Вертикальная конденсация гуттаперчи


Гуттаперчаны тік конденсациялау (нығыздау)



бет2/2
Дата15.12.2022
өлшемі23,58 Kb.
#57516
1   2
Байланысты:
Текст Вертикальная конденсация гуттаперчи-1

Гуттаперчаны тік конденсациялау (нығыздау)

Гуттаперчаның тік конденсациялау техникасын 1967 жылы Schilder ұсынған.


Бұл әдіс түбір өзекті гуттаперчамен максималды толтырумен бірге силердің аз мөлшерін пайдалануды қарастырады. Әдіс жақсы өтімді және тік түбір өзектерінде қолданылады.

Техниканыңы орындау шарттары:



  1. Өзек обтурациялау үшін 3 плаггер қажет. Кең плаггермен өзектің сауыттық бөлігінде жұмыс істейді, орта плаггермен – өзектің ортаңғы бөлігінде және жіңішке плаггермен – өзектің апикалды 1/3 бөлігінде.

  2. Қатаю уақыты қысқа және ерігіштігі төмен қасиеттеріне ие цементтерді (силерлерді) қолдану.

  3. Жылытатын плаггерды немесе оның электронды нұсқасын пайдалану.



Өзек обтурациялау кезеңдері:

  1. Өлшемі мастер-файлдың өлшеміне сәйкес гуттаперчалық штифтты таңдайды.

  2. Диагностикалық рентгенограмма арқылы түбір өзектің ішінде штифттің орналасуын дәлелдейді.

  3. Штифтті қысқарту. Кең және тік өзектерде плаггерлер апикалды бөлігіне дейін оңай жетеді, сол себептен гуттаперча апекске қарай жеңіл жылжиды. Сондықтан штифттің апикалды бөлігін 1-2 мм дейін қысқарту ұсынылады. Тар және қисық өзектерде плаггерлер өзектің терең бөліктеріне көп кірмегендіктен, гуттаперчаның жылжуы да қиындайды. Сол себептен өзектің жеткіліксіз обтурациясының қауіпін болдырмас үшін, гуттаперчаны миллиметрдің біршама бөлігіне дейін қысқарту керек.

  4. Плаггерлерді алдын ала шақтап көреді және олардың ену тереңдігін резиналық стопордың көмегімен анықтайды. Плаггерлерді өзек ішіне дентин қабырғаларына тигізбей енгізеді. Әдістің маңызы жұмсартылған гуттаперчаның бетіне максималды тигізіп, оны тік бағытта нығыздау. Сондықтан плаггерді шақтап көргенде, оны дентин қабырғаларына шамамен 1 мм жеткізбей немесе кигізілген стопорды кішкене жылжытып отыру керек. Бұл жағдайда кең плаггер түбір ұшына дейін 15 мм жетпеу керек, орта плаггер – 10 мм, жіңішке – 3-4 мм.

  5. Түбір өзекті жуып-шаю және кептіру.

  6. Өзектолтырғыштың көмегімен түбір өзекке кішкене силердің мөлшерін енгізу және оны қабырғаларына жағу.

  7. Штифттің апикалды 1/3 бөлігін силермен жағу.

  8. Түбір өзекке штифтті енгізу.

  9. Жылытатын плаггердің көмегімен түбір өзек сағасы деңгейінде штифт артығын алып тастау (гуттаперчаны 5-8 С дейін қыздыруына әкелетін бірінші жылу толқыны; бұл жағдай гуттаперчаны конденсациялау кезінде оның деформациясын туғызады).

  10. Қыздырылған гуттаперчаны кең плаггермен апикалды бағытта конденсациялау (гуттаперчаның аспапқа жабыспау үшін алдын ала плаггерді цементтің ұнтағына малып алады). Бұл кезде өзектің орта бөлігіндегі латералды өзекшелердің обтурациясы байқалады.

  11. Жылытатын плаггерді 2-3 сек өзек ішіне енгізіп, екінші жылу толқынды тудырады. Осы манипуляцияны орындау барысында кейін өзек ішінде орта өлшемді плаггерді тереңірек орналастыру үшін, гуттаперчаның кішкене артығы алынуы мүмкін.

  12. Орта плаггермен тік және латералды бағытта басу. Бұл кезде латералды өзекшелер әрі қарай толтырылады.

  13. Жылытатын плаггерді 2-3 сек өзек ішіне енгізіп, үшінші жылу толқынды тудырады.

  14. Түбір ұшына дейін 3-4 мм жеткізбей жіңішке плаггермен қыздырылған гуттаперчаны тік конденсациялау (нығыздау).

  15. Түбір ұшы бөлігін пломбалауды аяқтау – плаггердің көмегімен өзек қабырғаларындағы гуттаперча қалдықтарын алып тастау.

  16. Backpacking – өзекті гуттаперчаның кесілген фрагменттермен (бөліктермен) толтыру, оларды плаггермен суық конденсациясы, жылытатын плаггердің көмегімен қыздыру, конденсация және өзек толтырғанша дейін осы әрекеттерді қайталау.

  17. Өзек толтыруын рентгенологиялық бақылау.

  18. Уақытша пломба. Тұрақты пломбаны қою келесі күні ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет