Вернуть доверие к тенге



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.03.2017
өлшемі7,05 Mb.
#9384
түріЗакон
1   2   3   4   5

Завершаем 

модернизацию

Многие площадки ТБО в городе выгля-

дят весьма неопрятно. Часто потому, что 

не хватает контейнеров. Будут ли комму-

нальщики  пополнять их парк?

В.Кузнецов

ТАМАРА  ПЕРОВА,  заведующая    сек-

тором  ГУ  «Отдел  ЖКХ,  ПТ,  АД  и  ЖИ 

г.Шахтинска

»: 

-  В  этом  году  за  счет  бюджетных 

средств  приобретены  30  новых  контей-

неров.  Часть  из  них  установлена  взамен 

выбывших из строя, часть -  использована 

на  оборудование  новых  площадок    ТБО. 

Работники ТОО «Горкомхоз» подремонти-

ровали  некоторые  площадки,  покрасили 

используемые  контейнеры.  В  принципе, 

без  больших  нареканий  справляется  со 

своими  обязанностями    услугодатель  по 

вывозу бытового мусора. И, тем не менее, 

приходится  согласиться  с  горожанами, 

которые критикуют состояние многих пло-

щадок.  Да,  до  порядка  зачастую  далеко. 

Кто-то ленится бросить пакет с мусором в 

контейнер, а кто-то  рядом с ним складиру-

ет строительные отходы,  старую мебель… 

Что получается в результате?  Это можно 

увидеть из окна многих домов.

Одни  возмущаются    состоянием  кон-

тейнерных  площадок,  другие  требуют 

перенести  их  подальше  от  своего  подъ-

езда, третьи  категорически не согласны с 

новым местом дислокации… Понятно, что 

площадку для  сбора мусора не назовешь 

украшением  двора.  И  все  же  без  нее  не 

обойтись.  Выход один: чтобы вид не раз-

дражал, там нужно поддерживать порядок. 

И, в первую очередь, тем, кто пользуется 

ею. Не будет замечаний в адрес жильцов, 

власти с полным правом смогут требовать 

выполнения обязательств со стороны  ус-

лугодателя,  финансировать  ремонтные 

работы,  санитарную  обработку.  Еще  раз 

повторю:  порядок  и  чистоту  можно  под-

держать только общими усилиями.

Только 

общими усилиями

Интересным проектам - 

«зелёный» свет


3

Шахтинский вестник

20 ноября 2015 года № 46

Біздің сұхбат

Бетті дайындаған А.Тұржанов

-  Нұрлан  Үгітайұлы, 

Елбасымыздың  Жолдау-

ында  дуальдік-техникалық 

кәсіби  білім  берудегі 

ұлттық  жүйенің  өзегін 

қалыптастыру тапсырылған 

болатын.  Дуальдік  білім 

беру жүйесі дегеніміз не?

-   Д а м ы ғ а н   е л д е р д і ң 

қатарында саналатын Германия 

және Дания мемлекеттерінде 

дуальдік білім беру жүйесі өз 

нәтижесін  берді.  Олар  жа-

старды  кәсіптік  білім  берудің 

үш  жолымен  даярлап  келеді. 

Бірінші  жолы,  кәсіпорынға 

үйренуші  болып  орналаса-

ды,  әрі  үйрене  жүріп  еңбек 

ақы  алады,  кейіншелік  оның 

еңбекке  түбегейлі  орнала-

суына  мүмкіншілігі  болады. 

Ал  екінші  жолы,  бұл  аралас 

жол  болып  табылады.  Бұл 

жол  сабақ  басталғанға  дейін 

үйренуші  болып  орналасуға 

кәсіпорындардан  келісім  ала 

алмаған оқушыларға арналған. 

Олар  оқу  жылының  басында 

колледжде  білім  алады  да, 

кейін негізгі базалық дағдылар 

бойынша  үйренуші  болып 

орналасуға  кәсіпорындармен 

к е л і с і м - ш а р т қ а   о т ы р а -

ды.Үшінші  жолы,  барлық 

теориялық және практикалық 

сабақтар  оқу  орнының  база-

сында өтеді.Аталған мемлекет-

терде кәсіптік және техникалық 

білім алу, кадрлар даярлаудың 

бірінші және екінші жолы кең 

тараған.  Бұл-дауальдік  білім 

беру жүйесі болып табылады. 

Дуальдік  оқыту-кәсіптік  білім 

берудің басты жолы.

-  «Бәсекеге  қабілетті 

дамыған  мемлекет  болу 

үшін  біз  сауаттылығы 

жоғары  елге  айналуымыз 

керек

»,- деген еді Елбасы-

мыз  Н.Назарбаев.  Қазіргі 

күнде  колледж  жастары 

осы  жүйе  негізінде  қалай 

оқытылуда?

-  Дуальдік  білім  беру 

жүйесі  оқу  ордамызда  2014 

жылдың  тамыз  айынан  бері 

3  кезеңде  жүзеге  асыры-

лып  келеді.  Арнайы  серіктес 

кәсіпорындармен  келісім-

шарт  жасасып,  бүгінгі  күнде 

«Автокөліктерге  техникалық 

қызмет көрсету, жөндеу және 

пайдалану»  мамандағында 

оқып  жатқан  24  студент  осы 

жүйе  негізінде  оқытылуда. 

Д а й ы н д а л ғ а н   м о д у л ь д і 

б а ғ д а р л а м а ғ а   с ә й к е с 

колледжімізде  1-2  курста 

теориялық  білім  беріліп, 

жоғары  курста  олардың 

кәсіби біліктері мен жұмысты 

игерушілігі  кәсіпорындарда 

сыналады.  Автокөліктерге 

қызмет  көрсетудің  қыр-

сыры,  жөндеу  мен  пайда-

лануды  тәжірибелі  маман 

және  шеберлеріміз  оқытып, 

үйретуде.  Егер  теориялық 

білімді  жақсы  меңгерген 

оқушы  ол  әлбетте  прикти-

ка  кезінде  жақсы  нәтиже 

береді деп ойлаймын. Қазіргі 

күнде бірнеше студенттеріміз 

кәсіпорындармен өзара тығыз 

байланыс  орнатқан.  Олар 

өз  болашақтарын  автокөлік 

қызметімен байланыстырғысы 

келеді.  Демек,  бағдарлама 

әсте  нәтиже  беруде.  Бұл 

жүйені  қазір  оқу  орнымызда 

тәжиребелі  маман,  кәсіби 

білім беру бойынша орынба-

сарым  Татьяна  Бобровская 

жүргізіп келеді. 



-Дуальдік  білім  беру 

бағдарламасында  бұдан 

басқа  қандай  мақсаттар 

көзделген? 

- Бұл жүйенің бе-

рер  пайдасы  мол. 

Колледж студенттері 

сапалы  және  кәсіби 

білім  алады.  Сапа-

лы  және  білікті  ма-

мандар  дайындауда 

кәсіпорындармен 

өзара  серіктестігіміз 

нығайады,  келе-

ш е к т е   ж а с т а р ы -

м ы з   ж ұ м ы с п е н 

қ а м т а м а с ы з 

етіледі.  Сондай-

ақ,  бұл  бағдарлама 

ш е т   е л д е р д і ң 

т ә ж і р и б е л е р і н 

пайдалануға  жол 

ашады.  Жастары-

мызды  кәсіби  ма-

ман етіп тәрбиелеуге 

мүмкіндік  береді 

және оларды сол мамандыққа 

қызықтырады.  Сонымен 

қатар, белгілі бір кәсіпке  ба-

улиды.  Және  де  жастардың 

жауапкершілігін  арттырумен 

бірге, кәсіби позициясын да-

мыту көзделген. 



-  Бұл  бағдарламада 

белгіленген мерзім бар ма, 

одан қандай нәтиже күтуге 

болады? 

-Аталған  бағдарлама 

бізде  2014-2017  жылдарға 

белгіленген.  Жүйе  негізінде 

тереңдетіліп оқытылып жатқан 

«Автокөліктерге  техникалық 

қызмет көрсету, жөндеу және 

пайдалану»  мамандағының 

студенттері  тестілеуден 

өткізіліп,  сарапқа  салынады. 

Олардың білімдері колледжде 

ғана  емес,  кәсіпорындарда 

да  сынақтан  өткізіледі. 

Жақсы нәтиже көрсеткендер 

жұмысқа  орналасып  қана 

қоймай, мансаптық деңгейі де 

артады.  Дуальдік  білім  беру 

бағдарламасы  жастардың 

үлкен  зауыт-фабрикаларға 

қызметке  тұруына  септігін 

тигізеді.    Бүгінде  көптеген 

машина  жасау  зауыттары 

дуальдік білім беру жүйесімен 

оқытылған,  арнайы  білімді 

игерген жастарды талап ету-

де.  


-  Дуальдік  білім  беру 

жүйесімен  оқытып  жатқан 

педагог  қызметкерлердің 

біліктілігі жайында не айтар 

едіңіз? 

-  Иә,  білікті  маман  да-

ярлау  –  басты  міндетіміз 

болғандықтан  жастарымыз-

ды  оқытатын  педагогтары-

мыз да білімді болуы қажет. 

Біз  осы  жүйемен  оқытатын 

қ ы з м е т к е р л е р і м і з д і ң 

біліктілігін  арттыруда  ар-

найы  курстарға  жіберіп 

тұрамыз.  Реті  келгенде 

серіктес  кәсіпорындарға  да 

жіберіп,  мамандарының  іс-

тәжирибелерін  үйренуіне 

жағдай жаратамыз. Екі жақты 

келісім  білікті  және  сапалы 

маман даярлауға мүмкіншілік 

береді.  Әрине,  қазіргі  таңда 

машина  жасау  зауыттарын-

да,  кішігірім  кәсіпорындарда  

арнаулы  оқу  орындарын 

тәмамдаған  жастар  еңбек 

етуде.  Соларға  білікті  және 

тәжірибелі  падагогтар  білім 

берген.  Олар  берген  білімді 

дұрыс  игерген.  Сондықтан 

да  аталмыш  бағдарлама 

негізінде  оқытылып  жатқан 

жастарымыз  болашақта 

авткөлік  шығарытын  немесе 

жөндейтін  кәсіпорындарда 

білікті және кәсіби маман бо-

латынына сеніміміз мол. 

- Мазмұнды сұхбатыңыз 

үшін рахмет.

Дуальдік оқыту - білікті маман даярлайды

Елбасымыз  Н.Назарбаев  Қазақстан 

халқына арнаған Жолдауында дуальдік-

техникалық  кәсіби  білім  берудегі 

ұлттық жүйенің өзегін қалыптастыру 

тапсырылған  болатын.  Осыған  орай 

жуырда  тілшіміз  колледждерде  ар-

найы оқытылып келетін дуальдік білім 

беру жүйесі туралы Шахтинск қалалық 

тау-кен  индустриалды  колледжінің 

директоры  НұрлаН  СЕкЕНОвпЕН 

әңгімелескен болатын.

Өткен  қасиетті  жұма  күні  кеншілер 

мәдениет сарайында «Асыл әже» сайысы 

ұйымдастырылды. Кеуделерінен тәрбиенің 

таусылмас қайнар бұлағы төгілген, ұлағаты 

мен  даналығы  ұрпақ  үшін  рухани  азық 

болған барлығы бес асыл әже сынға түсті. 

Әжелердің  арасында  осындай  өзіндік 

маңызы бар шаралар өткізу шаһарымызда 

жоғалмас  дәстүрге  айналды.  Шахтинск 

қалалық  ішкі  саясат  бөлімі,  «Нұр  Отан» 

партиясының  қалалық  филиалы,  әйелдер 

істері  және  отбасылық-демографиялық 

саясат  жөніндегі  қалалық  комиссиясы, 

сонымен  бірге,  көмір  департаментінің 

кәсіподақ  ұйымының  өкілдері  төрешілік 

еткен сайыста ақ жаулықты әжелер өздерін 

слайд-презентация  арқылы  таныстырды. 

Таныстырылымда  әрбір  сайыскер  сүйікті 

немерелері мен ұл-қыздарының ортасында, 

саяхаттарда,    мерекелерде  түскен  фото 

суреттерін көрермендер назарына ұсынды. 

Ш а ғ а р м а ш ы л ы ғ ы   т а ң ғ а л д ы р ғ а н 

әжелердің  арасында  Елена  Донских 

спортшылық,  әншілік  және  бишілік 

қабілетімен  ерекшеленіп,  ән  шырқап, 

сыған биін билеп, сахна төрінде спорттық 

жаттығулар  үлгісін  көрсетсе,  Рысбала 

Тілегенова  немересімен  «Күнім 

болып  тудың  ба»  әнін  орындап, 

көпшіліктің  көңілін  көтерді.  «Бар 

байлығым-  балаларым,  өмірімнің 

мәні  де,  сәні  де  осылар»,-  деп 

ұрандаған  Рысбала  Омарқызы 

перзенттеріне  деген  шексіз  ма-

хаббатын  дәлелдеді.  9  перзент 

тәрбиелеп,  13  немере  сүйген 

Күміс  Абильдина  өнерден  кенде 

емес  екен.  Ол  кісі  қазақ  мәдени 

орталығының  өнерлі  әжелерімен 

б і р г е   х а л ы қ   ә н і н   о р ы н д а п , 

жұртшылықтың қошеметіне бөленді. 

Сәбиля  Әбдікәрімова  «Әлемнің 

жарығын» әнін шырқаса, Бақытгүл 

Нұрасылова  да  өнерпаздығымен 

тәнті етті. 

Ж ү р г і з у ш і л е р   т а р а п ы н а н 

берілген  логикалық,  әсіресе  ком-

пьютер  техникасына  байланысты 

сұрақтарға  әжелер  мүдірместен 

жауап берді. Олар «лайк», «спам», 

«селфи», тағы басқа да сөздердің 

мағынасын  ашып  көрсетіп  берді. 

Ал  ісмерлік,  қолөнершілік  бағытында 

әжелердің тігу, тоқу, аспаздық қабілеттері 

бағаланды. Бірі ою-өрнектерден жасаған 

картиналарын  көрсетсе,    бірі  көз  май-

ын  тауысып,  өз  қолымен  жасаған 

көрпе-жастықтарын  жайды,  енді  бірі 

бауырсақ,  тоқаш,  тағы  басқа  ұлттық 

тағамдарды пісіріп әкеліп, көрермендерге 

ұсынды. Әжелердің сайысқа тыңғылықты 

дайындықпен келгендері көрініп тұрды.  

Сайысты қорытындылаған ішкі саясат 

бөлімінің басшысы Сандуғаш Нұрмағанова 

ұйымдастырылған асыл әжелердің дәстүрлі 

сайысы  жоғары  деңгейде  өткізілгендігін 

атап  өтті.  Сондай-ақ,  ол  мұны  өткізуге 

мұрындық  болған  жастар  ресурстық 

орталығына  да  ризашылығын  жеткізді. 

Сынға  түскен  бүгінгі  заманғы  «совре-

менный»  әжелерге  «өнерлі»,  «ұлағатты», 

«өнегелі»  деген  номинациялар  беріліп, 

бағалы сыйлықтар тарту етілді.  



Сайыс

Әжелер шығармашылығымен 

таңғалдырды

Өткен сенбі күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық 

қазақ драма театрының әртістері ислам дінін терең түсінбеген, 

жат ағымның жетегіне еріп, өзгенің алдауы мен арбауына түсіп 

қалған қазақ жастарының тағдырын шығарма өзегіне айналдырды. 

Қазақтың қаршадай ұлдары мен қыздары ата-анасының тілін ал-

мастан, айтқан ақылын тыңдамастан «байимын, машина, үй сатып 

аламын» деп Сирия еліне кетеді. Арам пиғылды  талибандардың 

алдап  шақырғанын  кеш  түсінген  олар  қанды  шеңгелге  қалай 

түскендерін аңдамай қалады, жауыз содырлардың қақпанынан 

құтылудың жолын іздеп, аласұрады. 

Бірақ, оның ешқандай амалы болмайды. Екі көздері жәудіреп, 

туған  жердің  топырағын,  ата-ананың  аялы  алақанын  аңсап, 

сағынады.  Діни  ағымның  өкілдері  Алла  тағаланың  жолында 

қазақ жастарын қанды қырғын, жазықсыз жандарды қыру, өлтіру 

миссиясын орындауға жұмсайды. Сирия еліне «нағыз мұсылман 

боламыз, балаларымызды мұсылман етіп тәрбиелейміз, қыруар 

ақша табамыз» деп барған  олардың ойлаған армандары жүзеге 

аспайды. Жалған діни ағымның шынайы бет-бейнесін көрсеткен 

бұл спектакль өзгелерді адаспас үшін он ойланып, жүз толғану 

қажет екенін еске салады.

Руханият

Адасқандар

көрерменіне жол тартып, жүрек қылын 

шерткен, бүгінгі күннің болмысын ашып 

көрсеткен  мемлекеттік  сыйлықтың  лау-

реаты, Қр еңбек сіңірген әртісі, драматург 

к.Жұмабековтың  «адасқандар»  драмасы 

шахтинскіліктердің ыстық ықыласына бөленді.


4

Шахтинский вестник

20 ноября 2015 года № 46

Кәсіби мереке

Күзгі шақыру

Бетті дайындаған А.Тұржанов

Құрылыс

Н о в о д о л и н -

ский  кентінде  осы-

м е н   т ө р т і н ш і   ж ы л 

э к о л о г и я л ы қ   т а з а 

көкөніс,  бау-бақша 

дақылдарын  өндіріп 

келетін  «Весна»  диқан-

шаруа  қожалығы  кент, 

қала  тұрғындарының 

талабын  қандырып, 

қ а ж е т т і   а з ы қ - 

түліктермен қамтамасыз 

етуде. 

Бұл шаруа қожалығын жүргізетін 

үш  адам  болғанымен,  оның  негізгі 

басшысы  Махир  Абасов  болып 

табылады.  Оған  көмекші  ретінде 

қолқабыс  ететін  Бабыхан  Али-

ев  пен  Михти  Шаусинов  шаруа 

басшысының берген тапсырмаларын 

мінсіз атқарып, жерді баптап, оның 

жемісін көруде.  Көкініс дақылдары 

жалпы  2,7  га  жер  аумағын  құрап, 

жылыжайда  сақталған.  Мұндай  ірі 

жылыжай  шаһарымыз  аймағында 

бұрын-соңды  болмаған  көрінеді. 

Иә,  жерді  баптаған  жемісін  көреді. 

Кәсіпкер  азаматтар  күндіз-түні  та-

нымсыз  еңбектерінің  арқасында 

отбасылық бизнестерінің тасын өрге 

домалатып келеді. Өз қызметін 2012 

жылы  бастаған  шаруа  қожалығы 

бұған  дейін  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  Шымкент  қаласында 

осындай ірі жылыжайды іске қосып, 

одан тонналап өнім алған екен. 

Кентте  орналасқан 

ж ы л ы ж а й д а   б ү г і н г і 

күнде  қызанақ,  қияр, 

көкөніс егіліпті. Әр жыл-

да 25-30 тонна көкөніс 

дақылдарын  өндіретін 

шаруа  қожалығының 

ө н і м д е р і   ү л к е н 

сұранысқа  ие.  Оның 

өнімдерімен Қарағанды 

қаласындағы  ірі  сау-

д а   о р т а л ы қ т а р ы 

«Корзина»,  «Норма» 

с у п е р м а р к е т т е р і н і ң 

с ө р е л е р і   т о л ы п 

қоймай,  қаламыздың 

және  кенттердің  де 

сауда  дүкендері  мен 

базарларының сөрелері 

т о л ы қ т ы р ы л а д ы . 

Әсіресе, күз мезгілінде 

к е н т   т ұ р ғ ы н д а р ы н а 

қабымен  арзан  бағада 

с а т ы л а д ы   е к е н . 

Бұдан  үш  жыл  алдын 

алғашқы  өнімі  12-15 

тонна  арылығында  болған  шаруа 

қожалығының  көкөніс  өндіру  қуаты 

биыл артқан. 

- Еңбек еткен адам ұтады. Жерді 

баптасаң  ғана  жемісін  көресің.  Біз 

осы  бизнесімізді  1990  жылдан  бері 

жүргізіп  келеміз.  Қазақстанға  сол 

жылдары келгенбіз. Өз тәуелсіздігін 

енді  ғана  алып  жатқан  жас  елдің 

тұралап  қалған  экономикасын 

қалыпқа  келтіруде  кәсіпкерлердің 

қосқан үлесі сол жылдарда ерекше 

болды.  Әсіресе  халықты  көкөніс 

дақылдарымен  қамтамасыз  ету  біз 

үшін үлкен мәртебе еді. Жұртшылық 

еңбегімізге  зор  бағасын  беріп, 

қ ұ р м е т   к ө р с е т у д е .   Ұ л ы   О т а н 

соғысының  ардагерлеріне,  аз 

қамтамасыз  етілген  отбасыларға, 

өзгенің  көмегіне  мұқтаж  жандарға 

Новодолинский  кентінің  әкімдігімен 

біргелікте  қолымыздан  келгенше 

жәрдем көрсетудеміз,- дейді шаруа 

басшысы М.Абасов.

Бүгінде сегізге жуық жұмысшы 

е ң б е к   е т е т і н   а т а л м ы ш   ш а р у а 

қ о ж а л ы ғ ы   к е н т   т ұ р ғ ы н д а р ы н 

ж ұ м ы с п е н   қ а м т ы п   о т ы р .   Б і р 

ж а ғ ы н а н   « Ж ұ м ы с п е н 

қ а м т у - 2 0 2 0 »   м е м л е к е т т і к 

б а ғ д а р л а м а с ы н   ж ү з е г е 

асыруға  атсалысып  келетін 

ш а р у а   қ о ж а л ы ғ ы н а   к е н т 

тұрғындары  дән  риза.  Ша-

руа қожалығының жылыжай-

ында көкөністен бөлек түрлі 

гүлдер  де  отырғызылған. 

Алдағы ақпан айында өнімнің 

к ө л е м і   к е ң е й м е к .   Я ғ н и , 

көктемге  қарай  жылыжайға 

көкөністер  егіліп,    өнімінің 

қ у а т т ы л ы ғ ы   а р т п а қ .   Ұ л ы 

Абай атамыз «Еңбек-қуаныш, 

жалқаулық  арылмас  азап» 

деген  екен.  Еңбекпен,  та-

л а п п е н   қ у а н ы ш - б а қ қ а 

бөленіп  жүрген  еліміздегі 

өзге  ұлттың  өкілдері  сияқты 

қ а з а ғ ы м ы з д ы ң   ө с к е л е ң 

ұрпағы  осындай  еңбекшіл 

болса екен дейміз. 

«Еңбек түбі-рахат», «Жүктің 

ауырын  нар  көтереді»  деген 

сөздер  осындайда  айтылса 

керек.  Еңбегімен  өзін  де,  елді  де 

шаттыққа  кенелтетін  Махир  сынды 

азаматтар  кем  де  кем.    Егін  егіп, 

жерден  нәпақасын  тауып  келетін 

диқан-шаруа  қожалығының  иесін 

үшінші  қараша  ауыл  шаруашылығы 

еңбекшілерінің  кәсіби  мерекесімен 

шын  жүректен  құттықтап,  еңбектің 

жемісін көріңіз дегіміз келеді.          

Халықты өнімсіз қалдырмаймыз

Шахтинск қалалық қорғаныс 

істері  жөніндегі  бөлімі  биылғы 

шақыруды  1  қазан  мен  31 

ж е л т о қ с а н   а р а л ы ғ ы н д а 

жүргізуде.  Статистикалық 

е с е п к е   с ү й е н с е к ,   б ү г і н г і 

күнге  қаламызда  18  бен  27 

жас  аралағында  360  әскерге 

шақырылушы  медициналық 

тексерістен өткізіліпті.  Олардың 

денсаулығы,  саламаттығы 

тексеріліп  қана  қоймай,  руха-

ни,  психологиялық  жағынан 

да дұрыстығы жіті бақыланып, 

мамандар  тарапынан  сұхбат 

жүргізіліпті.

Қазіргі  таңда  Қазақстан 

армиясына денсаулығы мығым 

жастар  ғана  емес,  ақыл-ойы 

дұрыс  қалыптасқан  азамат-

тар  қажет  екенін  Жолдаула-

рында  Елбасымыз,  Қазақстан 

а р м и я с ы н ы ң   қ о л б а с ш ы с ы 

Н.Назарбаев  тілге  тиек  ет-

кен  болатын.  Ел  тәуелсіздігін 

а л ғ а л ы   қ о р ғ а н ы с   і с т е р і 

бөлімдері  қала  және  аудан, 

сондай-ақ, ауыл округтері және 

кент  әкімдіктерімен,  сонымен 

қатар, ішкі істер бөлімдерімен 

біргелікте  тұрғындар  ара-

с ы н д а   н а с и х а т 

жүргізумен  бірге, 

жастарды  шақыру 

у ч а с т к е л е р і н е 

келуін  қаматасыз 

е т у   м і н д е т т е р і н 

орындауда.  Алай-

да,  әскерден  бас 

тартқандарға заңға 

сәйкес қатаң шара 

көрілуде. 

О с ы н д а й 

т и я н а қ т ы   ж ә н е 

ж а н - ж а қ т ы 

ж ү р г і з і л г е н 

ш а р а л а р д ы ң , 

о ң т а й л ы 

а т қ а р ы л ғ а н 

ж ұ м ы с т а р д ы ң 

н ә т и ж е с і н д е 

шахтинскілік  жа-

стар  дер  кезінде 

ш а қ ы р у   у ч а с т к е с і н е н   т а -

былып,  дәрігерлік  көріктен 

ө т у д е .   Ә с к е р г е   ш а қ ы р у 

бөлімшесі  көмекшісінің  айту-

ынша,  бүгінгі  күнге  дейін  13 

шахтинскілік  отан  алдындағы 

борышын  өтеу  үшін  еліміздің 

түрлі  аймағындағы  әскери 

бөлімдерге  жіберіліпті.  Атап 

айтқанда,  шахтинскілік  сар-

баздар  азаматтық  әскери 

б о р ы ш т а р ы н   П р и о з е р с к , 

Саран,  Шымкент,  Өскемен 

қ а л а л а р ы н д а   ө т е у д е . 

Қ а з а қ с т а н н ы ң   Ұ л т т ы қ 

г в а р д и я с ы н ы ң   қ а т а р ы н 

толқтырған  бұл  сарбаздар  

әскери  борышын  аман-есен 

өтеп келген соң қаламыздың 

і ш к і   і с т е р   ж ә н е   ә с к е р и 

бөлімдерде,  тағы  басқа  да 

салаларда  жұмыс  істейтін 

болады.

Е л і м і з д е   ө м і р г е   е н г і з і л г е н 



Моноқалаларды  дамытудың  2012-2020 

жылдарға  арналған    бағдарламасы  өз 

жемісін  беруде.  Бірнеше  жылдан  бері 

шаһарымыздың  көшелерінде  әсіресе 

аяқжолдар салу қалыпты дәстүрге айнал-

ды. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. 

Қыс өтіп, көктем келсе жұртшылық лайлы 

топыраққа, былшыққа бататын еді бұрын. 

Ал қазір бұл шаруа реттеліп, бюджеттен 

бөлінген қаражатқа сәйкес тротуарлар са-

лынуда. Бүгінде қаламыздағы көп қабатты 

тұрғын  үйлердің  жолдары  да  жөнге 

келтіріліп, жаңа бордюрлер қойылуда.  

Шахтинск  қалалық  тұрғын  үй  - 

коммуналдық  шаруашылығы,  жолау-

шылар  көлігі  және  автомобиль  жол-

дары,  сондай-ақ,  құрылыс  бөлімдері 

тарапынан  жолдарды  қайта  жөндеу 

жұмыстары  жүзеге  асырылып  жатса, 

коммуналдық  шаруашылығы  мекемесі 

қала  орталығында  аяқжолдар  салу 

құрылысын  жандандыруда.  Құрылысы 

жақын күнде басталған қалалық халыққа 

қызмет  көрсету  орталығы  мен  орталық 

аурухана  аралығындағы  аяқжол  мекеме 

басшысы  Владимир  Симусовтың  ай-

туынша,  қараша  айының  соңына  дейін 

аяқталады.  Шамамен  1000  шаршы  метр 

өлшемдегі аталмыш аяқжолды салу үшін 

коммуналдық мекемеден 10 жұмысшы, 4 

техника күші жұмылдырылған.

-Күннің  суықтығына  қарамастан 

халыққа  қызмет  етудеміз.  Әрине, 

еңбектің  арқасында  отбасымызды  асы-

рап,  бала-шағамыздың  қамын  жасап 

отырмыз.  Құрылыс  алаңы  маңынан  өтіп 

жатқан  қала  тұрғындары  еңбегімізге 

ризашылықтарын  білдіруде.  Сапалы 

құрылыс  қауіп  тудырмайды.  Осы  күнге 

шейін  салған  аяқжолдарымызға  ешбір  

кісі шағымданып та көрмеген, наразы да 

болмаған.  Көпшілікті  осы  аралыққа  тро-

туар  салынса  екен  деген  ой  мазалайды 

екен.  Міне,  аз  күнде  аяқжол  салынып, 

аяқталады.  Сонан  соң  тұрғындар  осы 

аяқжол  арқылы  орталық  емханаға  да, 

халыққа  қызмет  көрсету  орталығына  да 

аяғы  лайланбастан  баратын  болады,- 

дейді техникамен қызмет көрсетіп жатқан 

коммуналдық  шаруашылығы  мекесінің 

жүргізуші  қызметкері  Дмитрий  Емелкин 

ағынан жарылып. 

Осындай құрылыс жұмысы қаламыздың 

26  орамында  да  жүргізілуде.  Бірнеше 

техника күші және еңбекшілер жұмылған 

құрылыс  жұмыстары  қарқынды  жүруде. 

Ауа райының суықтығына, төпелеп жауған 

қарға  қарамастан  еңбек  етіп  жатқан 

құрыш  қолды  азаматтар  халық  игілігі 

үшін  заманауи  аяқжолдар  орнатамыз 

дейді.  «Ебек  ет,  өзіңді,  отбасыңды  асы-

ра, бала-шағаңның қамын ойла- өзіңе де 

жақсы, үкіметке де жақсы», - деген екен 

кемеңгер ақын атамыз Абай Құнанбаев. 

Ұлы ойшыл данышпан бабамыз айтпақшы, 

отбасын да, үкіметті де ойлайтын осындай 

қазақстандық еңбекшілер көбейе берсін, 

шаһарымыз гүлденіп, өркендей берсін.

Әскерге бару – 

азаматтық парыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет