2. Паразидті микроорганизмдердің патогенді факторлары.
3.Көкөніс пен жеміс – жидектерді зақымдаушы микроорганизмдер ерекшелігі.
4. Фитоиммунитет.
Фитопатология
Фитопатология (гр. phyton - өсімдік, pathos - ауру және логия) — өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, аулулар дамуының алдын-алу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы.
Фитопатологияның міндеті - ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдік ауруларын толық жою немесе зиянды әсерін азайтатын әдістер табу.
Фитопатология жалпы фитопатология және жеке немесе арнайы фитопатология деп екіге бөлінеді.
Жалпы фитопатология - аурудың пайда болу себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын, таралуын, өсімдіктердегі анотомиялық-физиологиялық ауытқуларды, иммунитет, карантин сияқты мәселелерді зерттейді.
Арнайы фитопатология - белгілі бір өсімдік түрінің ауруын зерттеп,оны емдеу, аурудан қорғау шараларын қарастырады.
Өсімдіктер ауруларының түрлері
Фитопатологияның бөлімдері
Фитопатологияның бөлімдері: 1.Фитодиагностика – ауру белгілерін жинақ көрсеткіші бойынша тану, ажырату, анықтау;
2.Этиология- пайда болу себептерін (қоздырғышты) анықтау;
3.Этиофитология – жұқпалы аурулардың пайда болу заңдылықтарын зерттейді;
4.Фитопрофилактика – өсімдік ауруларымен күресу жолдарын қарастырады.
Өсімдіктің жұқпалы аурулары және қоздырғыштарына тән ерекшеліктер
Өсімдік ауруларының негізгі ерекшелігі - теңбілдену, шіру, солу, таттану, қаракүйе түйіршіктері сияқты өзгере қоймайтын тұрақты белгілердің болуы.
Фитопатогенді микроорганизмдерге тән қасиет - гетеротрофты қоректену, паразидтік тіршілік ету, бүлдіруші қабілеті патогенділіктің факторларына тікелей тәуелді.