УДК 636.082 Ж.Т. Кулбергенов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
С.Қ. Әбен, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі
Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.)
E-mail: zholan_tz@mail.ru
Павлодар облысындағы «Маяк» шаруа қожалығындағы симментал тұқымды мүйізді ірі қара малдарды асылдандыру және оларға ғылыми-консалтингтік сүйемелдеу қызметін жүргізу Аннотация. Бұл мақалада Павлодар облысының «Маяк» шаруа қожалығындағы сүті-етті аралас бағыттағы асыл тұқымды симментал тұқымды мүйізді ірі қара малдарды асылдандыру және осы малдарға ғылыми-консалтингтік сүйемелдеу қызметін жүргізудің нәтижелері келтірілген. Түйін сөздер: асыл тұқым, тектік қор, аталық бұқа, мүйізді ірі қара мал, бұзаулар және бақылап сауу. Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы - дүние жүзінде ең кең тараған мал шаруашылығының
саласы. Сүт, ет, былғарылық тері өңдірудің негізгі көзі. Сүт тағамдарының 90 % сиыр сүтінен,
тұтынатын еттің 40-44 % сиыр етінен өңдіріледі. Қазақстаңда мүйізді ірі қара мал өсірумен ежелден
айналысқан. Қазіргі уақытта да елімізде жетік дамыған мал шаруашылығының саласы. Мүйізді ірі қара
мал шаруашылығы сүтті, сүтті-етті және етті бағыттарға бөлінеді. Сүтті бағыты суармалы дала мен тау
бөктерінде, ірі қалалар мен өндіріс орталықтарының төңірегінде шоғырланса, етті бағыты –
табиғи жайылымы мол шөлейтті дала, шөлді аймақтарда дамыған [1; 2].
«Маяк» шаруа қожалығы да сүті-етті аралас бағыттағы асыл тұқымды симментал мүйізді ірі қара
малды өсіруімен шұғылданады. 2012 жылғы 12-ші қаңтардағы № 540-Iv «Қазақстан Республикасында
асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңында, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында
қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерi белгiленіп, асыл тұқымды
малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын
жақсартуға бағытталған. Осы Заңның 28-2 бабына сай, ірі қара малдың қара-ала голштин, алатау,
симментал, әулиата, қырдың қызыл тұқымдарын өсіру бойынша Республикалық палатасы құрылып,
палатаның мәліметі бойынша 2013 жылғы наурыз айының 28-ші жұлдызында «Маяк» шаруа
қожалығында 1212 бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 297 бас сиыр, 561 бас ұрғашы бұзау және 354 бас
еркек бұзаулар тіркелген болатын. Аталмыш мүйізді ірі қара малдардың асыл тұқымды дәрежелерге ие
болу үшін, барлық аналық бас мүйізді ірі қара малдардың мәліметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі тарапынан орталықтырылған (ИАС) информациялық аналитикалық жүйеге
енгізілу қажеттілігі туындалып осы жүйеге енгізілді.
Оларды енгізуге: сиырлар үшін - құжаттық мәліметтері, өзіндік өнімділігі, егер буаздылығы мәлім
болса қашан ұрықтандырылғандығы, ата-аналарының қатарынан үш жылдық өнімділіктерінің
көрсеткіштері; қашарлар үшін- құжаттық мәліметтері, ұрықтандырылғандығы, ата-аналарының
қатарынан үш жылдық өнімділіктерінің көрсеткіштері; бұзаулар үшін- құжаттық мәліметтері, ата-
аналарының қатарынан үш жылдық өнімділіктерінің көрсеткіштері; бұқалар және бұқашалар үшін-
құжаттық мәліметтері, ата-аналарының қатарынан үш жылдық өнімділіктерінің көрсеткіштері түгелдей
сарапталынып берілді.
Сонымен қатар, сүтті және сүтті-етті мүйізді ірі қара малдарға асылдандыру жұмыстарына заңды
түрде ғылыми және консалтингдік сүйемелдеу қызметін жүргізу үшін ғылыми-зерттеу институттардың
ғалымдарымен шарт жасасу көзделген. Осындай шарт «Маяк» шаруа қожалығы мен Қазақстан
Республикасы, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамына қарасты
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі
шектелген серіктестік арасында жасалынып шаруа қожалығындағы барлық аналық мүйізді ірі қара
малдар бастарына ғылыми тұрғыдан баға берілді:
1. Жасына және жыныстық белгілері бойынша мүйізді ірі қара малдардың табын бойынша
құрылымдылығы анықталды: аталық бұқалар – 0,4 пайыз; сауылатын сиырлар – 26,5 пайыз; қашарлар –
17,2 пайыз; 2 жасқа толмаған ұрғашы бұзаулар – 12,5 пайыз; 2 жасқа толмаған бұқашалар – 10,9 пайыз;
1 жасқа толмаған жас бұзаулар - 24,1 пайыз және бодақылауда тұрған мүйізді ірі қара малдар – 8,4 пайыз.
2. Сүт сауылатын табында төрт көрсеткіш сауылған сүт, сүт ақуызы,майлылығы және
тығыздығыбойынша бақылау сауыны жүргізілді және нәтижесінде майлылығы 3,8 пайыз, ақуыздығы
3,34 пайыз және тығыздығы 29-31 тең 12,1 литр сүт сауылып алынды. Бақылап сауу нәтижесінде