Жарыс машинасының жылдамдығы. Төмендегі графикте 3 км-лік өр және түсулерсіз, айналмалы тас жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай өзгергендігі көрсетілген.
Сұрақ №1. Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?
Сұрақ №2. Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды?
Сұрақ №3. 2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?
Жарыс машинасының жылдамдығы. Төменде бес түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген.
Сұрақ: Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы мына тас жолдың қайсысымен жүреді?
Жарыстағы орын. Бес оқушы үстел теннисінен жарысқа қатысамыз деп шешті. Бұл жарыста әрбір ойыншы басқа ойыншымен тек бір рет қана кездеседі. Төрт ойынды ұтқан бірінші ойыншы мачта жеңіске жетеді. Барлық матчтарға әрбір ойыншының нәтижелері төмендегі кестеде берілген. Мысалы, А қатары В бағанасынының қиылысындағы көрсетілген нәтиже 3-4 болады, яғни бұл А мен В арасындағы матчта А-3 ойынды жеңгенін, В-4 ойын жеңгенін көрсетеді. Сондықтан В матчта ұтады.
Ойыншылар матчта жеңгені үшін 2 ұпай, ал жеңілгені үшін 1 ұпай жинайды.
Сұрақ: Ойыншы В қанша ұпай жинайды.
Тұрғын үй. Суретте шатыры пирамида пішімдес тұрғын үй бейнеленген. Төменде оқушылар жасаған тұрғын үй шатырының моделі және кейбір кескіндердің ұзындығы көрсетілген.
Бұл моделде шатырдың етегі - ABCD квадрат. Шатыр сүйенетін тіреуіштер, EFGHKLMN тікбұрышты параллелепипедтің пішіні бар бетон блогының қабырғалары болып табылады. Е - АТ қабырғасының орта қыры, F - BT қабырғасының ортасы, G - CT қабырғасының ортасы, H - DT қабырғасының ортасы. Пирамиданың барлық қырлары 12 м тең.
Сұрақ № 1. ABCD квадратының шатыр етегіні ауданын табыңыз.
Сұрақ №2. EF-кескінінің ұзындығын бетон блогының көлденең жағынан табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |