Бағдарламаның құжат форматы автоматты түрде Рисунок1.CDR деп сақталады.
Түстік моделдер. Corel Draw-да әр түрлі түстік моделдер қолданылады:
RGB (қызыл+жасыл+көк) – бейнені экранға шығару үшін;
CMYK (көгілдір+сары+қара+қызғылт) – баспалық өнімді шығару үшін;
HSB (рең+қанықтылық+айқындылық) – өзіндік көркем шығармаларды құру үшін.
сақталған
файл
Жаңа
құжат
құру
Сызғыштар
Стандартты
құрал
саймандар
тақтасы
Терезенің атауы
Меню жолы
Құрал-саймандар
панелі
Түстер
палитрасы
Жылжыту
жолағы
Баспа беті
Corel Draw программасының интерфейсі
Жұмыс өрісі — қолданушы жұмыс жасайтын барлық объектілер көрсетіледі;
Баспа беті — беттің шекарасын көрсетеді, осы шекараның аймағында қолданушы барлық жұмысты жасауға тиісті, баспаға шығару кезінде осы көрсетілген бет қана шығады;
Терезенің атауы — ағымдағы құжаттың ашуын сипаттайды;
Меню жолы (Menu Bar) — CorelDRAW менюін құрайды;
Стандартты құрал-саймандар панелі (Standard) — меню пунктінен жиі қолданылатын пункттерді сипаттайды;
Құрал-саймандар панелі (Toolbox) — объектілерді құру үшін және эффектілерді қолдану үшін сипатталатын негізгі құрал-саймандар панелі;
Бетпен басқару - ағымдағы редакторланып жатқан құжат бетінің тез ашылу навигациясының тобы;
Сызғыштар — курсор мен объектінің позициясын нақты анықтау үшін берілген тігінен және көлденеңінен берілген сызғыштар;
Жылжыту жолағы - қолданушының жұмыс аймағын көрсететін жылжыту үшін қолданылады;
Түстер палитрасы - үнсіздік бойынша жұмыс аймағының оң жағында түстер палитрасы жинақталады;
Жағдайлар жолы (Status Bar) - маустың бағыттауышын көрсететін қалыптың ақпаратын және басқа да ақпаратты береді.
CorelDRAW интерфейсі келесі элементтерден тұрады:
Файл (File) — құжаттарды басқару командаларынан тұрады және сонымен қатар құжатты құру және ашу, сақтау сияқты командаларды орындайдын меню болып табылады;
Жөндеу (Edit) — объектілермен нақты жұмыс жасауды қалыптастыратын командалар менюі болып табылады;
Түр (View) — құжаттың түрін анықтайтын командалар жиынтығынан тұрады;
Макет (Layout) — беттің параметрін реттейтін таңдаулар бөлімі орналасқан, сонымен қатар бетті жою және қою командалары жинақталған;
Реттеу (Arrange) — объектілермен әртүрлі операцияларды орындау командаларынан тұрады;
Меню жолы келесі командалардан тұрады:
Эффекттілер (Effects) — арнайы эффектілердің жиынтығынан тұрады;
Растрлық кескін (Bitmap) — осы менюде растрлық бейнемен жұмыс жасайтын командалар тізімі жинақталған;
Мәтін (Text) — аталған меню сұхбаттасу терезесіне мүмкіндік алуды қамтамасыз етеді және мәтінмен басқару командаларына мүмкіндік береді;
Сервис (Tools) — бағдарламаның параметрлерін реттеу үшін командаларды жинақтауға арналған.;
Терезелер (Window) — ашылған құжаттар терезесінің кескінделуін басқару үшін сипатталады;
Анықтама (Help) — CorelDRAW анықтамалар жүйесін ашуға көмектеседі.