соң олардың төлеуін талап етуі мүмкін. Бірақ, ол вексельді банкіге белгілі мөлшерде кемітумен сатып, оны кепілдікке қойып, банкіден ссуда алып немесе оны бағалы қағаздар нарығында сатып, дереу ақшасын алуды артық көреді. Қазіргі уақытта жеткізушілер мен алушылардың арасында есептесу түрлерін таңдауда шектеулер жойылған. Кәсіпорындар несиеге өнім жіберу, жұмыстар орындау және қызметтер атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда алушылар мен тапсырысшылар кәсіпорынға тек қана өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құнын емес, оған қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім - коммерциялық несие үшін процентін аударады. Дәл осындай мәмілелерді жасау үшін вексельді пайдалану өте қолайлы.

Мысал
Мысалды қарайық: біздің кәсіпорынның жіберілген өнімі есебінен вексель алдық(ұстадық). Вексельді төлеу және оның жабылу мерзімі келгенше № 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар» шотында дебиторлық қарыз есептеліп тұрады. Бұл жағдайда № 2020 шотқа әрбір вексель бойынша қарызды төлеу мерзімдерге негізделіп, есеп айырысулардың ерекше карточкасын жүргізу ұсынылады. Атап айтқанда, қамтамасыз етілген дебиторлық қарызды төмендегіше белгілеу қажет: 1. Төлеу мерзімі әлі келмеген вексельдермен; 2. Дисконтталған (банкіде есепке алынған)вексельдермен; 3. Төлеу мерзімі өтіп кеткен вексельдермен.