Файл (File) — құжаттарды басқару командаларынан тұрады және сонымен қатар құжатты құру және ашу, сақтау сияқты командаларды орындайдын меню болып табылады;
Жөндеу (Edit) — объектілермен нақты жұмыс жасауды қалыптастыратын командалар менюі болып табылады;
Түр (View) — құжаттың түрін анықтайтын командалар жиынтығынан тұрады;
Макет (Layout) — беттің параметрін реттейтін таңдаулар бөлімі орналасқан, сонымен қатар бетті жою және қою командалары жинақталған;
Реттеу (Arrange) — объектілермен әртүрлі операцияларды орындау командаларынан тұрады;
Меню жолы келесі командалардан тұрады:
Эффекттілер (Effects) — арнайы эффектілердің жиынтығынан тұрады;
Растрлық кескін (Bitmap) — осы менюде растрлық бейнемен жұмыс жасайтын командалар тізімі жинақталған;
Мәтін (Text) — аталған меню сұхбаттасу терезесіне мүмкіндік алуды қамтамасыз етеді және мәтінмен басқару командаларына мүмкіндік береді;
Сервис (Tools) — бағдарламаның параметрлерін реттеу үшін командаларды жинақтауға арналған.;
Терезелер (Window) — ашылған құжаттар терезесінің кескінделуін басқару үшін сипатталады;
Анықтама (Help) — CorelDRAW анықтамалар жүйесін ашуға көмектеседі.