128
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
міндеттердің де салмағы орасан зор. Себебі
қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі
ғылыми техникалық даму мен жаңару про-
цестері барлық салалардағы өзгерістер үлкен
шығармашылық ізденісті, терең біліктілікті,
еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, жан-
жақты дамыған тұлға болуды талап етеді.
Жаңа технологиямен физика пәнін оқытудағы
негізгі мақсат – баланың ашылмаған қабілетін
ашу, дамыта оқыту, белсенділігін, ақпараттық
танымын дамыту, өзіне деген сенімін күшей-
ту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ал
кез-келген технология мұғалімнен терең тео-
риялық білім, үлкен педагогикалық шебер-
лікті, сонымен қатар баланың жан дүниесін
түсінетін психолог болуды талап етеді. Осы
мақсатта елімізде жаңартылған білім беру
бағдарламасы қолға алынып, жүйеге енгізілді.
Білім беру мазмұнын жаңарту бұл білім беру
бағдарламасының мазмұны мен құрылымын,
оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсіл-
дерін қайта қарастыру болып табылады [2].
Білім берудің жаңартылған мазмұнын ен-
гізудің негізінде өзінің бойына ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңірген,
кез келген өмірде кездесетін жағдаятта функ-
ционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілетті
бола алатын адамның үйлесімді қалыптасуы
мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім
беру ортасын құру болып табылады. Заман
талабына сай ұсынылған талаптарға сәйкес
заманауи жоғары оқу орны «білімді тұлғаны»,
яғни білімі, іскерлігі мен дағдысы қалыптасқан
жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеліп
қалмай, белсенді және шығармашылықпен
ойлана алатын, ақыл-ойлы және жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны өмірдің өзгерістері-
не дайын болуға бағыттауға тиіс. Яғни, білім
ордасындағы білім берудегі жаңа моделінің
құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Білім ордасын-
да нені оқу керек?» емес, «Білім ордасында не
үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрі-
стелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: